Г – гаметалар (жыныс жасушалары)
F – алынған ұрпақ, қасына қойылған индекс ұрпақтың реттік санын көрсетеді.
F1 – бірінші ұрпақ
F2 – екінші ұрпақ және т.б.
Х – будандастыру белгісі.
♀ - аналық дараның жыныстық белгісі (Венераның айнасы)
♂ - аталық дараның жыныстық белгісі (Марстың қалқаны мен найзасы)
А А – доминантты белгі гомозиготалы
аа – рецессивті белгі ағза
Аа - гетерозиготалы ағза
Жұмыстың барысы:
Моногибридті будандастыру
Есеп №1.
Үрмебұршақтың тұқымының қоңыр түсі доминантты , оны рецесивті тұқымы ақ түсті үрмебұршақпен будандастырғанда алынған бірінші ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықта. Сызбанұсқаға орналастыр.
Есеп №2.
Гетерозиготалы қоңыр түсті тұқымды үрмебұршақтарды бір-бірімен қайта будандастырғанда қандай нәтиже алынады? Сызбанұсқаға орналастыр.
Есеп №3.
Толық емес доминанттылық кезінде ата-анадан берілген екі белгі де көрінбей аралық сипаттағы жаңа белгі пайда болады. Гомозиготалы қоңыр түсті тұқымды үрмебұршақ пен ақ түсті үрмебұршақты шағылыстырғанда бірінші ұрпақта будан ала түсті үрмебұршақтың тұқымы алынды. Ала түсті үрмебұршақтарды бір-бірімен қайта будандастырғанда қандай нәтиже алынады? Сызбанұсқаға орналастыр.
Есеп №4.
Күріш дәнегінің ұзын түрі домалақ дәнекке қарағанда доминантты болады. Бірінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін анықта .Сызбанұсқаға орналастыр.
Дигибридті будандастыру
Есеп №5.
Қызан (помидор) жемістерінің қызыл түсті,домалақ пішінді болуы доминантты гендермен ,ал сары түсті және алмұрт тәрізді пішіні рецессивті гендермен анықталады.Дигетерозиготалы қызыл түсті,домалақ пішінді қызанды бір-бірімен будандастырғанда , оның ұрпақтарынан қандай ажырауды күтуге болады?
Тіркес тұқым қуалау
Есеп №6. Шешесі сау,гомозиготалы. Әкесі гемофилиямен ауыратын отбасының ұрпақтары қандай болмақ?
Достарыңызбен бөлісу: |