Сабақтың тақырыбы Ғажайып фабрика



бет64/69
Дата14.11.2019
өлшемі29,11 Mb.
#51795
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
жаратылыстану кмж 3 сынып


Электр біздің өмірімізде. Оқушылармен бірге суреттерді қарау.

-Олардың өмірінде осындай жағдай болып көрді ме? Осы суреттерге не ортақ? (Шаштары жан-жаққа ұшып бара жатқандай). Мұндай құбылысты түсіну үшін аталған жайтқа бірнеше минуттан соң қайта оралатынын айту. Сен білесің бе? Оқушыларға янтарьды көрсету. Ол моншақ, сақина, білезік болуы мүмкін.

-Олар бұл тастың қалай аталатынын біле ме? Егер оқушыларға ол таныс болмаса, ол ежелгі ағаштардың қатып қалған шайыры екенін айтып беру. Ал оны теңіз түбінен алады. Ол адамзатқа баяғы замандардан таныс. Фалестің ашқан жаңалығы жайлы аңызды айтып беру. Янтарьды жүнмен үйкеу үдерісі электрлену деп аталатынына, янтарь сөзі грек тілінен аударғанда – «электрон» деген мағынаны білдіретініне назар аудару.

«Янтарь» сөзі грек тілінен аударғанда «электрон» деген мағына береді. «Электр» сөзі осы сөзден шыққан. Электрлену құбылысының ашылуын ежелгі грек аңызымен байланыстырады. Аңыз бойынша, ғалым Фалестің әдемі қызы болған. Бірде ол жіп иіріп отырып, янтарь ұршығын қолынан түсіріп алады. Оны көтеріп, сүртеді де, қайтадан иіре бастайды. Ұршыққа жүннің қылшықтары жабыса береді. Сонда Фалес мұның янтарьмен байланысты екенін түсінеді.

Янтарьдан жасалған заттардың барлығы осындай қасиетке ие. Қолмен үйкесе, олар өзіне шаң мен қылшықтарды тарта бастайды. 1874 жылы инженер Александр Лодыгин «қыздыру шамын» ойлап тапты. Қыздыру қылы ретінде вакуумдық шыны баллонның ішіне орналастырылған көмір жіпшелер пайдаланылды. 1890 жылы Лодыгин көмір жіпшенің орнына сымды ойлап тапты.

Электр батареясының тағы бір аты – «гальваникалық элемент» (италиялық физиолог Гальванидың құрметіне осылай аталған). А.Вольт электр тогы түрлі металдар электрондарының арасында туындайтын химиялық үдерістерден пайда болатынын байқады. Батареяныңпайда болған күні 1880 жылдың 20 наурызы болып саналады.

Содан соң бірінші тапсырмаға қайтып оралу. Шаштың электрленуінің алдында не болғанын нақтылау. (Свитердің, тарақтың, баскиімнің шашқа үйкелуі.)

Инфографикадан тауып көр. Оқушыларды ынталану дәрежесіне қарай топтарға бөлу. Топтарға электр саласында болған маңызды жаңалықтар жазылған парақшаларды таратып беру. Сосын оларға электр құбылысының тарихын бірлесіп көрсетуді тапсыру. Оқушылар материалды оқып, артынан не оқығаны туралы қысқаша хабарлама жасайды. Содан кейін оқушыларға суреттерге қарауды тапсыру. Осы заттардың ойлап табылуы қоғамның дамуында өзгерісті кезең болғанын түсіндіру. Оқушылардан батарея мен шамдарды қашан және қай жерде пайдаланатынын айтып беруді өтіну. Зертте. Зерттеуді топ бойынша өткізген жөн. Әр топ екі кішкене шар, дымқыл майлық, ұсақтап қиылған қағаз, конфетти, жүннен жасалған шалма, мата қиындысын алады.

Зерттеу барысында оқушыларэлектрленудің екі тәсілін (үйкелу мен өткізу) тексеріп, барлық денені электрлендіруге болатынын немесе болмайтынын анықтайды.

Зерттеу жүргізу.

• Шарды жүн қолғаппен үйкеп, конфеттиге жақындату.

• Шарды жібек матамен үйкеп, конфеттиге жақындату.

• Шарды шыт майлықпен үйкеп, конфеттиге жақындату.

• Бір шарды жүн матамен үйкеп, конфеттиге жақындата отырып, электрленгенін тексеру. Оған екінші шарды жақындату (екінші шарға электрді өткізу мақсатында.). Екінші шарды конфеттиге жақындата отырып, оның электрленгенін/электрленбегенін тексеру.

• Сым кесіндісін матамен үйкеп, конфеттиге жақындату.

•Электрленген шарды дымқыл шүберекпен үйкеу. Оның қаншалықты электрленгенін тексеру үшін конфеттиге жақындату.

Зерттеу нәтижесінде оқушылар дымқыл шүберекпен сүрту арқылы дене бойындағы электрді кетіруге болатынын және денені үйкеу не өткізу арқылы электрлендіруге болатынын түсінеді.

Ойлан.

-Олар линолеум төселген еденнің өте тез шаң болатынын байқады ма? Олар қалай ойлайды, неге?» (Линолеум оның үстімен әрі-бері қайта-қайта жүрген кезде электрленеді. Электрлену үйкелуден пайда болады. Сондықтан ол ауадағы шаңды тартады.)

Оқушыларға ұқсас мысалдар ойлап табуды тапсыру. Мысалы, монитордың экранын құрғақ матамен сүрткен кезде, ол да тез шаң болады, ал дымқыл матамен сүрткен соң, ол ұзақ уақыт бойы таза болып тұрады. Үйретілген жылан.

Оқушыларға ойыншық жасауды тапсыру. Суреттерді қарап, оны қалай жасауға болатынын түсіндіру.

Жыланның құлап кетпей сызғышқа тартылуына не әсер етіп тұр? (Электрленудің арқасында). Алдын ала дайындалған жылан шаблонын таратыңыз, оқушылар оны өздері қиып алатын болсын.

Жұмыс дәптері.108-жұмыс парағы.

-Электр қалай ойлап табылды?

Ребус. Оқушылар ребусты шеше отырып, физиканың үлкен бір бөлімінің атауын тауып оқиды әрі бұл сөзді естеріне сақтайды.

Жауап: янтарь

Филворд. Бұл тапсырма тірек сөздерді еске сақтауға бағытталған. Оқушылар электр, янтарь, электрон, батарея, Вольт сөздерін тауып, оларды түрлі түсті қарындаштармен бояйды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет