Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет60/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар:

– Әр оқушы бір үлестірмелі парақшадан алады.

– Үлестірмелі парақшаларда көрсетілген орындарға қандай дыбыстарды қолданған орынды екенін анықтайды.

– Парақшаны қажетті бағанға жапсырады.

– Жұмысты топ болып талқылайды.

Басқа топтар үшін:

– Әр оқушы қандай жерде қатты сөйлеуге және қандай жерде жай сөйлеу керектігін анықтайды.

– Әркім өз нұсқасын қажетті бағанға жазады.

Алынған нәтижені талқылайды.

Ормандардың барлығында бірдей тып-тыныш болмайтыны туралы айтыңыз. Мысалы, Оңтүстік Америка ормандарында зеңбірек оқтарына ұқсас жемістері бар алып ағаш өсетінін айтып беріңіз. Жел соққанда оның жемістері бір-біріне қатты соғылып, зеңбіректен оқ жаудырғандай гүрсілдеген дыбыстар шығарады екен. Осындай ағаш туралы бейнежазбаны көрсетуге болады.



Жұмыс дәптері бойынша ұсыныстар

53-жұмыс парағы. Дыбыстардың қандай түрлері бар?

Заттың суретін сал. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне қатты және жай дыбыстар шығаратын заттардың суреттерін салады.

54-жұмыс парағы. Ғимараттар

Қоршап сыз. Оқушылар қандай ғимараттарда қатты дыбыстарды, ал қандай ғимараттарда жай дыбыстарды естуге болатынын анықтайды. Оқушыларды мұқият тыңдай отырып, қателік жібергенін байқау, нақтылап, оқушының дәлелін тыңдау, дұрыс түсінуіне көмектесу.

Жауаптар

Адамдар бәсең сөйлейтін орындар: аурухана, театр, мұражай, өнер студиясы.

Адамдар қатты сөйлейтін орындар: стадион, ойын-сауық орталығы.

Қосымша тапсырмалар

Топтарға мынадай жағдаяттарды ойнап көруге

ұсыныс жасау:

1. Анаң ұйықтап жатыр. Сен ағаңмен немесе

апаңмен бірге бір нәрсе туралы талқылауларың

керек.


2. Сен ауырып қалған досыңның көңілін сұрап

бардың.


3. Анаң үйде жұмыс істеп жатыр, ал сенің

досыңмен телефон арқылы сөйлесуің керек.

Әр көріністе қалай сөйлесу керек: қатты ма, әлде

жай ма? Мүмкіндігінше әдепті сөйлеу нормалары

мен телефон арқылы қалай сөйлесу керектігі жайлы

талқылау.



сазды аспаптар;

«Табиғи дыбыстар. Таулар» бейнекөрінісі;

зеңбірек ағаш туралы бейнекөрініс.


Сабақтың соңы


Бүгін не үйрендік?

Қандай дыбыс түрлері бар?



Кері байланыс

Бағдаршам әдісі арқылы.


Барлығы түсінікті
Сұрағым бар
Түсінбедім





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін.

Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Зертте. Қандай жерлерде бәсең дыбыстар

қажет? Қандай жерлерде қатты дыбыстар қажет?cұрақтарына жауап беруге қиналған оқушыға жеке қолдау көрсету.




Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Зерттеу барысында оқушылардан сұрақ: «Неге

кейбір орындарда тыныштықты сақтау қажет?

(Адамдар ұйықтап жатады, демалып жатады,

науқастанып тұруы мүмкін, үй жануарлары болуы

мүмкін т.б.) Ондай орындарды қалай бақылау керек?

(Үндемей, ешкімге кедергі келтірмей.) Осылайша

оқушылар айналадағы нысандар, құбылыстар және

үдерістерді зерттеуге қажетті жағдайлар мен

дағдыларды анықтай алады.



Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта

Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар

Сергіту сәттерін ұйымдастыру







Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Дыбыс деген тақырыпқа сарамандық жұмыс

Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

3.5.3.1 Дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы дыбыс қаттылығының қашықтықтан тәуелділігін түсіндіру

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытындылар жасау



Сабақ мақсаттары

Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.

Бағалау критерийлері

дыбыс қуатының әр түрлі болатынын біледі және оны сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар


Дыбыс көздері мен олардың атауларын, қатты бәсең дыбыс сөздерін қолданады.

Құндылықтарды дарыту

еңбек және шығармашылық, қазақстандық патриотизм және жаһандық азаматтық құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, физика.

Алдыңғы меңгерілген білім


Дыбыс көздері мен дыбыстардың таралу жолдарын біледі.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

5 минут

(МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»

Кел, жаныма тұр, сыныптас.

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос!

/оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/

-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.

Терең ғылым сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Ғылымға кіріспе сабағын.

-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?
(Т)Тыңда! Анықта!

Мақсаты:Аспаптар туралы аудио тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын ашу

-Бұл музыкалық аспаптардың қандай ортақ қасиеті бар деп ойлайсыңдар? /бәрі де үн, дыбыс шығарады/

-Ал қандай айырмашылығы бар? Олардың дыбысы туралы не айтуға болады? /кейбір аспаптардың дыбысы қатты, кейбіреулерінің бәсең болады/

-Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?



/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құрастыру.

Интерактивті тақта

Тақтада жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсаты



Сабақтың ортасы
5 минут

5 минут

10 минут

5 минут


5 минут

(МК)Суретпен жұмыс

Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау.

-Балалар, мына аспап қалай аталады?

-Кім домбырада ойнай алады?

-Мынау қай аспап?

-Оны қай жерде көрдіңдер?

-Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер?

-Шертпелі аспаптар, үрмелі аспаптар, ішекті аспаптар және ......



/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

(Т, Қ)Музыкалық аспаптармен жұмыс

Оқушылар топта отырып, кейбір музыкалық аспаптарды көріп,тыңдайды, олардың атын жазады. /Оларда ойнап, қандай және қалай дыбыс шығаратынын анықтайды/.Кестені толтырады.



Қатты дыбыстар

Бәсең дыбыстар



















Бір-бірімен бөліседі.

(МК,Ө,Ұ) Шығармашылық жұмыс

Әртүрлі ыдыстар мен құралдардан аспаптар жасау.





(Ұ)Оқушылармен оркестр құру

Мақсаты: Бәсең және қатты дыбыстарды анықтау, ажырату.

Әртүрлі аспаптарды пайдалана отырып, таныс әуенді ойнату.

-Балалар, қай кезде дыбыс қатты шықты?

-Қай аспаптардың дыбысы қатты?

-Қайсысының дыбысы бәсеңдеу болды?
(Ө,ҚБ)Карточкалармен жеке жұмыс

Оқушыларға жүргізілген тәжірибеден кейін дыбыстың қуатын анықтаулары керектігін ескертіңіз. Оқушыларға әр түрлі қаттылықтағы дыбыстар шығара алатын бірқатар заттарды (мысалы, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар) ұсынып, олардан дыбыс шығаруды және шығатын дыбыстардың қуатын сипаттауды өтініңіз. Мысалы, дыбыс қатты/әлсіз/жуан/жіңішке,т.б. Сонымен қатар естіген дыбыстардың қуатын салыстыруды талап етуге болады. Оқушылардың дыбстың қуатын сипаттай алу дағдысын бағалаңыз.



Тапсырма: Музыкалық аспаптар дыбыстарының қуатын сипатта. Мысалы: қатты/әлсіз, жуан/жіңішке.

Жалпы өзара тексеру өткізіледі.

Музыкалық аспаптардың суреттері

Аудио, https://www.youtube.com/watch?v=ZwnRU45Y0sA Музыкалық аспаптар, А 4 парағы, кесте

Музыкалық аспаптар: барабан камертон, дыбыс ұлғайтқыш пен күріш.

ҚБ карточкалары





Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия: -Қане, балалар!

Оқыдық, салыстырдық.

Тәжірибе де жасадық,

Соныменен сабақта

Не білдік, неүйрендік?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіп, сұрақтарға жауап береді:

- Нені білдім, нені үйрендім?

- Нені толық түсінбедім?

- Қандай жұмысты жалғастыру қажет?

-Сабақтың басында аталған мақсаттарға қол жеткіздім бе?


СМС/хабарлама жазу

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Оқушылар бірге тәжірибе жұмыстарды жасайды, қорытынды шығара алады.




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Дыбыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын еркін атай алады және көрсете алады.Сонымен қоса олардың ерекшеліктерін айта алады.

Қалыптастырушы бағалау, сабақта бақылау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Жуан дыбыстар

Жіңішке дыбыстар







































Жуан дыбыстар

Жіңішке дыбыстар

Бәсең дыбыстар


























































Жуан дыбыстар

Жіңішке дыбыстар






































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет