Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет69/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып



https://www.youtube.com/watch?v=6ml6GgUuiDQ



Сабақ соңы

35-40 минут



Рефлексия:

-Сабақта не маңызды болды?

-Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

-Қандай қиындықтар кездесті?


Бағалау «Жетістік баспалдағы» әдісі бойыншаоқушылар өз орындарын анықтап, өздерін бағалайды.

«Жетістік баспалдағы»

Дифференциация:

Әр топтқа деңгейлік сұрақтар қою арқылы.



Топтық, зерттеу жұмыс барысындағы бақылау арқылы бағалау.

«Жетістік баспалдағы » арқылы өзін-өзі бағалау





Қауіпсіздік ережелері




Пән:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Табиғат физикасы. Жарық. Дыбыс. Жылу. Электрлік. Магниттілік

Күні:

Сынып: 3


Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металдардың магнит арқылы магниттелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.5.6.1 - магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

3.1.2.2 - ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау


Сабақ мақсаттары

Магнит көмегімен түрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу, ақпарат көзінің артықшылығын анықтау

Бағалау критерийлері

  • Магниттің көмегімен түрлі магниттердің магниттелу қасиетін анықтайды

  • Ақпарат көздерін салыстырады




Тілдік мақсаттар

Магнит, «жақсы көру», қоршаған ортадағы атаулар мен терминдер, т.б.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,қазақ тілі, математика

Бастапқы білім


2-сыныпта өткен ақпарат



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин


Психологиялық ахуал қалыптастыру

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ғылымға кіріспе сабағын,

Лезде қағар санамыз.

(Ұ) «Жасырын сөз»

Мақсаты: оқушының қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.

Оқушыларға екінші сыныпта өткен білімдері бойынша сұрақтар қойылады. Сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

-Бұл дененің атауы Кіші Азиядағы таудың атауымен байланысты, аудармасы «жақсы көру» деген мағынаны білдіреді. Бұл дене кейбір металдарды өзіне тарту қасиетіне ие. Бұл не?

/Оқушылар жасырын сөздің «Магнит» екендігін айтады/.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критреийлерін шығару.

слайд


Орта

4 мин


5 мин

3 мин


5 мин

15 минут


2 минут

(Т, Ұ) Постермен жұмыс.

Мақсаты: магнит туралы екінші сыныпта өткен ақпаратты еске түсіру, өзара ақпарат алмасу.

Металдардың магниттелу қабілетін көрсету үшін сабақ басында бұрағыштың қалай магниттелетінін көрсету. Ол үшін бұрағыш пен жолақты магнит аламын. Магниттің шетін бұрағыштың бойымен өткіземін. Міндетті түрде бір бағытта бұрау керек! Магниттеу уақыты қолданылатын магниттің күшіне байланысты.

Тек тоғыз металл магниттеу қабілетіне ие. Олар ферромагнетиктер тобына жатады (Fe (ferrum) – темір). Барлық магниттер темір, кобальт және никельдің құйындысы болып табылады. Мыс, алюминий, алтын және т.б. сияқты металлдар магниттелмейді.

Магниттің екі полюсі бар: солтүстік және оңтүстік. Олар сәйкес көк және қызыл түске боялады. Солтүстік полюс N (north) әрпімен, оңтүстік – S(south) әрпімен белгіленеді. Біртекті полюстер бір-бірінен итеріледі, ал әртекті полюстер тартылады.

-Магнит туралы не білеміз? Берілген тапсырманы орындау барысында оқушылар бірінші және екінші сыныптардағы магниттің қасиеттері жайлы білімдерін жаңғыртады, магниттердің өзара әрекеттесуін тәжірибеде тексереді және сұхбат барысында магниттің полюстерімен танысады.

Оқушыларды топқа (топ саны жұп сан болатындай) бөлу. Оларға оқулықтағы суретке қарап, магнит туралы не білетінін талқылауды тапсыру. Талқылаудан кейін екі топқа бірігіп, бір-бірімен ақпаратпен алмасуды тапсыру. Талқылаудың нәтижесін қорытындылау үшін әр топтан төрт спикерден таңдау. Әр оқушы суреттекөрсетілгенбірсектортуралыайтады. Қалған оқушылар өз тобы өкілінің жауаптарын толықтыра алады. Талқылау кезінде сұрақтар қою:

• Магнит қандай заттарды тартады? (Металл заттарды.)

