Сабақтың тақырыбы: Генетикалық есептер шығару. Сабақтың мақсаты : Білімділік



бет2/5
Дата22.11.2022
өлшемі92 Kb.
#159259
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9

1.Теориялық бөлім -10мин Видеоүзінді «Дрозофила шыбынын бөлме жағдайында өсіру».
2.Тәжрибелік жұмыс Генетикалық есептер шығару – 33мин
Cабақ барысы:
Генетиканың нақты ғылым болып қалыптасуы чех ғалымы Грегор Мендельдің есіміне байланысты. Ол «Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер» деген еңбегінде тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын атап көрсетті.
Г.Мендель бұршаққа тәжірибе жасады. Ол тәжірибе жүргізуге өте қолайлы объект болды. Себебі басқа өсімдіктермен салыстырғанда, бұршақтың мынадай ерекше қасиеттері бар: 1) бірнеше белгілері бойынша бір-бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар; 2) өсіруге қолайлы, күй талғамайды; 3) гүліндегі күлте жапырақшалармен толық қалқаланып тұратындықтан, өздігінен де, айқас та тозаңданады; 4) бұршақтың 34 іріктемесі болған, оның 22 іріктемесіне тәжірибе жасады.
Г.Мендель бір белгісі бойынша тәжірибе жасау арқылы екі заңдылық ашты. Мендельдің 1-ші заңы «бірінші ұрпақтың біркелкілігі» және Мендельдің 2-ші заңы «белгілердің ажырауы» заңдары деп аталады.
Екі жұп қарама-қарсы белгілері бойынша будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды. Дигибридті будандастыруға бұршақ өсімдігінің сары түсті, тегіс қабықты және жасыл түсті, кедір-бұдыр тұқымдары алынады.
Америкалық генетик Т.Морган жеміс шыбыны – дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын» ашты. (Микроскоппен дайын микропрепараттан дрозофила шыбыны)
Есептерді дұрыс шығарып, нақтылы нәтижелер алу үшін 1қадам Барлық генетикалық заңдылықтар мен ережелерді білу қажет. 2қадам Генетикалық символдармен бейнелеу, 3 қадам Пеннет торын құру, тура бағытта аталық гамета, ал көлденең бағытта аналық гаметаны жазу қажет. 4 қадам Тұқым қуалау заңдылығын сипаттап жауабын жазамыз.
Негізгі символдар мыналар:
Р – будандастыруға немесе шағылыстыруға арналған ата-енелік даралар.
Г – гаметалар (жыныс жасушалары)
F – алынған ұрпақ, қасына қойылған индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет