3. Енді, оқушылар автобустан түсіп, «Иінді таразылар» елімен танысайық. Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.
Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе
Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:
d1=d2 m1g=m2g
m1=m2. Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.
Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.
Ондай таразының тепе-теңдік шарты:
mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
Оқушылар, «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.