Білу және түсіну 10 минут
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
«Броундық қозғалыс»
Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
2. Механикалық энергияның сақталу заңын қалай тұжырымдайды?
3. Иіндік деген не?
4. Күш иіні дегеніміз не?
5. Күш моменті деген не?
6. Қандай шарт орындалғанда қозғалмайтын ось төңірегінде айнала алатын дене тепе-теңдікте тұра алады?
Автобуспен саяхатымызды жалғастырайық.
3. Енді, оқушылар автобустан түсіп, «Иінді таразылар» елімен танысайық.
Иінді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
Зертханалық теңиінді таразының жұмыс істеу принципін демонстрациялау.
Таразы тепе-теңдікте тұрғанда бұл күштердің күш моменттері тең болуы керек, яғни немесе
Зертханалық теңиінді таразыда күш иіндері тұрақты шама:
d1=d2
m1g=m2g
m1=m2.
Егер кір тастарының массасы өлшенетін дененің массасына тең болса, онда теңиінді таразы тепе-теңдік күйде болады.
Аса ауыр денелердің массаларын анықтау үшін қолданылатын таразылардың оң және сол иіндері әр түрлі ұзындықта жасалады.
Ондай таразының тепе-теңдік шарты:
mgℓ=MgL, мұндағы m-кір тастарының массасы, М-өлшенетін дененің массасы.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
Оқушылар, «Иінді таразылар» елімен танысып болсақ әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.
4. Жол бойындағы бөгеттің тапсырмасын орындау:
1. Теңиінді таразының тепе-теңдік шарты қалай оқылады?
2.Теңиінді және ондық таразылардың жұмыс істеу принциптерінің өзгешелігі неде?
3. Бір ғана кір тасымен жұмыс істейтін таразы түрі бар ма? Бар болса, оның жұмыс істеу принципі қандай Саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
5. Алдымызда тағы бір елдің барын көріп келе жатырмыз. Енді «Жай механизмдер» елімен танысайық:
Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар механизмдер деп аталады.
Жай механизмдерге мыналар жатады: иіндік, блок, шығыр, көлбеу жазықтық және оның өзге түрлері: сына, бұранда.
d1-жұмысшы күшінің иіні,
d2-жүктің ауырлық күшінің иіні,
Ғ1-жұмысшының жасайтын күші,
Ғ2-көтеретін дененің ауырлық күші.
Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысы күштен сонша есе ұтады.
Әр түрлі иіндіктер тұрмыста жиі қолданылады. Мысалы: Блок дегеніміз-өз осінің төңірегінен айнала қозғала алатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік. Жүк көтергенде айналу осі не жоғары, не төмен қозғалмайтын блокжылжымайтын блок деп аталады (а-сурет).
Жылжымайтын блокты теңиінді иіндік деп қарастыруға болады (ә-сурет).
Жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса, ондай блок жылжымалы блок деп аталады (б-сурет).
В-суретте жылжымалы блок иіндік ретінде көрсетілген. Мұндағы 0-иіндіктің тіреу нүктесі, Р-ауырлық күшінің иіні –АО, Ғ жұмыс істейтін күштің иіні-ВО.
ВО иіні АО иінінен 2 есе артық болғандықтан Ғ күші Р күшінен 2 есе кем. Күш моменттерінің тепе-теңдік шарты бойынша Бұдан: яғни Күштен ұту үшін жылжымалы және жылжымайтын блоктарды бірге пайдаланады (г-сурет).
«Жай механизмдер» елімен танысып болсақ, саясатымызды әрі қарай жалғастырайық.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
|