Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
|
Бағалау критерийі
|
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
|
Тілдік құзіреттілік
|
Жаңа білім. Жай механизмдер.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
|
Әдіс-тәсілдер
|
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика, қазақ тілі.
|
Алдыңғы тақырып
|
Энергияның сақталуы және айналуы
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы 5 минут
|
Топқа бөлу 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би
|
1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
|
Ортасы
20 минут
|
Білу және түсіну 10 минут
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
«Броундық қозғалыс»
Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
3. Иіндік деген не?
4. Күш иіні дегеніміз не?
5. Күш моменті деген не?
6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?
Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.
|