Сабақтың тақырыбы: Гидраның көбеюі, регенерациясы. Сілтемелер



Дата18.06.2017
өлшемі203,1 Kb.
#19261
түріСабақ

Күні:




Пән:

Биология

Сынып:

7 "А", "Б"


Сабақтың тақырыбы:


Гидраның көбеюі, регенерациясы.

Сілтемелер:

Биология. 7 сынып. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.-Алматы: "Атамұра" , 2007 ж.

Биология оқыту әдістемесі. 7сынып. Қ.Қайым,Р.Әлімқұлова, Ж.Қожантаева,Р.Сәтімбеков.-Алматы: "Атамұра" , 2003 ж.

Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. Қ.Қайым,Р.Әлімқұлова, Ж.Қожантаева,Р.Сәтімбеков.-Алматы: "Атамұра" , 2003 ж.

Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. 2-бөлім. Құрманғалиева Ж.Ж.-Алматы: "8&8", 2009ж .



Жалпы мақсаты:

Күтілетін нәтиже:

Гидраның регенерациясы ағзаның өмір бойы өзгерісте бола алатындығын көрсететінін түсіне алады.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақ әдісі :

  • Диалогтық әңгімелесу (мұғалім-оқушы)- (оқушы-мұғалім)

  • АКТ элементтерін қолдану,

  • Суретпен жұмыс

  • Сұрақ-жауап

  • Сөзжұмбақ шешу

  • Рефлекциялық бағалау

  • өзін-өзі бағалау

  • Жеке тұлғамен жұмыс

  • Ұжымдық жұмыс

Модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытуда АКТ-ны пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Жұмыстың ұйымдастыру формасы:

Жекелей,ұжымдық

Ресурстар (Қажетті құрал-жабдықтар)

Оқулық, интерактивті тақта демонстрациялық материалдар, компьютер, слайдтар, үлестірме материалдар, бағалау парағы.

Сабақ барысы:



Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тапсырма мазмұны:

Оқушының іс-әрекеті:

Жұмыс түрі:

I. Ұйымдастыру кезеңі


1-сыныппен амандасу, түгендеу.

2-назарларын сабаққа аударады.






Амандасады, сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

Ұжымдық

II. Үй тапсырмасын сұрау



" Гидратәріздестер класы " тақырыбына арналған үлестірмелер береді.


№1 Билет. Гидраның сыртқы қабатында қандай жасушалар орналасқан? (тері-бұлшықет, жүйке, атпа жасушалары).

№2 Билет. Гидраның денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жасушаларды атаңыз және олар қандай қызмет атақарады? (гидра денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жабын, асқорыту, тітіркенуді қабылдайтын жасаушалар болады).

№3 Билет. Гидра қалай қозғалады? (бірде табанмен, бірде қармалауыштары болады).

№4 Билет. Гидраның қанша қармалауыштары болады? (5-8 салалы қармалауыштары болады).

№5 Билет. Гидра қалай қоректенеді және қорғанады? (гидраның бүкіл денесінде әсіресе, қармалауыштарында атпа жасушалары өте көп. Сол себептен атпа жасушалары арқылы қоректенеді және қорғанады).

№ 6 Билет.Гидраның денесі неше қабаттан тұрады және оларды атаңыз? (гидра денесі екі қабаттан тұрады: а) сыртқы қабат-эктодерма, ә) ішкі қабат-энтодерма).

№ 7 Билет.Гидра немен қорпектенеді? (ұсақ шаяндармен және балықтармен).

№ 8 Билет. Гидраның тыныс алуы мен зәр шығаруы қалай жүзеге асады? (гидраның зәр шығару, тыныс алу мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегін сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Зәр шығаруын ауыз қуысы атқарады).

№ 9 Билет. Асқорыту қалай жүзеге асады? (қорек гидраның ауыз қуысынан ішекқуысына өтеді. Ішекқуысындағы қимылдап тұрған талшықтар қоректі асқорыту жасушасына өткізеді. Асқорыту жасушасына түскен қорек жасушадан бөлінген сөл арқылы ұсақ бөлшектерге бөлініп, вакуольде қорытылады).

№ 10 Билет. Гидра қай жерлерде мекендейді? (суы таза, оттекке бай баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандада мекендейді).

№ 11 Билет. Гидраның ішкі қабатында қандай жасушалар орналасқан? (Терібұлшықет, асқорыту, безді, жүйке, сезімтал жасушалар).

№12 Билет. Ұлпа дегеніміз не? (құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы).




-Үлестірмелердегі сұрақтарға әр оқушы жеке жауап қайтару. Әрбір оқушы өзін бағалап отырады.


Жекелей



III. Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың мазмұнын дәріс түрінде береді.

.



Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар- оны екіге бөлсе, сондай-ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола алады. мұның негізгі себебі- гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы өте үлкен жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады.Гидраның денесі зақымданған кезде аралық жасушалар қауырт өсе бастайды да тері-бұлшықет, жүйке, атпа жасушаларын түзеді.Сөйтіп гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалар аралық жасушалардан қайтадан пайда болады. Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады.Регенерация құбылысы көпжасушалы жануарлардың барлығында белгілі шамада (шұбалшаң екіге бөлінсе-әр бөлігінен жаңа құрт пайда болады, кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өсіп шығады, адамның терісі жарақаттанса, қалпына келеді және т.б.) байқалады.

Гидраның көбеюі. Гидра жыныссыз да, жынысты жолмен де көбейеді. Жазда жақсы қоректенген кезде гидраның денесінен томпайып шыққан бірнеше бүршіктерді көруге болады. Бүршік гидра денесіндегі екі қабаттағы жасушалардан құралады. Бүршік томпақ көлемінің ұлғаюынан түзіледі, ол өсімдіктің бүршігіне ұқсас болғандықтан, гидраның жыныссыз жолмен көбеюі бүршіктену деп аталады. Томпақтан пайда болған бүршік созылады да ұшынан қармалауыштары түзіледі. Бүршік сабағы гидраның денесіне жалғасады, сондықтан ол бастапқы кезде гидра арқылы қоректенеді. Арада аз уақыт өткен соң бүршік гидраның денесінен үзіліп, жас гидраға айналады. Сөйтіп, енді жас гидра өз алдына тіршілік ететін болады. Жынысты жолмен көбею. Гидраның көбеюіне қорегі әсер етеді. Күзде күн салықнадаған шақта гидраның қорегі азаяды, сол кезде гидраның тіршілік теуі нашарлап, денесінен бүршікке ұқсамайтын өсінділер пайда бола бастайды. Бұл өсінділер гидраның тек сыртқы қабатынан түзіледі де, ауызға тақау жердегі өсіндіде аталық жасуша-сперматозоидтар, ал табанына таман аналық жасуша- жұмыртқажасуша пайда болады. Өсіп жетілген сперматозоидтар шапшаң қозғалады және талшықты қарпайым жәндікке ұқсас. Олар суға бөлінісімен аналық жыныс жасушасына жүзіп барып, жасушаға енеді де ядроға қосылады. Сөйтіп сперматозоид пен жұмыртқа жасушадан жаңа бір жасуша пайда болады, яғни гидраның жасушалары ұрықтанады.Гидраның бір жасушадан дамуы- көпжасушалы жәндіктердің біржасушалы жәндіктермен тектес екеніне айқын дәлел.


Оқушылар дәрісті дәптерлеріне түсіреді.


Жекелей


IV. Түсінгенін тексеру

Оқушыларға тапсырма беру, оқушылар жеке-жеке орындайды.

Сұрақ-жауап

  1. Регенерация деген не?

  2. Бүлінген немесе зақымданған дене бөліктері қалай қлапына келеді?

  3. Гидра қандай жолмен көбейеді?

  4. Жынысты жолмен көбеюдің жыныссыз жолмен көбеюден айырмашылығы неде?

Суретпен жұмыс. Гидраның аталық жыныс жасушасы мен аналық жасушасының бір гидрада қалай орналасатынын суретке қарап пысықтаңдар.



Сұрақтарды талдайды, орындайды.

Жекелей

Жұптық



V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Алған түсініктерін қолдана білуге дағдыландыру мақсатында тапсырмалар береді.

Сөзжұмбақ шешу "Жануартану".

1.Гидраның денесін қаптайтын жасуша? (Жабын)

2.Гидраның сыртқы қабатындағы қорегін ұстаушы жасушасы? (Атпа)

3.Гидраның ішкі қабаты? (энтодерма)

4.Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндікке не жатады? (медуза)

5.Гидраның сыртқы қабаты? (эктодерма)

6. Сыртқы және ішкі тітіркендіргінштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару? (рефлекс)

7.Амеба немен қоректенеді? (бактерия)

8.Көпаяқты жәндіктер-полиптерге не жатады? (актиния)

9.Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі? (бүршіктену)



10. Көпжасушалы жануарлар қай типке жатады? (ішекқуыстылар)



Алған түсініктерін қолдана отырып, тапсырманы орындайды.

Ұжымдық

VI.Үйге тапсырма беру


Үйге берілген тапсырманың орындалуын тәртібін түсіндіру

Гидраның көбеюі, регенерациясы.

(§ 9, 35-37 бет (ЕСКІ)



Күнделігіне тапсырманы жазады.

Жекелей


VII.Рефлексиялық бағалау


Интерактивті тақтадағы рефлекциялық бағалауды көрсетеді.


  1. Бүгін мен .......... білдім.

  2. ..............қызықты болды.

  3. ................қиын болды




Әр оқушы өткен сабақ туралы алған әсері, ұсынысын айтып,қиын сұрағын қояды.Қиын сұраққа сынып болып жауап береді.

Жекелей

Ұжымдық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет