Ғажайып информатика
Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Ғажайып информатика» атты сайысымызды бастаймыз. Сайысымызға қатысып отырған оқушыларымызға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып информатика»
Сабақтың түрі: Сайыс
Сабақтың мақсаты:
Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ексеріп, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Оқушылардың сұрақтарға жауап берудегі толық ойын қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап ,жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
1. Топ мүшелері топтарын таныстыру.
1-кезең. «Таныстыру». Топ визиткасын қорғау. (Топ аты, төс белгісі, таныстыруы)
1-ші топтың аты-Смайлик
2-ші топтың аты-Интернет
2-кезең. «Сұрақтар патшалығы». Бұл кезеңде әр топқа сұрақтар беріледі. Олар сұрақтарға жауап беру арқылы 5 ұпайдан ұпай жинайды. Жауап бере алмаған жағдайда екінші топ жауап беруге болады.
1-ші топтың сұрақтары
1. Аты бар байттар тізбегі? Жауабы: Файл
2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? Жауабы: Сканер
3. Калькулятордың неше түрі бар? Жауабы: 2 түрі
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? Жауабы: Интерфейс
5. Дүниежүзілік желі? Жауабы: Интернет
6. Windows дегеніміз не? Жауабы: Операциялық жүйе
7. Зиянкес программа? Жауабы: Вирус
2 - ші топтың сұрақтары
1. Компакт-диск оқу құрылғысы? Жауабы: CD ROM
2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? Жауабы: Компьютер
3. Объектілер қоймасы? Жауабы: Қапшық
4. Латынның «information» сөзі нені білдіреді? Жауабы: Ақпарат
5. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? Жауабы: 70 см
6. Жақтаулармен шектелген экрандағы тіктөртбұрышты аймақ? Жауабы: Терезе
7. Бір килобайт қанша байтқа тең? Жауабы: 1024 байт
8. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне? Жауабы: BackSpace
3-кезең. «Белгісіз әлем» Бұл сайыс шарты бойынша әр топқа өздеріне берілген сұрақтарға қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде жауап береді. Бұнда да 5 ұпайдан беріледі.
1-ші топтың сұрақтары
1.Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
Жауабы: Ақпарат-Информация-Information
2. Компьютерге мәтін, текст енгізуге арналған құрылғы.
Жауабы: Пернетақта-клавиатура-Keyboard
3. Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.
Жауабы: кесте-таблица - table
4. Мысыққа ойын керек, ...........бірдеңеге өлім керек.
Жауабы: тышқан-мышка-mouse
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.
Жауабы: енгізу-ввод-enter
2-ші топтың сұрақтары
1. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.
Жауабы: өшіру-удалить-delete
2. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады.
Жауабы: Бос орын-пробел-Proble
3. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ
Жауабы: терезе-окно-windows
4. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады?
Жауабы: Шекара-Граница-Border
5. Өшірілген файлдар қайда сақталады?
Жауабы: себет-корзина-basket
4-кезең. «Жұмбақтар орталығы» Әр топқа үш жұмбақтан беріледі. Осы жұмбақтар информатика пәніне арналған. Бұнда да 5 ұпайдан беріледі.
1-ші топтың жұмбақтары
1.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын.
Жауабы: Тышқан
2.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Жауабы: Кітап
3.Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
Жауабы: Принтер
2-ші топтың жұмбақтары
1.Тетігін басса алаңсыз,
Жазады қағаз, қаламсыз.
Жауабы: Пернетақта
2.Батырманы басасың,
Қажетті файлды ашасың.
Жауабы: Тышқан
3.Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
Жауабы: Компьютер
5-кезең. «Мақал-мәтелдер орталығы» топ мүшелеріне компьютерге қатысты мақал-мәтелдер беріледі. Осы мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде қолданылатын нұсқаларын табу қажет. Мақал-мәтелдер екі топқа ортақ қойылады. 5-мақал
Әр мақалға 1 ұпайдан беріледі.
1.Жігітті компьютеріне қарап, бағала. - Жігітті досына қарап, бағала.
2.Байт биттен құралады- Тенге тиыннан құралады
3.Компьютердің жұмысы иесіне мәлім.- Аттың сыры иесіне мәлім.
4.Вирустан қорыққан, интернетке шықпас.- Шегірткеден қорыққан, егін екпес.
5.Веб – дизайыншының өз еркі, сайтты қалай жасасада,
Білмесең “анықтамадан”- сұра. - Білмесең білгеннен сұра.
6-кезең. «Кім жылдам?» бұл кезеңде берілген торкөздердегі көрсетілген әріптерден жасырылған сөздерді табу. Қай топ неше сөз тапты? Бұнда 1 ұпайдан беріледі.
М
|
Т
|
П
|
Л
|
О
|
Т
|
Т
|
Н
|
О
|
М
|
И
|
Ы
|
П
|
Р
|
Р
|
Т
|
Е
|
И
|
Д
|
Е
|
К
|
Ш
|
Н
|
И
|
Е
|
Е
|
Р
|
О
|
М
|
М
|
Р
|
Қ
|
А
|
Н
|
Т
|
Р
|
Н
|
Н
|
И
|
Т
|
О
|
Н
|
Т
|
С
|
Ө
|
З
|
Е
|
Т
|
Р
|
О
|
П
|
А
|
И
|
Б
|
А
|
Й
|
Т
|
Т
|
Е
|
З
|
Р
|
М
|
В
|
П
|
И
|
К
|
М
|
Е
|
Р
|
Е
|
О
|
Ә
|
И
|
А
|
Р
|
С
|
О
|
Ұ
|
А
|
Ф
|
Ц
|
Т
|
Р
|
И
|
Х
|
Е
|
Д
|
Я
|
Й
|
Л
|
Е
|
І
|
У
|
В
|
Ж
|
Л
|
И
|
Я
|
И
|
Ц
|
С
|
Н
|
С
|
Д
|
А
|
Ь
|
Ф
|
И
|
К
|
А
|
С
|
О
|
Р
|
А
|
Б
|
О
|
Н
|
Е
|
Н
|
Т
|
Жауабы: Жасырылған сөздер: Процессор, тышқан, вирус, мәтін, принтер, байт, пиксель, архив, жад, файл, монитор, модем, интернет, антивирус т.б.
Осымен сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз. Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектеп
Тақырыбы: «Информатика дарабозы»
Өткізген: Садигулова А.
2015-2016 оқу жылы.
1. Microsoft Word мәтіндік процессорын қалай іске қосамыз?
Жауабы: Пуск – Программы- Microsoft office– Microsoft Word
2.Терезенің жоғарғы бөлігіндегі негізгі менюлерді ата?
Жауабы: Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Таблица, Окно, Справка.
3. Құжатты қалай ашамыз?
Жауабы: Барлық құжатты ашу үшін: Файл менюіндегі Ашу командасын таңдаймыз н/е батырманы 2 рет шертеміз.
4. Құжатты қалай сақтаймыз?
Жауабы: Файл менюіндегі Сохранить как командасын таңдаймыз.
5. Курсордың сол жағындағы символды қалай жоямыз?
Жауабы: Backspace
6. Курсордың оң жағындағы символды қалай жоямыз?
Жауабы: Delete
7. Бос жолды енгізу қажет болғанда қай пернені басамыз?
Жауабы: Enter
8. Редакциялау дегеніміз не?
Жауабы: Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру н/е құжаттың мазмұнын түзету.
9. Мәтінді форматтау дегеніміз не?
Жауабы: Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
10. Курсив дегеніміз не?
Жауабы: Курсив сызылымы
11. Microsoft word мәтіндік процессорымен қандай жұмыстар жасаймыз?
Жауабы: Көбіне мәтіндер жазамыз
12. Суретті қалай қоямыз?
Жауабы: Втавка- Рисунок- Картина.
Ү. Сергіту сәті (Жұмбақтар шешу)
1. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз, қаламсыз.
(Компьютер)
2. Мәліметті сұраған
Экранға шығарған.
(Монитор)
3. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
(Сызғыш)
4. Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)
5. Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(Процессор)
6. Батырманы басасың,
Қажетті файлды ашасың.
(Тышқан)
7. Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай – адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
(Компьютер)
ІҮ. Ағаштан жеміс жинаймыз. (Бекіту сұрақтары)
1. Кете неден тұрады?
Жауабы: Баған, жол, ұяшықтар
2. Microsoft Excel де неше баған бар?
Жауабы: 256 баған
3. Microsoft Excel терезесі қалай ашылады?
Жауабы: Пуск – Программы- Microsoft office– Microsoft Excel
4. Microsoft Excel де неше жол бар?
Жауабы: 65 536 жол
5. Microsoft Excel неше ұяшықтан тұрады?
Жауабы: 16 777 216 ұяшық
6. Microsoft Excel де құжатты қалай сақтаймыз?
Жауабы: (Файл – сохранить как)
Достарыңызбен бөлісу: |