Сабақтың тақырыбы Галогендер. Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары



бет1/7
Дата26.12.2021
өлшемі1,19 Mb.
#105951
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Назерке ҚМЖ ГАЛОГЕНДЕР

Пән: ХИМИЯ









Мұғалімнің аты-жөні: Құлпыбай Назерке Қуантқанқызы

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Галогендер.Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау

Галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары



Сабақтың мақсаты

  • Галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін білу

  • Галогендердің формуласына сәйкес кристалдық торы мен байланыс түрін аныктау

  • Топта бойынша галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

Бағалау критерийі

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Формулаға сәйкес кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіреді




Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

  • Фтор,хлор, бром, йод; галогендер;

  • Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш;

  • Ковалентті полюссіз байланыс;

  • Молекулалық кристалдық тор;

  • Фторос, бромос

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

  • Галогендердің периодтық кестегі орны?

  • Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

  • Галогендер қандай агрегаттық күйде болады?

  • Металдық/ бейметалдық қасиеттері топтарда жоғарыдан төмен қарай артады/кемиді, себебі .......

  • Металдық/ бейметалдық қасиеттері периодтарда солдан оңға артады/кемиді, себебі .......…

Оқушылар галогендердің атом құрылысындағы айырмашылықты ажырата алады.

Құндылықтарға баулу


Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы – галогендердің қолданылуымен және биологиялық рөлімен танысқанда экологиялық бағытта жүзеге асады.

Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.



Пәнаралық байланыс

математика, физика, жаратылыстану


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут
6 минут


«Ширату жаттығулары»

М: Оқушылармен амандасу. Сергіту арқылы оқушыларды сабаққа ынталандыру.

«Атомдар мен молекулалар ойыны» әдісі бойынша ортаға шақырып, топқа біріктіремін. Мұғалім оқушыларға бәріміз молекулалар сияқты жалғыз қимылдаймыз дейді. Молекулалар бірігіп-бірігіп, екеу болады, сосын үшеу болады, атомдар түзіледі. Оқушылар молекулалардан атомдар түзілу арқылы 3 топқа біріктіремін.
«Мен кіммін» атты жұмбақтарды шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.

«Сырларым бар химиктерге аян, таба алсаң қасиетімді етем баян» деп жұмбақтарды қоя бастаймын.

1. Мен 1811 жылы француз фабриканты химик-технолог Бернер Куртуа ашты. Атым грекше күлгін, қара көк деген мағына береді. Теңіз орман-жапырағы деп аталатын ламинария балдырының құрамында 0,1-0,6%-мын. Организмдеріңізге мен жетіспесем, бақшаңкөз ауруына шалдығасыздар.



О: Йод

М :-Ия бұл жұмбақтың шешуі «Йод» болады, Йод VІІ топтың негізгі топшасындағы элемент болып табылады деп сипаттама береміз. Келесі жұмбақтың жалғасы:

2. Мен бүлдіргіш элементпін, қ.ж. солғын сары түсті бейметалмын. Өткір иісті улы газбын. Қосылыстарымда бір валенттімін, өте белсендімін, қалыпты температурада көптеген элементтермен әрекеттесемін. Менімен жанасқан кезде натрий, кальций, кремний, күкірт, фосфор жанады,ал су айырылады. Ауыз суда мен жетіспесем тістеріңіз ауыратын болады.



О: Жауабы: Фтор элементі. Келесі жұмбақ

3. Мені 1826 жылы француз ғалымы Ж.Балар ашқан. Иісім сасық болғандықтан меннен бәрі қашады. Мен қалыпты жағдайда өткір иісті қызыл-қоңыр түсті ауыр сұйықтықпын, ауада тез буланып, сары қоңыр бу түземін.



О: Бром

Мұғалімнің сөзі: – Ия бұл элемент Бром болып табылады.

Сонымен оқушылар осы Йод, Фтор, Бром элементтері арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар және де қай топқа жататын элементтер деп сұрақ қою арқылы бүгінгі тақырыбымызға өтеміз. Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Галогендер». Ендеше 7-8 сыныптарда өткен білімізге сүйене отырып галогендерді периодтық кестедеден сипаттайық. Оларға қандай агрегаттық күй тән? Галогендердің металдар ма, әлде бейметалдарға жатады ма соны есімізге түсірейік.


Сабақтың мақсатымен таныстыру:

М: Сонымен бүгінгі сабағымыздың мақсаты:

- галогендер молекулаларының электрондық формулаларын құрастыру және кристалдық тор түрі мен байланыс типін анықтау

– топта галогендер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары


М: Ал енді осы бүгінгі сабағымызға сәйкес күтілетін нәтижеміз:

  • Галогендердің электрондық формуласын жазады

  • Кристалдық тор мен байланыс түрлерін анықтайды

  • Галогендердің топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсініп меңгеруіміз керек.

Мұғалімнің сөзі: «Барлық оқушыларға сәттілік тілеймін!»

Д.И.Менделеевтың периодтық кестесі

Сабақтың ортасы

7 минут


2 минут

5 минут


5 минут

7 минут



Топтарды мәтінмен жұмыстану үшін «Борт журналы» арқылы жұмыстандырамын. Ол үшін 1- топқа кітапта берілген материалды оқып шығуға, ал қалған 2 топқа қосымша деректер беремін. Материалмен танысып оқып шығуға 5 минут уақыт беріледі. Материалмен танысып болғаннан кейін осы кестені толтырып, топтан бір оқушы өздері толтырған кестені оқып таныстырады. (Мұғалім оқушылар мәтінмен жұмыстанып жатқан кезде уақытты ескертіп отырады.)


Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?









ҚБ: Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек»  әдісі  арқылы  бағалайды.
Мұғалім сөзі: Оқушылардың өздері оқып меңгерген білімін, алған материалдарын толықтырып кетемін. Галогендер тобына – фтор, хлор, бром, иод жатады. Олардың молекулалары екі атомды, нағыз бейметалдар.

Олардың барлығы ұшқыш сутекті қосылыстар береді. Салыстырмалы атомдық массалырының мәндері артқан сайын элементтердің белсенділіктері кемиді. Топшада атомдық нөмері

өскен сайын галогендердің атом радиусы да өседі, сондықтан фтордан астатқа қарай тотықтырғыш қасиеттері кемиді. Соған сәйкес тотықсыздандырғыш қасиеттері артады, ал электртерістілігі кемиді.

1-тапсырма



(Ж) Берілген F2, Cl2, Br2 элементтерінің электрондық формулаларын құрастыру.




Элементтердің атауы

Молекулалардың электрондық формуласы

1-топ

F




2-топ

Cl




3-топ

Br




Дескриптор

1. Химиялық элементті орналасқан орны бойынша сипаттайды

2. Период бойынша неше деңгейден тұратының анықтайды

3. Элементтің электрондық формуласын құрастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет