Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу.
Болжам – ғылыми деректермен негізделген жорамал.
Кез келген болжамның шынайлылығын тек практикалық тәжірибе, яғни эксперимент тексере алады.
Эксперимент – физиканың ең басты зерттеу әдістерінің бірі.
Физикалық эксперимент арқылы бақылаулар жүргізіліп, жаңа деректер жимнақталады; ғылыми болжамдар мен теориялар тәжірибеде тексеріледі. Эксперимент жасау үшін ұқыптылық, нақтылық, дәлдік және жауапкершілік аса қажет.
Эксперимент барысы:
1) эксперименттік жұмыстың тақырыбы; 2) эксперименттің құрал-жабдықтары;
3) эксперименттің мақсаты; 4) эксперимент сұлбасы;
5) эксперимент барысын баяндау; 6) эксперимент нәтижелері; 7) эксперимент қорытындысы.
ІV. Сиқырлы сұрақтар
Топшамалар арқылы:
№1 топшама №2 топшама
Эксперимент дегеніміз………. Болжам дегеніміз………………..
Эксперименттің орындалу реті: Гипотеза дегеніміз…………………..
№3 топшама №4 топшама
Франклин тәжірибесін түсіндір. Теориялық зерттеудің ең жауапты кезеңін жаз
Физикалық теория дегеніміз….. Эксперименет жасауға қажетті қасиеттер
|