Фонематикалық естуді тексеруге арналған ойындар мен ойын тәсілдері
«Тыңда және көрсет». Үстел үстінде дыбысталуы бойынша ұқсас, бірақ мәні бойынша әр түрлі (қас-тәж) сөздерді білдіретін бірнеше сурет жатыр. Логопед ақырын және анық суреттер атауын айтады, ал балалар қажеттісін тауып, логопедке көрсетеді.
«Кім ең байқағыш». Логопед дыбыстар (буындар) қатарын айтады, ал бала зерттелетін дыбыс бар буынды естісе шапалақтап, немесе туды көтеру керек.
«Тыңда және қайтала». Логопед балаға дұрыс дыбысталатын дыбыстардан тұратын 2-3 буынды тіркесті қайталауды сұрайды, мысалы, ба-па, па-бапа. Әр дұрыс жауап үшін балаға фишка беріледі. Содан кейін дұрыс жауаптар саны саналады.
Сөздің буындық құрылымын тексеруге арналған ойындар мен ойын тәсілдері
Олар:
Қарбыз, қолшатыр, құлпынай.
2. Ормандағы жолбарыстар, шалбар, автобус.
3. жапырақ, балапан, боксшы.
4. Логопедтің соңынан сөздерді қайталайды: құрылысшы, транспорт, мереке, шаңғы, аспазшы, домбыра.
Сурет 1
Сурет 2
Сурет 3
Достарыңызбен бөлісу: |