Сабақтың тақырыбы: г ип ер с іл т е м ел е р және оны практикалық тұрғыдан қолдану



Дата19.04.2024
өлшемі110,5 Kb.
#201055
түріСабақ
Байланысты:
6-сынып-кмж 28


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Мәтіндік құжатпен жұмыс істеу

Педагогтың аты-жөні

Сабиев Б.Т.

Күні




Сынып 6

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Гиперсілтемелер және оны практикалық тұрғыдан қолдану.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



6.2.2.1 сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұны, тақырыптар, түсіндірмелер)
6.4.2.3 Авторға сілтеме жасайтын ақпаратпен ілестіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

«Гипресілтеме» ұғымына анықтама береді

Көптеген оқушылар:

Бір құжаттын үзіндіні басқа құжатқа көшіреді

Кейбір оқушылар:

құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын гиперсілтеме кірістіру командаларын қолданады



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Құжаттың көлемі үлкейген сайын, оның ішінен қажетті ақпаратты жылдам табу керек болады. Мұндай жағдайда құжаттағы қажетті бөлімге жылдам өтіп, оның қатесін түзетуге көп уақыт кетеді. Word мәтіндік редакторында осындай мәселені шешу үшін гиперсілтеме қолданылады.

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.









Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсінідіру.
Гиперсілтеме-құжаттың өзіндегі әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің біріне сілтеме беретін гипермәтіндік құжаттың бөлігі. Сонымен бірге жергілікті дискідегі файлдарға, компьютерлік желіде файл, бума, қосымша, веб-беттерге сілтеме беріледі.
Құрылымы гиперсілтемелер көмегімен ұсынылатын құжаттар мәтіні гипермәтін деп аталады.
Көрсетілім.
Word-та гиперсілтемені іске қосу үшін гиперсілтеме қойығымыз келетін әріп, сөз, сөйлем, абзац немесе графикалық объектілердің бірін ерекшелеп аламыз. Вставка →Гиперссылка командаларын орындаймыз.
Гиперсілтеме кірістіру:

  • Ерекшеленген объектіні сыртқы файл немесе веб-бетпен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні құжаттың ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні жаңадан құрылатын құжатпен байланыстыру.

  • Ерекшеленген объектіні электронды поштамен байланыстыру.

Ерекшеленген объектіні құжат ішіндегі екінші бір орынмен байланыстыру үшін Закладка кірістіруіміз керек.
Гиперсілтемені құжаттан алып тастауыдың бірінші тәсілі-контекстік мәзірден Удалить гиперссылку командасын таңдау. Екінші тәсілі-гиперсілтеме берілген объектіні ерекшелеп, Вставка гиперссылки сұхбат терезесінен адрес жолағындағы сілтемені Удалить ссылку алып батырмасы көмегімен орындау.

Жеке жұмыс. 1- тапсырма.


Оқулық § 4.2-4.3, 113-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы

Дескриптор:


-мәтіндік редакторды іске қосуды біледі;
-мәтіндік редакторда мәтін жаза алады;
-гиперсілтеме кірістіру командаларды пайдаланады;
-құжатты өз атауымен сақтайды.

ҚБ: стикер / 4 балл/


Жеке жұмыс. 2-тапсырма.


Оқулық § 4.2-4.3, 114-бет, 2-тапсырма

Дескриптор:


-мәтіндік редакторды іске қосуды біледі;
-https://kitap.kz/ сайтындағы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романынан үш беттік үзіндіні құжатқа көшіреді;
-әр беттегі бірінші кездесетін сын есімге Закладка қояды;
-Құжат ішінде бір беттен екінші бетке жылдам ауысатын гиперсілтеме кірістіру командаларын қолданады.

ҚБ: стикер / 6 балл/



Мұғалімді тыңдайды
Гиперсілтеме туралы анықтамасын дәптерге жазады

Командаларды жазады


1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды


Стикер
4 балл


Стикер
6 балл



Оқулық

Жұмыс дәптері


компьютер



Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Қажетті сөздер»
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім,
үйрендім, қызықтым, есте сақтадым

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 4.2-4.3, 114-бет, «Үй тапсырмасы»











Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет