Сабақтың тақырыбы: «Еуразияның климаты, климаттық белдеулері»



Дата17.03.2017
өлшемі63,33 Kb.
#11677
түріСабақ

Мерзімі:

Сынып:7

Пән: География

Сабақтың тақырыбы:

«Еуразияның климаты, климаттық белдеулері»

Сабақтың мақсаты:

Топтық жұмыс жасай отырып,  ең үлкен материктің климат жағдайларының ерекшеліктері жөніндегі білімдерін жетілтіру, шығармашылыққа жетелеу

Міндеті:

  1. Оқушылардың бірлесе оқу машықтарын жетілдіру;

  2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтату арқылы танымдық іс - әрекетке тарту;

  3. Топтық жұмыстағы жауапкершілікті орнықтыру.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Топпен жұмыс, «Миға шабуыл», «Сен маған – мен саған», ДЖИГСО, кестемен жұмыс, кескін картамен жұмыс, Эссе

Табыс критерийі:

1.Оқушылар мәтінмен таныса отырып,ізденіс әрекеттерін дамыта түседі.

2.Климаттық белдеулерді салыстыра отырып меңгереді.

3.Өз ойларын айтады және мағынаны кең түрде ашуға машықтанады.


Сілтеме:

География оқулығы Ә.Бейсенова,К.Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, Ж Достай;  

Сабаққа қажетті көрнекіліктер мен құралдар:

Интербелсенді тақта, слайд көрсетілімдері, карта, бағалау парағы, қима қағаздар



Күтілетін нәтиже:

Топтық жұмыс жасай отырып, оқушылар  ең үлкен материктің климат жағдайларының ерекшеліктерін түсінеді

Сабақтың кезеңі:


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Ресурс

тар мен жабдықтар

І. Ұйымдастыру:
Үй тапсырмасы:

1. Сәлемдесу

2. Балаларды түгендеу.

3. Балалардың назарын сабаққа аудару

4. Оқушыларды топқа бөлу: /сандар арқылы топқа бөлемін/

І топ

ІІ топ


ІІІ топ

Әр топқа төмендегідей сұрақтар беріледі:

І топ

1.Материктің теңіз деңгейінен орташа биікті қанша?



2.Материктің негізін құрайтын платформаларды ата

3.Еуропаның негізгі бөлігін алып жатқан дүние жүзіндегі ірі жазықтарды ата

ІІ топ

1.Материктің ең биік жері және биіктігі қанша?



2.Күрделі тау жүйелерін ата және оның қалыптасуының себебі неде?

3.Еуразияның ең биік сөнбеген жанартауы

ІІІ топ

1.Күшті жер сілкінулер қай белдеуде көрініс табады?



2.Еуразияның пайдалы қазбалары түзілу жағынан қанша топқа бөлінеді?

3.Тас көмір Еуропаның қай бөлігінде жақсы өндіріледі?




Оқушылар сәлемдеседі;

Әртүрлі сандар жазылған қима қағаздар арқылы топқа бөлінеді;


Допты тосып алған оқушы қойылған сұраққа жауап береді

Қима қағаздар
Қима қағаз


ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

Білім:


«Сен маған – мен саған» әдісін қолданамын, әр топқа Еуразия тақырыбына байланысты сұрақ қоюды тапсырамын

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды және сұрақтарға жауап береді

Жоқ

Түсіну:


Мәтінмен жұмыс

І топ – Артикалық климаттық белдеу

Субарктикалық климаттық белдеу

Қоңыржай климаттық белдеу

ІІ топ – Субтропиктік климаттық белдеу

Тропиктік климаттық белдеу

ІІІ топ – Субэкваторлық климаттық және Экваторлық белдеу


Әр топ өз тақырыптары бойынша мәтінмен танысып, постерге өз ойларын түсіреді.

постер

Қолдану:

«Кім тапқыр» кестемен жұмыс жасауды тапсырамын, қай топ қандай климаттық белдеуді біледі және анықтамасы

Климаттық белдеулер

Анықтама














































Әр топ климаттық белдеулерді анықтайды.


Қима қағаз

Талдау:


1.Еуразия материгінде не себептен климаттың барлық белдеулері қалыптасқан?

2.Не себептен материктің солтүстік шығысында қыс қаттылығымен ерекшеленеді?

3.Материк бойынша жауын - шашынның мөлшері мен түсуі не себептен әр түрлі болып келеді?

4.Еуразия материгінде алып жатқан таулы аймақтардың климаттқ жағдайлар қалай өзгеріп отыратынына сипаттама бер?

5.Тұрғын үйлердің салынуына климаттың қандай әсері бар?

6.Емдік мақсатқа пайдаланылатын климаттық белдеулерді ата және не себепті?



Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Қима қағаз

Жинақтау:


Кескін картамен жұмыс. Еуразияның климаттық белдеулерін картаға түсіруді тапсырамын.

Кескін картамен жұмыс жасайды

Кескін карта

Қима қағаз



Бағалау

Адам денсаулығына өте пайдалы климаттық белдеуге Эссе жазуды тапсырамын. Сонымен қатар не себепті ол климат туралы жазғанын сұраймын

Оқушылар бір климаттық белдеуге ой толғаныс жазады.

Жоқ

IV Бағалау

Әр топ басшылары өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Бағалау критерийі арқылы бағалау;

Формативті бағалау:





Әр топ берілген стикерлерін санайды, бағалау парағын топ басышысы қортындылап бағалайды,

Стикер , бағалау парағы

V. Үй тапсырмасын беру

Еуразияның климаты

Күнделіктеріне жазып алады

Power Point


Рефлексия:


«Білім ағашы» оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін стикерге жазып кетулерін тапсырамын

Жаңа сабақтан түйген ойлары бойынша өздерінің білімдерін қысқашажазады

Смайлик,стикерлер





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет