Сабақтың тақырыбы: Ғылыми мәліметтерді өңдеу әдістемесі Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата15.05.2020
өлшемі20,46 Kb.
#68810
түріСабақ
Байланысты:
Ғылыми мәліметтерді өңдеу әдістемесі


Сабақтың тақырыбы: Ғылыми мәліметтерді өңдеу әдістемесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Ақпараттарды өңдеу, мәліметті іздеу және таңдау, іздеу әдісі, таңдау критериясы туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық – Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіпке, зейінділікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ 
Көрнекілігі: ДК, дәптерлер, таратпа карточкалар, оқулықтар, нұсқау беру

журналы, презентация (пректорда көрсетіледі), интерактивті тақта.



Барысы: 
1.Ұйымдастыру 
-Сәлеметсіздер ме балалар.
-Оқушылар назарын сабаққа аудару. 
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ақпараттану — ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ ақпаратты

жинақтау, сақтау, іздеу, қайта өңдеу, түрлендіру, таратумен және оны адам қызметінің әртүрлі саласында пайдалануға байланысты мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпаратты жинастыру, өңдеу және тарату мәселелері адам баласының даму тарихының барлық сатысында көкейкесті мәселелердің бірі болып келді. Жазу мен кітап басу ойлап табылғаннан кейін ақпаратты жинастыру мен таратудың жаңа технологиясы жасалды. 20 ғасырдың басында Бельгия ғалымы П.Отле ғылыми құжаттарды жинақтау, өңдеу, сақтау, іздеу мен таратудың кешенін біріктіруді ұсынды. Дегенмен, олардың ақпаратты өңдеу саласына тікелей қатысы болмады. Кейбір жеке өңдеу операцияларын механикаландыру

ешқандай Ақпараттануға елеулі өзгеріс енгізе алмады. Электронды есептеу машинасының

пайда болуы бұл жағдайды түбірімен өзгертті. ЭЕМ-ды жеке есептерді шығаруға пайдаланудан кешенді автоматтандыруға пайдалануға көшу жаңа, негізгі қадам болды. КСРО-да Ақпараттану дербес пән ретінде 50-жылдардың басында қалыптасты. Ал Ақпараттану Қазақстанда 1957 жылы басталды. Сол жылы Қазақстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жанынан ғылыми-технологиялық ақпарат және техника, экономика ғылыми-зерттеу институты ашылды. Ондағы зерттеулердің негізгі бағыттары:

ғылыми-технологиялық ақпарат мәселелерін зерттеу, ақпараттық қызмет көрсету әдістерін

дамытып жетілдіру, автоматты түрде ақпаратты жинау, өңдеу, іздеу, сақтау, тасымалдау.

1991 жылы Қазақстан ҒА-ның Ақпараттану мен басқару институты ашылды. Оның лабораторияларында іргелі зерттеулер “Ақпараттың, басқарудың және ақпараттық жүйелерді жасаудың теориялық мәселелері” және Республикалық ғылыми-технологилық

бағдарлама саласында “ҚР халық шаруашылығын ақпараттандыру” бағдарламалары бойынша жүргізіліп келеді. Ақпаратты іздеу осы институтта қарастырылған іргелі

мәселелердің бірі болды.



Ақпаратты іздеу – құрылымдалмаған құжаттық ақпаратты іздеу процесі және оны іздеу туралы ғылым. Ақпараттық іздеу терминін 1948 жылы алғаш рет докторлық диссертациясында Кельвин Мур енгізген. Аталған термин 1950 жылдан жарияланып, қолданылып келеді. Алдымен автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесі немесе ақпараттық-іздеу жүйесі ғылыми әдебиетте ақпараттық төңкерісті басқару үшін қолданылды. Бірқатар университеттер және кітапханалар ақпараттық іздеу жүйесін кітапты, журналды және басқа құжаттарды алды қаматамасыз ету үшін пайдаланды. Ақпараттық іздеу жүйесінің кеңінен таралуы Интернет желісінің пайда болуымен тығыз

байланысты болды. Орыс тілді пайдаланушыларда Google, Яндекс және Рамблер іздеу

жүйелері пайдаланылады.

Ақпаратты іздеу процес ретінде. Ақпаратты іздеу ретінде құжаттар жиынында (мәтінінде) барлық көрсетілген тақырыпқа арналған, алдын-ала қойылған шартты қанағаттандыратын және қажетті фактілерді, мәліметтерді қамтитын процесс түсіндіріледі. Іздеу процесі жеке тұлғаға қажетті ақпараттарды өңдеу мен беру, жинақтау мен операциялар тізбегін қамтиды. Жалпы жағдайда ақпаратты іздеу төрт кезеңнен тұрады:

-ақпараттық қажеттілікті анықтау және ақпараттық сұранысты қалыптастыру;

-мүмкін болатын ақпараттық массивтер жиынтығын анықтау;

-ерекшеленген ақпараттық массивтерден ақпаратты іріктеу;

-алынған ақпаратпен танысу және іздеу нәтижесін бағалау.

Ақпаратты іздеу түрлері. Ақпаратты іздеу түрлері бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда, толық мәтіндік іздеу, метаберілгендер бойынша іздеу, суреттерді іздеу және т.б. Оларға жеке-жеке тоқталайық.

Толық мәтіндік іздеу – құжаттың барлық құрамынан іздеу. Мысалы, толық мәтіндік іздеу – кез келген интернет-іздеуші, мысалы www.yandex.ru, www.google.com. Алдымен толықмәтіндік ізденіс іздеуді тездету үшін алдын-ала құрылымдалған индекстерді пайдаланады. Толықмәтіндік іздеу индекстері үшін кеңінен таралған технология инвертирленген индекстер болып табылады.

Метаберілгендер бойында іздеу – бұл жүйе қолдайтын құжаттың қандай да бір атрибуты бойынша ізденіс, құжаттың атауы, жасалу күні, өлшемі, авторы және т.б. Мысалы реквизит бойынша іздеу – файлдық жүйеде іздеу диалогы (мысалы MS Windows). Суреттерді іздеу – суреттің мазмұны бойынша іздеу. Іздеу жүйесі фотографияның мазмұнын таниды (пайдаланушымен енгізлген және URL бейнесі қосылған). Іздеу нәтижесінде пайдаланушы оған ұқсас суреттер алады. Осылай Polar Rose, Picollator және

т.б. іздеу жүйелері жұмыс істейді.

Ақпаратты іздеу әдістері қолданылуына қарай бірнешеге бөлінеді. Атап айтқанда:адрестік іздеу, семантикалық іздеу, құжаттық іздеу, фактографиялық іздеу.

Адрестік іздеу - сұраныста көрсетілген нақты белгілері бойынша құжаттарды іздеу процесі. Оны жүзеге асыру үшін, келесі шарттар қажет:

-құжаттың нақты адресінің болуы;

-есте сақтау құрылғысында немесе жүйенің сақтау орнында құжаттардың орналасу

ретін қамтамасыз ету.

Құжаттардың адрестері веб-серверлердің және веб-беттер және библиграфиялық жазбалар элементтерінің адресі және сақтау орнында құжаттарды сақтау адрестері болуы

мүмкін.


Семантикалық іздеу - құжаттарды олардың мазмұны бойынша іздеу процесі.

Шарты:


-құжаттардың және сұраныстардың мазмұнын табиғи тілден ақпараттық-іздену

тіліне аудару;

-құжаттар мен сұраныстарды іздеуді құрастыру;

-іздеудің қосымша шарты көрсетілген сипаттамасын құру.



Құжаттық іздеу - сақтау орнында ақпараттық-іздеу жүйесінің алғашқы құжаттары немесе пайдаланушының сұранысына сәйкесінше екінші құжаттардың мәліметтер қоры.

Құжаттық іздеудің екі түрі бар:

1. Кітапханалық, бірінші құжаттарды сақтауға бағытталған.

2. Библиографиялық, библиографиялық жазба түрінде көрсетілген, құжаттар

туралы мәліметтерді табуға бағытталған.

Фактографиялық іздеу. Ақпараттық сұранысқа сәйкес фактілерді іздеу процесі.



Фактографиялық мәліметтерге құжаттардан алынған, алғашқы сонымен қатар екінші

және пайда болу өзегінен алынған мәліметтер жатады.

Екі түрі ерекшеленеді:

1.Құжаттық-фактографиялық, құжаттан мәтіндік фрагменттерді іздеумен

түсіндіріледі.

2.Фактологиялық (фактілерді сипаттау), табылған фактографиялық логикалық

ақпаратты қайта өңдеу жолымен іздеу процесінде жаңа фактографиялық сипаттамаларды

құруға ұсынады.



IV. Бекіту

Бақылау сұрақтары:

1. Ақпараттану дегеніміз не?

2. Ақпараттық іздеу дегеніміз не?

3. Ақпараттық іздеу түрлерін сипаттаңыз.

4. Толық мәтіндік іздеу дегеніміз не?

5. Метаберілгендер бойынша іздеу дегеніміз не?

6. Ақпараттық іздеудің әдістері



V.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет