Басталуы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
|
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
|
Ортасы
10 минут
|
Қолдану
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Дәптермен жұмыс
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Заводтар мен фабрикалардағы станоктар мен машиналар жұмыс істеу үшін, оларды электр двигатальдері қозғалысқа келтіруі керек, ал электр двигательдері электр энергиясын жұмсайды. Автомобильдер мен самолеттер, тепловоздар мен теплоходтар жанғыш отын энергиясының, гидротурбиналар биіктен құлап аққан судың энергиясын жұмсау арқылы жұмыс істейді. Біз өзіміз өмір сүріп, жұмыс істеу үшін өз энергиямыздың қорын тамақ арқылы ауық - ауық жаңар тып толықтырып отырамыз.
«Энергия» терминін 1807 жылы ағылшын ғалымы Юнг енгізген, грек тілінен аударғанда «қозғалыс» дегенді білдіреді. Энергия – ішкі, жылу, ядролық, механикалық болып бөлінеді. Біз бүгін сіздермен механикалық энергиямен танысамыз. «Энергия» деген сөз күнделікті тұрмыста да жиі қолданылады. Мысалы, көп жұмыс істей алатын адамдарды энергиясы, мол, қайратты адамдар деп атаймыз. Энергия дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап беру үшін мысалдар қарастырайық. Сығылған серіппе жазылғанда жұмыс істей алады, мысалы, жүкті көтер алады немесе арбаны итеріп қозғалтады. Жоғары көтеріліп қойылған қозғалмайтын жүк жұмыс істемейді, бірақ егер сол жүк төмен түссе, онда ол жұмыс істейді (мысалы, қазықты жерге қағып жібере алады). Әрбір қозғалыстағы дененің жұмыс істей алатын қабілеті бар. Мысалы, көлбеу жазықтықтан домалаған А болат шар В ағаш цилиндрге соғылып, оны біраз жерге жылжытады. Бұл жағдайда жұмыс істеледі. Егер бір дене немесе өзара әсерлесетін бірнеше дене жұмыс істей алатын болса, онда оларды, энергиясы бар деп айтылады. Энергия - бір дененің қандай жұмыс істей алатындығын көрсететін физикалық шама. Энергияны да жұмыс бірліктерімен, яғни джоульдармен өлшенеді.
Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
|
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.
|
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
|
Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Жұмыс пен энергияның өзара байланысын қандай мысалдар келтіріп көрсетуге болады?
Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?
Энергия дегеніміз не?
Жұмыс пен эенргияның бірліктері қандай?
Энергияның қандай түрлері бар?
Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергия деп қандай энергияларды айтады және олардың қандай ерекшеліктері бар?
|