Алгебрадан 10 сыныптың сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Функцияның қасиеттеріне есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
1. Функцияның қасиеттерін зерттеуге есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой түйіндеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге, көмектесуге үйрету, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ
Сабақты өткізу әдісі: БИС (Биоақпараттану және синергетика) технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялар, ОӘЖС сызбасы, плакат, ООМ( Орынға отырғызу матрицасын)
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын ояту
Ортаға көшбасшыны шақырып сыныпты рухтандыру
ІІ. І цикл
Тақтаға үш сарапшы ОӘЖА( оқу әрекетінің жинақталған амалдары) кестесі бойынша өткен тақырыптарды түсіндіреді.
Терминологиялық дұрыс сөйлеуге көңіл аударылады. Өткен тақырып бойынша мынадай сұрақтарға түсініктеме беріледі.
1.Функцияның анықталу облысы, мәндер жиыны
2.Функцияның нөлдері
3. Функцияның ең кіші оң периодын табу
4. Функцияның таңба тұрақтылық аралықтары
5. Функцияның өспелі, кемімелі аралықтары
6.Функцияның экстремумдары
7.Функцияның тақтығы, жұптығы
Сынып үш деңгейлік тапсырма алады. ТКШ-АКШ-ЖКШ.
Достарыңызбен бөлісу: |