«Ә.Молдағұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Суетова Салтанаттың қысқа мерзімді сабақ жоспары.
19.11.2015ж.
|
1-сынып
|
Әліппе
|
Сабақтың тақырыбы
|
Г дыбысы мен әрпі.
|
Жалпы мақсаттар:
|
Г дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру. Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтауын, логикалық ойын дамыту. Г дыбысы мен әрпінің жазылу ережесін сақтай отырып,таза жазуға үйрету.
|
Сілтеме
|
Әліппе 1 сынып. Алматы «Атамұра»
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Оқушылар алған білімдерін өмірмен ұштастыру. Сурет арқылы сөздер қурастыра отырып, ойларын өрбіту. Оқушының есте сақтау қабілетін бақылау.
|
Негізгі идеялар
|
Сабақтың мазмұнын ашу, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Жұмыс жасау тәсілдеріне ерік беру. Буындап оқуға уйрету.
|
Оқыту әдістері
|
1.Диалог
2.Суретпен жұмыс.
3.Оқулықпен жұмыс
|
І. Топтық жұмыс
ІІ.Жұптық жұмыс
|
Дерек көздер
|
Оқулық, оқыту әдістемесі
|
Көрнекі құралдар
|
1.Тақырыпқа байланысты суреттер.
2.Плакатқа салынған суреттер.
3. Стикер, маркерлер
|
Тапсырмалар
|
1.Топтық тапсырма.
2.Суретпен жұмыс.
3.Дәптермен жұмыс.
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Орындалатын тапсырмалар
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
І.Оқушыларға жағымды ахуал туғызу, көңіл-күйлерін көтеру.
(2 минут)
|
Тілек шоғы
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын,
Сәрсенбінің сәтіндей
Сәтті болсын күнің
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын
|
-амандасады- кезекшілік қызметін атқару ,-сабаққа дайындалу
|
ІІ. Сыныпты топқа бөлу
|
Суреттермен топқа бөлу.
|
Оқушылар топқа бірігеді.
|
ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау
(5 минут)
|
1.«Қарлы кесек» әдісі арқылы сұрақтар қою
2. Кім кінәлі? Мәтінін оқыту
3. Сөз ойла, көп ойла
|
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді.
|
ІV.Топтық жұмыс.
|
Буындардан сөз құрау
|
Оқушылар буындардан сөз құрайды
|
V.Негізгі бөлім
|
1.Жұмбақ жасыру
Газда бар,ауада жоқ
Гүлде бар, жуада жоқ- бұл қай әріп?
2. Оқулықпен жұмыс: Г дыбысымен таныстыру. Бағандағы сөздерді оқып беріп ,сөздікпен жұмыс жасау.
3. Көгершін өлеңін оқып беріп түсіндіру
Сергіту сәтін жасату,
Қане, қанат жазайық,
Көгершінге ұқсайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнамызды табайық
4.Дәптермен жұмыс жасау
|
Оқушылар сыни тұрғыдан ойланып, сурет бойынша әңгіме құрайды.
Дәптерге жазады.
|
Сабақты қортындылау
|
Біз бүгінгі сабақта не істедік? Қандай әріп туралы білдік?
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Бағалау.
|
Мақтау,мадақтау.
|
Тексерілді: ДОІЖО
«Ә. Молдағұлова атындағы № 21 жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Г дыбысы мен әрпі
Сынып жетекшісі: С. Суетова
2015-2016 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |