Өткізілген күні: 08.04.2016ж.
Физика пәнінің мұғалімі: Батыр Жәнібек
Сынып: 9а сыныбы
Сабақтың тақырыбы
|
Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффект құбылысын техникада пайдалану.
|
Мақсаты
|
Пән бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, жалпы түсінік беру, есептерді шығарып үйрену.
|
Міндеттері
|
Білімділік: Оқушыларға фотоэффект ұғымы мен оның заңдарын меңгерту, фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген Генрих Герц пен А.Г. Столетовтің және оны түсіндірген Альберт Эйнштейннің ғылыми еңбегін таныстыру. Тақырыпқа байланысты есептер шығару.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, топпен жұмыс істеуге, өзара бірін-бірі бағалауға дағдыландыру. Өз ойларын еркін, сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздылыққа баулу, ақпараттық мәдениеттілікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Жұмыс нәтижесі
|
Оқушылардың білім деңгей нәтижелерін көре аламыз және оның қаншалықты игергендігін байқауға болады.
|
Сілтеме
|
Оқулық: Физика және астрономия, 9 – сынып, Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Тоқбергенова, Н. Бекбасар
Физика есептер жинағы 9 – 11 сыныптарға арналған, А.П. Рымкевич,
|
Негізгі идеясы
|
Фотоэффект құбылысы, MS PowerPoint бағдарламасы.
|
Қолданылған әдістерімен тәсілдер
|
АКТ. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Диалогты оқыту: сұрақ қою, әнгімелесу; Топтық жұмыс; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Оқытуды басқару және көшбасшылық.
|
Ресурстар
|
Дидактикалық таратпа материалдар, постер, түсті қағаздар, маркерлер, презентация слайды.
|
Сабақ жоспары
|
Ұйымдастыру: сәлемдесу, топқа бөлу.
Сабақ барысы: сын тұрғысынан ойлау ( қызығушылығын ояту, мағынаны ажырату, іске асыру).
Рефлексия (кері байланыс)
Үйге тапсырма
|
Сабақтың типі
|
Блум таксономиясы: білу, түсіну, талдау, жинақтау, қолдану және пысықтау. Тарих пәнімен байланыстыру.
|
Үйге тапсырма
|
Генрих Герц пен Столетовтардың ғылыми жетістіктері жайлы реферат.
39 – жаттығу №2 – 3 есептер.
|
Сабақ барысы:
Ойлауды Блум бойынша жіктеу
|
Мақсат
|
Тапсырмалар түрі
|
Нәтиже
|
Бағалау
|
Критерий-лер
|
Дескриптор
|
Баға
|
Жиын-тық баға
|
Білу
(5 минут)
|
Қызығушылығын ояту.
Үй тапсырмасы: «§47. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дене. §48 Стефан-Больцман заңы. §49 Планк формуласы» тақырыптары бойынша бақылау сұрақтары.
|
Жылулық сәулелену дегеніміз не?
Абсолют қара дене дегеніміз не?
Абсолют қара денеге мысал келтіріңдер!
Стефан-Больцман заңы қалай тұжырымдамалады?
Больцман тұрақтысы неге тең?
Макс Планк гипотезасы қалай тұжырымдалады?
Әр кванттың энергиясы неге тең?
Планк тұрақтысы неге тең?
Фотон дегеніміз не?
Фотон қандай бөлшек?
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді.
|
Білім көлемін зерделеу.
|
Сұраққа толық жауап береді.
|
5
|
|
Сұраққа жартылай жауап береді.
|
4
|
Сұраққа нашар жауап береді.
|
3
|
Түсіну
(16 минут)
|
Мағынаны ажырату.
Окулық мәтінін АКТ қолданып жан-жақты іздену арқылы игерту.
|
Тақырыпты түсіндіру (7 минут)
Видео (2 минут)
Тарих (7 минут)
|
Тақырыптың басты идеясын бір-біріне сұрақтар қою арқылы табу.
|
Тақырыптың басты идеясын табу.
|
Тапсырма толық орындалды.
|
5
|
|
Түсінбеу-шілік болды.
|
4
|
Мүлдем орындай алмады.
|
3
|
Қолдану
(8 минут)
|
Іске асыру. Тақырыпқа сәйкес есептерді шығару.
|
Электронның цесий бетінен шығу жұмысы 1,6·10-19 Дж. Цесий бетіндегі толқын ұзындығы 0,6 мкм болатын сауле түссе, фотон Е0 энергиясы қанша?
Калий үшін электронның шығу жұмысы 3,07*10-19 Дж. Калий үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы қандай?
Тантал үшін фотоэффекттің қызыл шекарасы 0,3 мкм. Электронның танталдан шығу жұмысын анықтаңдар.
Электронның цесий бетінен шығу жұмысы 1,82•10-19 Дж. Цесий бетіндегі жиілігі 4 ПГц болатын сауле түссе, фотон Е0 энергиясы қанша?
|
Алған білімін қолдана отырып тәжірибе жүзінде орындай алады.
|
Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптас-тыру.
|
Қалыптас-қан
|
5
|
|
Толық емес
|
4
|
Қиын
|
3
|
Серігіту сәті (2 минут)
|
Талдау
(5 минут)
|
Бірлік болмай тірлік болмас.
|
Кескін сұлбаны талдап түсіндіру. Флипчартты қорғау.
|
Талдап өз ойларын жеткізу.
|
Пікірталас-қа түсу
|
Диалог құрып қорытынды жасайды.
|
5
|
|
Тек диалог құрайды.
|
4
|
Жұмысқа қатыспайды.
|
3
|
Жинақтау
(3 минут)
|
Тақырыпқа сәйкес тапсырмаларды орындау, ой шешімін табу.
|
Сәйкестендіру тест.
|
Ойланып сәйкестендіреді.
|
Сыни тұрғыдан ойлау
|
Толық жауап берді.
|
5
|
|
Қиналды.
|
4
|
Жауап бере алмады.
|
3
|
Бағалау
(4 минут)
|
Дүниетанымын кеңейту.
|
Сөзжұмбақты шешу.
|
Ойланып жауабын іздейді.
|
Сыни тұрғыдан ойлау
|
Креативті
|
5
|
|
Ойы жүйелі тың ой емес
|
4
|
Жалпыға ортақ ой
|
3
|
Пысықтау
(2 минут)
|
Жаңа тақырып материалдарын жүйелеу.
|
Сұрақ – жауап
|
Кері байланыс
|
Логикалық ойы
|
Креативті
|
5
|
|
Ойы жүйелі тың ой емес
|
4
|
Жалпыға ортақ ой
|
3
|
Үйге тапсырма: 1. Генрих Герц пен Столетовтардың ғылыми жетістіктері жайлы реферат.
2. 39 – жаттығу №2 – 3 есептер.
Достарыңызбен бөлісу: |