Сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Форма, силуэт, ырғақ, пропорция.
Сабақтың мақсаты.
Білімділілігі:
Оқушыларға эстетикалық талғамға сай , орынды киіну өте маңызды екенін түсіндіру.
Дамытушылығы: оқушыларға үстіңе киген киімдердің, соның ішінде , баскиімнен бастап аяқкиімге дейін сырттай қарағанда тұтас үйлесім тауып тұруы үшін адам костюмнің, ең алдымен, силуэтті сипаттаушы белгілі бір формасын ұстануы керектігі турпалы дамыта оқыту керек.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға қазіргі кезде сән бағытының көптігі соншалықты
тек киімнің сәнділігіне мән беру ғана емес, денебітіміне үйлесім тауып тұратындай киіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Сән туралы альбомдар, слайд.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын түгендеп, үйге берілген тапсырмаға деген дайындықтарын білу.
1.Киім тігуге байланысты қандай әдістерді білесіңдер?
2.Муляждық әдіске сипаттама беріңдер.
3.Киімді модельдеу және конструкциялау дегенді қалай түсінесіңдер?
Жаңа сабақ.
Үйлесімділік және әдемілік ұғымына сән әлемі уақыт өткен сайын өз түзетулерін енгізуі сөзсіз. Бір кездері бір сәнді ұстанып, міндетті түрде сол киімді кию керек болса, қазіргі кезде сәнге жеңіл өзгертулер енгізуге, автордың идеясына өз идеяңды қосып ерекшелендіруіңе болады.Керісінше бір сәнді ғана ұстанып, сол сән бойынша ғана киіну дұрыс емес деп саналады.
Сән, костюм фасоны, түстер үйлесімділігі, матадағы сурет, аксессуарлар дизайны- бұл біздің қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайтын ортақ тіліміз.
Силуэт-денебітімнің сырқы кескіні геомериялық фигуралармен салыстырылады.
Киім формасы адам денесінің табиғи өлшемі мен пропорциясын анықтайтын әртүрлі бөліктерден тұрады.
Пропорциональдық-бұл өлшем мен дене бітім бөліктерінің арақтынасы: аяқ ұзындығы, дене, кеуде, мықын ені,т.б
Ырғақтылықтың –бір элементтің бірдей арақашықтық сайын қайталанып отырады.
Киімнің пропорционалды болуы-ол сымбатты, ұзын бойлы болып көрінуге көмектеседі.
Сабақты қорытындылау.
1.Киім пропорциясы дегенді қалай түсінесіңдер?
2.Өздерің білетін дене пропорциясының типтерін атаңдар.
3.Мезоморфты типке сипаттама беріңдер.
4.Киімнің пропорционалды болуының негізгі ережелерін атаңдар.
Сабақты бекіту.
Сұраққа жауап берген оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.
Үйге тапсырма.
Осы тақырыпты оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |