Сабақтың ортасы
30 мин
|
ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ
1-оқылым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Т. Әубәкіровтың бала кезі мен ғарышқа ұшқанға дейінгі өмір жолынан не байқадыңдар?
Елбасының Тоқтарға жасаған ұсынынан нені аңғардыңдар?
«Ал, қазағым, сен үшін жануға да, ұшуға да дайынмын!» деген сөздер нені аңғартады?
Тоқтар Әубәкіровтей батыр болу үшін қандай қасиеттер қажет екен?
1-тапсырма. Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық терминдер және ғылыми деректерді жазып шығыңыздар. Сіздерге 1 минут беріледі. 1 минутта көп термин жазған топ жеңімпаз атанады.
2-тапсырма. Оқылым мәтінінен қиысуға 7-8 мысал келтіріңдер.
Дескриптор:
Тақырыпқа сай ғылыми, халықаралық және ғылыми деректерді жазады.
Мәтіннен қиысуға 7-8 мысал келтіреді.
Бағалау. «Оқушылардың қошеметі» әдісі.
ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ.
Оқушылар « ХАБАР NEWS» сайтынан алынған
« Айдын Айымбетов ғарышта бірнеше ғылыми тәжірибе жүргізеді» тақырыбындағы мәтінді тыңдайды.
«Түртіп алу» стратегиясы
Оқушылар тыңдалым тапсырмасын тыңдап отырып, дәптерлеріне ғылыми, халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді жазып алып отырады.
Тапсырма.
Тыңдалым мәтінінен ғылми терминді, халықаралық терминді және ғылыми деректерді түртіп алыңыз.
|