• Магнит қандай заттарды тартпайды? (Пластмасса, қағаз және т.б.)

• Магниттің неше полюсі бар? (Магниттің екі полюсі бар.)

• Олар қалай аталады? (Солтүстік және оңтүстік.)

• Олар қалай белгіленеді? (Солтүстік «N», оңтүстік «S».)

• Олар қандай түспен боялады? (Солтүстік – көк, оңтүстік – қызыл.)

• Магнит кедергінің арғы жағындағы заттарды тарта ала ма? (Тарта алады, мысалы, шыны, қатты қағаз арқылы және т.б.)

• Магниттердің бір-бірімен әрекеттесетін/ әрекеттеспейтінін тексеріңіздер. (Біртекті полюстар итеріледі, әртекті полюстар тартылады.)

• Магниттің күшін өзгертуге немесе оның магниттік қасиетін жоюға болады ма? (Егер магнитті ұрса немесе қыздырса, оның магниттік қасиеті жоғалып кетеді.)

• Магниттерді қай салада пайдаланады? (Медицинада: МРТ, физиологиялық емдеу; зауыттарда, тұрмыста.)

Топтардың жұмыстарын бақылау, оқушылардың талқылауын мұқият тыңдаймын, топтық жұмыс кезінде енжарлық танытқан оқушыларға сұрақтар қоямын. Бақылау нәтижелерін қалыптастырушы бағалау жүргізуге қолдану.

Мұғалім әрбір топқа магнит туралы не білетіндіктерін еске түсіріп, постер құрастырыруларын сұрайды.

Әрбір топ ұжыммен жазған ақпараттарын бөліседі. Ескеру ақпарттың қайталанбауын қадағалау.
(Ұ) Бейнежазба.

Мақсаты: магнит және оның қасиеті.

Мұғалім оқушыларғабейнежазба бойынша негізгі ақпаратты түртіп алулары, және постерге толықтырып жазуларын (басқа түсті қаламмен) сұрайды.


/Бейнежазбадан соң, әрбір топ өздерінің білген ақпарттарымен бөліседі, айтылған ақпаратқа өзара толықытулар енгізеді.Мұғалім оқушыларды «ынталандыру әдісі» бойынша ауызша бағалайды/.

(О) Оқулықпен жұмыс.

Мақсаты: Магнит туралы ақпарат алу.

Ақпарат көзінің артықщылығы мен кемшілігін анықтау.



  • Балалар, біз қандай ақпарат көздерін қолдандық?

  • Ақпарат көздерінің айырмашылығы неде? Қайсысы тиімдірек болды?Неліктен?

/Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Қорытынды салыстыру нәтижесінде әр түрлі ақпарат көздерін қолдану арқылы, өз білімімізді жан-жақты толықтыруға болатындығын түсіну керек/.
(Т) Зерттеу жасаймыз.

Мақсаты: магниттің күшін анықтау.

Оқушыларға түрлі пішіндегі магниттер мен темір және пластикалық заттар таратылып беріледі.

Тапсырма:


  • Магниттерді қолдана отырып, магнитті тартарын заттарды анықта. Неліктен? Себебін түсіндір.

  • Магниттің күші неге байланысты екенін анықтаңыз.

р\с

Мақсат

гипотеза

ресурстар

жоспар

мерзім

нәтиже











































/Топтық жұмыс аяқталған соң, әр топ өз жұмыстарын қорғайды, өзара толықтырушы сұрақтар қояды, ұсыныстар айтылады/.


  • Қандай денелер магниттелу қасиетіне ие?

  • Магниттің неше полюсі бар? Олар:

  • Егер, екі магнитті бір-біріне оң полюстермен жақындатса, олар не істейді?

  • Қай кезде магнит өз қасиетін жоғалтады?

/Сұрақтарға жауап береді, кері байланыс жасалады/

(Ө, Қ) Проблемалық сұрақ. Анықта.



Мақсаты: магниттің көмегімен металдардың магниттелу қасиетін анықтау.

/Оқушылар өз болжамдарын айтады/.


  • Ендеше, болжамды дәлелдеу үшін тәжірибе жүргізіп көрелік.

Дәл қазір мен сендерге мына тәжірибені жүргізулеріңді ұсынамын. Тәжірибе жүргізу белгілі бір уақыт аралығын қамтидындықтан біз 3-ші тәжірибені жүзеге асырамыз.

3-ші тәжірибе ұжыммен орындалады.



1-тәжірибе:

Қажетті материалдар: шеге, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.


  1. Шегені біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.

  2. Шегені алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.

  3. Не байқадың?

2-тәжірибе:

Қажетті материалдар: алюминийден жасалған кез келген зат, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.

  1. Алюминийден жасалған затты біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.

  2. Алюминий затты алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.

  3. Не байқадың?

Қорытынды: ______________________________________________________



Дескриптор

Білім алушы:

-тәжірибе барысында байқаған үдерісті сипаттайды;

- тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды жасайды

/Оқушыларға нұсқаулық жазылған 2 тәжірибе беріледі де, нәтижесіне дейінгі аралықта 3-ші тәжірибе жүргізіледі/.

3-тәжірибе.

Мұғалім оқушыларға скрепка, магнит және қағазқыстырғыш таратып береді.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, мына скрепкамен қағазқыстырғышты тартуға бола ма?

- Скрепка магниттік қасиетке ие ме?

- Скрепкамен қағазқыстырғышты тарту үшін не істеуге болады?Берілген ресурстарды қолданып, анықта.

/Оқушылар берілген ресурстардың көмегімен скрепканың магниттелу қасиетін анықтауы керек. Егер, оқушылар анықтай алмаса, онда мұғалім скрепканы магнитке үйкеп көрсетеді. Әрі қарай оқушы зерттеуді анықтап, темірдің магниттелу қасиетін түсіндірулері керек. Тәжірибе соңында мұғадім ұжыммен бірлесе отырып, металдың магниттелу қасиетіне тұжырым шығарады/.


(Ө)1-ші және 2-ші тәжірибеге қайта оралу.

Оқушылар тәжірибенің 2 –ші және 3-ші бөлімін орындап, қорытынды жасайды.

Дескриптор бойынша бағаланады, кері байланыс жасалады.

/Мұғалім ұжым оқушыларымен 3 тәжірибе бойынша қорытынды тұжырым шығарады/.

ҚБ тапсырмасын орындату.

-Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек?

Қарапайым тәжірибелер жасай отырып, заттарды магниттеп көр. Нәтижесі бойынша қорытынды жаса.

1-тәжірибе:

Қажетті материалдар: шеге, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.

1) Шегені біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.

2) Шегені алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.

3) Не байқадың?

2-тәжірибе:

Қажетті материалдар: алюминийден жасалған кез келген зат, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш.

1) Алюминийден жасалған затты біраз уақытқа магниттің үстіне қойып қой.

2) Алюминий затты алып, оған қағазқыстырғышты жақындат.

3) Не байқадың?

•Қорытынды:



Мультфильм «Магнит» https://www.youtube.com/watch?v=ZK1kBU0EhWY

Мультфильм «Фиксики. Магнит» https://www.youtube.com/watch?v=zGwBKkMEZ00


Оқулық 74-75 бет

Магнит, метал және пластикалық денелер

Кесте


Шеге, қуаты күшті магнит қағазқыстырғыш

Алюминий, қуаты күшті магнит, қағазқыстырғыш

Скрепка, қағазқыстырғыш, қуаты күшті магнит



Сабақтың соңы

3 минут


Рефлексия
- Маған бүгінгі сабақта ____________қызықты/қызықсыз болды.

Алдағы уақытты __________________білгім келеді.


«Жетістік жолында» өзін-өзі бағалау

«Жетістік жолы»


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады


Сергіту сәті


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.


1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.



1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет