Қосымша тапсырмалар.
№1-есепті шығару
Бөлме температурасында судың бір көлемінде 500 көлемге жуық хлорсутек ериді. Ерітіндідегі хлорсутектің массалық үлесін есептеңдер.
№2-есепті шығару
Көкөністерді тұздау үшін тығыздығы 1,06 г/мл натрий хлоридінің 8%-дық ерітіндісін пайдаланады. Көкөністерді тұздау үшін 20 л тұздық дайындауға натрий хлоридінің қанша массасы және судың қандай көлемі қажет?
№3-есепті шығару
Көлемі 1 л теңіз суының құрамында 27,6 г натрий хлориді, 0,8 г калий хлориді, 3,2 г магний хлориді, 2,1 г магний сульфаты, 1,3 г кальций сульфаты бар. Егер 1 л теңіз суын буландырғаннан кейін түзілген қалдықты күкірт қышқылымен өңдесе, хлорсутектің қанша массасын алуға болады?
Достарыңызбен бөлісу: |