Тақырыптық карталармен танысып, жіктеп болған соң, таратпа материалдағы тапсырмаларды орындайды. (15 мин)
А деңгей Тақырыптық карталар дегеніміз не?
Жалпыгеографиялық карталар мен тақырыптық карталардың айырмашылығы неде?
Тақырыптық карталардың негізі екі түрін ата.
А картасында не бейнеленген, картаны оқыңыз
В картасынан қандай ақпарат алуға болады?
Тақырыптық карталардың тағы қандай түрін атай аласың?
С суретіне мұқият қара. Жалпы географиялық картада не бейнеленгенін сипатта.
В деңгей D, E, F, G, суреттерін қолдана отырып, тақырыптық карталарда қолданылатын әдістерге сипаттама бер.
Тақырыптық карталардың қосымша элементтеріне нелер жатады?
Н картасына назар аудар. Қосымша элемент ретінде Қазақстанның жер бедеріне байланысты қандай суретін қоятын едің?
Н картасындағы кестені тік бағаналы диаграмма түрінде және Диаграмманы кесте түрінде көрсет. (осы тапсырманы орындау кезінде информатика пәні мұғалімі диаграммалардың түрлері және жасау жолдарын көрсетеді)
Н картасын шартты белгілерді және қосымша элементтерді қолдана отырып, толық сипаттап айтып бер