Сабақтың тақырыбы: География ғылымының салалары. Географиялық зерттеу әдістерінің түрлері. Географиялық деректерді өңдеу және талдау



бет6/7
Дата08.09.2022
өлшемі2,11 Mb.
#148985
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Слайд 1

Cандық және сапалық деректер
Географиялық нысандардың қасиеттері сандық және сапалық сипаттамалармен көрсетілуі мүмкін. ​Cандық деректер – бұл өлшенетін көлемдердің терминдерінде берілген ақпарат, мысалы, мағына түрінде: 20°C, – 27°С; 6995 м, 696 мм с.б. (сынап бағанасы), 7 адам./км2, адам басына шаққанда 10508 АҚШ дол.және т.б. ​Сандық формада берілген ақпараттың артықшылығы – ол бақылаушының субъективтік бейіміне тәуелді болмайды. Мысалы, бір адам: «Елді мекенде күн ыстық», – деп, ал басқа адам сол уақытта: «Онда жылы», – деп айтуы мүмкін. Бұл ақпарат сапаның бір мәнді болмауына әкелуі мүмкін. Термометр шәкілінің 30°С-ке тең көрсеткіші – объективті өлшенген ақпарат. Дегенмен, сандық мәліметтер әрдайым көп ақпаратты қамти алмайды. ​Географиялық нысанның санмен көрсетуге немесе айтуға болмайтын ерекшеліктері – сапалық қасиеттер. Олар заттардың жіктелуіне, сипаттамасына немесе табиғатына (шығу тегіне) сілтейді, мысалы, үлкеншағыннашарыстықжылысуыққаттыжұмсақжылдамбаяуұзынқысқаӨлшеу құралдарының дамуы немесе жаңа түрлерінің шығуына қарай көптеген сандық сипаттамалар сапалыққа айналуы мүмкін. Мысалы, түстерді санмен көрсетуге болады.
Сандық деректер анықтайды, сапалықтар сипаттайды. Олар қарсы қойылып салыстырылмайды, керісінше бір-бірін толықтырып отырады. Оның үстіне, кейбір сандық сипаттамаларды сөзбен де беруге болады, ал сапалық сипаттамалардың бір бөлігін сөзбен берген ыңғайлы.
Географиялық деректерді өңдеу дегеніміз – оларды болашақта қолдану үшін ыңғайлы формаға келтіру шаралары.
Деректерді іздеу және қарастыру нәтижесінде көп мәліметтер жинауға болады. Олар формасы, көлемі, жанры жағынан бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Деректердің бір тобы ақпаратты шамадан тыс қамтып, ал келесісі – толық болмауы мүмкін. Жүйелеу дегеніміз – деректерді ыңғайлы формаға келтіру. Алдымен барлық ақпаратты топтастыру, яғни оны белгілі тақырыптар бойынша бөлу қажет. Мысалы, аймақтардың сипаттамасында көптеген мәліметтер болады. Егер зерттеушіде бір аймақ туралы көптеген мақалалар болатын болса, онда мәліметтер көбейеді. Жүргізілген бақылаулар мен сауалнамалар, сұхбаттар, далалық зерттеулер оларды толықтырады, сондықтан зерттеуші деректерді айқын белгілері бойынша топтарға бөледі. Әр топқа атау беріледі. Олар: «Географиялық орны», «Жер бедері», «Климаты», «Табиғат ресурстары», «Халқы», «Шаруашылығы», «Көрікті жерлері», «Экология» және т.б. деп аталуы мүмкін. ​Топтастыру қажетті деректерді ғана іріктеп алуға, олардың дұрыстығын тексеруге, жеткіліксіз мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Топтастыру ортақ базадан қажетті деректерді жеңіл табуға мүмкіндік береді. Егер деректер түрлі жанрдағы материалдарда болса, онда ақпаратты редакциялау және бірыңғай стильде баяндау қажет. Редакциялау барысында бірнеше дереккөздің мәліметтерін бірнеше сөйлеммен тұжырымдау керек. Түпкі дереккөзден алынған күрделі цитаталарды қысқартылған түрде мазмұндаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет