Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата05.02.2022
өлшемі282,72 Kb.
#14078
түріСабақ



Мерзімі: 30. 01. 2015 ж.
Сыныбы: 5 «А» сынып.
Пәні: қазақ тілі
Мұғалім: Темирбекова Г.Ж.


Сабақтың тақырыбы: Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік беру. 


2.Тәрбиелік: Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру.


3.Дамытушылық: Алған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІV Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру


V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ой қозғау
Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді еске түсіру. 

Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу) 
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала. Фонетика дыбыстардың жасалу, айтылу, естілу және буын, екпін, интонация мәселелерін қарастырады.

Адамның тілі - дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүре салмайды. Егер сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл қатынас құралы да, пікір алысу құралы да болмас еді.
Тіл дыбыстары сөз ішінде айтылады. Бір дыбыс әлденеше сөздің құрамында қолданыла береді.
Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру 
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу: 
1.Бас, тас, жас, қас, нас 
2.Ескек, кек, ек 
3.Қал- лақ, түс- сүт


Ол үш түрлі сипатта болады.
1.Оның сапалық сипаты
Мысалы: Бас, тас, жас, қас, нас 
Бұл сөздердегі дыбыстардың саны бірдей, бірақ бір дыбыс өзгеше болғандықтан, мұндағы сөздердің мағынасы да әр түрлі болып тұр.
2. Сөздердегі дыбыс санының әр түрлі болып келуі . Ескек, кек, ек 
3.Сөздердегі дыбыстардың орын тәртібі .Қал- лақ, түс- сүт


Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады.


Сөйлеу мүшелері


Сөйлеу мүшелеріне өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады. Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысы да әр түрлі. Соған орай тілдегі дыбыстар да әр түрлі болады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
І топ
Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын малдың, құстың атын жазу
ІІ топ
Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын қаланың, республика аттарын жазу


ІІІ топ Ең аз және ең көп дыбыстан тұратын адам
аттарын жазу.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
133 -жаттығу
* Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып,олардың сөз мағынасына тигізетін әсері туралы айтыңдар.
134 – жаттығу
* Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы
басқа – басқа сөздер жасаңдар
Сергіту сәті
135 –жаттығу
* Метаграммаларды шешу.
Өздерің осындай метаграмма құрастырыңдар
2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.
І деңгей
1.Төмендегі әрбір сөзде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
Астана, тәртіп, жазушы, алтыбақан, кітап, оныншы, нан, кесек, нәресте.
ІІ деңгей
1.Төмендегі дыбыстардан антоним сөздер құра
А,л,ж,т,с,қ,н,б,ы,ұ,і,е,к,и,ө,о,р,ү,з,м,д,г,ш
Үлгі: бар – жоқ.
ІІІ деңгей
1.Төмендегі сөздерге тиісті дыбыстарды қой да, сол сөздерге синоним сөздер жаз.
мы...ты , а...ыс, , қор...ақ, аман..асу, мейірі...сіз, т...з.


VІІІ. Сабақты қорыту:
Екі қатар етіліп жазылған сөздер берілген. Әр сөздің жанында жаңа басқа сөз берілген. Сол жаңа әріп жазылған бір-бірімен қосып тығылған мақал-мәтелді тауып аламыз.
1.Тіршіліктің күші -бірлікте
Қар-қарт
Күш-күші
Елік-ерлік
Уақ-шуақ
Өкіл-өкілі
Баға-балға
Көрініс-көрінісі
Ісі-кісі
Істеп-тістеп-
Өзі-көзі-
Жесе-жеңсе
Ел-кел
Тік-үтік
Аш-шаш
Ек-екі

Аға-баға


Үміт-үміті
Елік-ерлік
Ағанды-алғанды
Із-ізі
Еш-кеш
Аяқ-таяқ
Тік-етік

  1. Бағалау

  2. Үйге тапсырма беру:

1. Фонетика туралы түсінік. Тіл туралы түсінік
2. 236 -жаттығуды орындау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет