Сабақтың тақырыбы: Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық»



бет1/2
Дата18.05.2020
өлшемі113,96 Kb.
#69309
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
!!!! 22.04 ДТ 9 сынып 2 саб


4 тоқсан

2 сабақ

§20

Пәннің атауы: дүниежүзі тарихы

9 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай?

Сабақтың мақсаты:

- жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңызын бағалау;

- әлемнің жетекші және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;

- ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің жетекші елдеріндегі әлеуметтік дамудың ерекшеліктерін талдау


Сабақтың барысы:

Қысқаша конспект.

Балалар! Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Германияның саяси жағдайы мен экономикасы мен әлеуметтік жағдайы елдегі жүргізілген саяси және экономикалық бағыт-бағдарларға байланысты дамыды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жеңілген Германия жері Потсдам конференциясының шешімі нәтижесінде АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Кеңестер Одағының оккупациялық зоналарына бөлінген еді. Сондай-ак 1946 жылдың 2 желтоқсанында ағылшын-америка зоналары бірігіп Бизонияға айналған болатын. Осы оккупацияланған зоналарда неміс партиялары мен әкімшіліктері де кұрыла бастаған еді. 1945 жылдың маусымында ағылшын зонасындағы Кельн каласында ХДО (Христиандық-демократиялық одағы) кұрылды, оның төрағасы болып Конрад Аденауэр сайланады. Ал Шығыс оккуппациялык зонада, яғни Кеңестер Одағының оккупациялык зонасында ГКП (Германияның Коммунистік партиясы) мен ГСДП (Германияның социал-демократиялық партиясы) бірігіп, ГСБП (Германияның социалистік бірыңғай партиясы) кұрған болатын.

Негізгі заң бойынша мемлекеттік кұрылыстың бес парқы айкындалған: Германия — республикалық және демократиялык, федералдық, кұқықтық және әлеуметтік мемлекет.

Мемлекеттің республикалык нысаны — оның атынан-ақ белгілі — «Германия Федеративтік Республикасы». Мемлекет басшысы — сайланбалы федералды президент.



ГФР-дің ең алғашқы экономика министрі Людвиг Эрхард Фрайбург мектебінің академиялық тобы әзірлеген шаруашылық тәртіп теориясын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың оңтайлы үлгісін құруға қол жеткізді. Реформа қабылдағаннан кейін он жылдан кейін Германияда «экономикалық ғажайып» өрлеуге жетті. Бұл 1948 жылы ордолиберализм идеясы болатын. Маршал жоспары бойынша батыстық аймақтардан көмек алды. 1948 жылдан бастап ақша реформасын жүргізді. Басты бағыты құнсыздануға жол бермеу үшін ақша шығаратын Неміс жерінің банкі құрылды. Еуропа бойынша ең алғашқы әлеуметтік сақтандыру жүйесін құрған ел болды. Сондай реформалардың арқасында әлеуметтік игіліктреге мұқтаж адамдар да азайды. Өнеркәсібі дамыған елдерде халықтың ең кедей және ең бай топтарының арасындағы айырмашылық аз болды. Халықтың өмір сүру деңгейі артты. «Үлкен жетілік» елдері қалыптасты және олардың арасында АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония маңызды орын алды. Батыс Еуропада нарықтық экономиканың екі үлгісі болды «демократиялық корпоративизм» және «әлеуметтік нарықтық үлгі» басым болды.

Сілтемелер

https://www.youtube.com/watch?v=0vGbAa20-O0 ГФР экономикасы



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет