§1.№10;№13;№20.
Жаңа материалды меңгерту
Математикалық маңызды және күрделі ұғымдардың бірі – функция ұғымы. Сендер 7-9 сыныптардағы алгебра курсынан элементар функциялармен таныссыңдар. Енді функция ұғымын тереңірек қарастырамыз. Алдымен функция ұғымына қатысты шамалардың түрлеріне тоқталайық. Шамалар тұрақты және айнымалы болып екіге бөлінеді. Тұрақты шамалар абсолют тұрақты және параметр, айнымалылар тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді.
Анықтама. Кез келген жағдайда, тек қана бір сандық мәнді ғана қабылдайтын шаманы абсолют тұрақты шама деп атайды.
Мысалы, кез келген үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең.
Анықтама. Берілген жағдайда ғана тұрақты, толық анықталған сандық мәнін сақтайтын тұрақты шаманы параметр деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |