Басталуы
5 минут
|
Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Қызыл гүлім-ай» би
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
|
1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
|
Жаңа білім
10 минут
|
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Өмірде практикалық жұмыстарда, әсіресе, ғылыми зерттеулерде физикалық шамаларды өлшеудің дәлдігі аса маңызды орын алады. Өлшеу дәлдігі адамның тәжірибелігіне, пайдаланатын аспабындағы бөліктердің мәніне байланысты болады. Адам тәжірибесінің молдығына қарамастан, өлшеудің аспаптық қатесі немесе жаңылысы үнемі туып отырады. Біз аспаптық жаңылыс деп аталатын өлшеу қателеріне үнемі кездесіп отырамыз.Сондықтан өлшенген физикалық шамалардың мәнін жазғанда оның қандай дәлдікпен орындалғанын да көрсетіп отыру керек.
Өлшеу қатесі аспаптық жаңылыстан басқа әр түрлі себептерге де байланысты болуы мүмкін. Өлшеудің мұқият жүргізілмеуі, аспапты жеткілікті білмеу, өлшенетін аспаптың құбылмалығы – осының бәрі де өлшеу қатесін арттыра түседі. Осыған байланысты қателерді абсолют, салыстырмалы, т.б. деп ажыратады.
Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы аспап бөлігі құнының жартысына тең.
немесе
Мұндағы: a-өлшенетін шаманың мәні. h - өлшеу қателігі.
Т ура тәсіл
Өл шеудің тәсілдері
Жанама тәсіл
Тура тәсілде физикалық шаманың мәні тікелей құралдың көрсетуімен анықталады. Мысалы: уақытты – сағатпен немесе секундомермен, ал ұзындықты сызғышпен анықтайды.
Көптеген жағдайларда физикалық шаманы тікелей өлшеу мүмкін емес. Мысалы, сызғыштың көмегінсіз көлемді тікелей табуға болмайды. Бірақ көлемді дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу арқылы есептей аламыз. Сондықтан бұл амал жанама тәсіл деп аталады. Жанама тәсілдегі есептеулердің дәлдігі өлшеулер дәлдіктеріндей болады.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу – математикалық сауаттылықтың белгісі.Физика мен астраномияда аса үлкен және кіші сандар жиі тура қолданылады. Мысалы, Жер мен Күннің арақашықтығы 150 000 000 км, жарықтың таралу жылдамдығы 300 000 000 м/с, сутегі молекуласының шамасы 0, 000 000 023 см. Сандарды бұлай жазу математикалык есептеулерде бірталай қиындықтар туғызады. Сондықтан өте үлкен немесе кіші санды ықшам жазу үшін оны екі көбейткіштің көбейтіндісі түрінде жазу амалы қолданылады. Әдетте, бірінші көбейткіш - бір таңбалы немесе үтірлі екі таңбалы сан, ал екінші көбейткіш-дәреже көрсеткіші бар 10 саны болып келеді. Мысалы, Күн мен Жердің арақашықтығын мына екі санның көбейтіндісі түрінде жазуға болады:
150 000 000 км =1,5 • 108 км =1,5 • 1011 м.
Мұндағы 1,5 – бірінші көбейткіш, ал 108 немесе 1011 сандары екінші көбейткіштер; 8 және 11 екінші көбейткіштер деп 10 санының дәреже көрсеткіштері деп аталады.
Екінші көбейткішті алу үшін 10 санын өз-өзіне неше рет көбейтуді көрсететіп «п» немесе «т» натурал сандары оның дәреже көрсеткіштері болып табылады:
Мысалы, 103 = 10 • 10 • 10=1000; ( мұндағы n=3) немесе
106 = 10 • 10 • 10 • 10 • 10 • 10=1000 000. ( мұндағы m=6).
Осыған байланысты тіркес сөздердің ондық жүйесі жасалған. Мысалы, кило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан: 1 километр (км) =1000 метр(м); 1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г); 1 киловольт (кВ) =1000 вольт (В)деп жазамыз.
Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде шаршылық және текшелік бірліктерге ауысуды жеңілдетеді.
10 санының дәреже көрсеткішінің натурал сан болуы есептеулердегі көбейту мен бөлу амалдарын орындауды жеңілдетеді. Шынында да, 10nсанын 10m санына көбейтсек, 10n ·10m =10m + n . Ал бөлу амалын орындасақ: 10n :10m =10m - n болады.
10n көбейткіштерін пайдаланып, берілген сандарды ықшамдап жазу арқылы үлкен және кіші сандардың математикалық түрлендірулерін оңайлатуға болады.
Математикада үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуды стандартты жазу деп те атайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |