Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері»
Дата 22.08.2017 өлшемі 7,37 Kb. #24204 түрі Сабақ
5-ші сынып Сәндік-қолданбалы өнер Сабақтың тақырыбы: «Филигрань өнері» Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл қаласы. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебі. Бейнелеу өнері және сызу пәңі мұғалімі Тлеукин Куаныш Мажитович. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Филигрань деген көркемдік жұмыстардың бір түрі мен және оның әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Ұжымдық композиция орындау ; Дамытушылығы: Әсемдік талғамдарын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: Өнерге деген қызығушылығын арттыру , шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, топтасып еңбек етуге баулу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі: баяндау, демонстрациялау , топпен жұмыс. Көрнекілігі: үлгілер, слайдтар, эскиздер. Оқу жабдықтары: тақтайшалар, мыс сым, ПВА және «Момент» желімдері, пинцет, гуашь, қылқалам , қайшы, палитра. Техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, дрель. II. Жаңа сабақ: 1) Филигрань өнері туралы мәлімет беру. Бұрынғы заманнан келе жатқан «филигрань» немесе «скань» өнері – көркемдік жұмыстардың бір түрі. «Филигрань» мен «скань» сөздері осы өнердің мағынасын білдіреді. Филигрань - /латын сөзі/ - неден жасалады «Филюм» деген – жіп – «гранум» деген – дән – Скань /орыс сөзі/ - ширату – технология ерекшелігі. Сонымен, филигрань (скань) деген бұршақшаларды және алтын , күміс немесе мыс сымдарды ширатып әр түрлі әсем бұйымдарды жасау. Технология бойынша сымдарды және бұршақшаларды бір-біріне қалайды (олово) ерітіп дәнекерлеп қосады. Слайд бойынша үлгілер көрсетіледі. Филигрань бірнеше түрлерге бөлінеді: а) жазықтық ; ә) бедерлі; б) ойма; в) көлемді; г) өрнекті; д) эмаль. Әр-бір түрінің өзінің ерекшеліктері бар. Біз бүгін өзіміздің шамаларымызға сәйкес шағын композиция орындап көреміз. Жұмыстың әдісі – «бастырма филигрань», немесе «бастырма сым» деп айтуға болады. 2) Жұмыс орындау технологиясы. 1. Жасайтын жұмыстың эскізін салу; 2. Суретті дайындаған негізге (тақтайша, ДВП т.б.) тусіру (көшіру); 3. Мыс сымды қоса ширатып , отқа қыздырып суық суға суытып жұмсарту; 4. Сымдарды тазарту және өңдеп жылтырату; 5. Суреттің контур сызықтарына сымдарды кесіп желімдеу (Момент – желім); 6. Түс шешемі бойынша гуашь және ПВА – желім қосындысымен бояу ; 7. Дайын суреттің бетін лақтау. 3) Сарамандық жұмыс. Оқушылар жұмыс орындау технологиясы бойынша ұжымдық жұмыс жасайды. Әрбір топ өзінің бөлігін орындайды. Мұғалім жұмыс барысында бақылау жасап, балаларға жәрдем көрсетеді және кеңес пен түсінік береді. 4) Қорытындылау және бағалау. Әрбір топтың жұмыстарынан ұжымдық шығарма құрастырылады. Мұғалім қысқаша қорытынды жасап оқушыларға алғысын білдіреді. Әрбір топтың жұмыстары бағаланады. 5) Үйге тапсырма. Жеке жұмыстарының эскизін жасау. Достарыңызбен бөлісу: