Сабақтың тақырыбы: Графикалық файлдар енгізу. Дыбыстарпен жұмыс



Дата06.04.2020
өлшемі42,5 Kb.
#61634
түріСабақ
Байланысты:
49-50PowerPoint-графика

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу ісі жөніндегі

орынбасары______________М.Т.Джантулина

«____»______________20__ ж.

«____»______________20__ ж.
Сабақтың тақырыбы: Графикалық файлдар енгізу. Дыбыстарпен жұмыс.

А) Білімділік: PowerPoint бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету.

Ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Информатика пәніне қызығушылығын арттыру.



Б) Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетімен ізденуге, алған білімдерін практикаға жүзінде қолдана бөлуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Шығармашылық.

Сабақтың әдісі: Интерактивтілік, түсіндірмелі-суреттемелік, сұрақ-жауап, тест.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, PowerPoint слайдтары, Activstudio флипчарттары,

электронды оқулық.



VІІ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Н.Ермеков, М.Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10 сынып оқулығы, Информатика негіздері журналы.

Ахметов К. С. Современный персональный компьютер. – М.: “Компьютер пресс”. 1995.

Балапанов Е. Қ, Бөрібаев Б. Б, Дәулетқұлов А. Қ. Жаңа ақпараттық техналогиялар:  Информатикадан 30 сабақ

С.В. Семенов «Информатика. базовый курс» 2002 ж.

В.П. Леонтьев «Персональный компьютер» 2004 ж


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (амандасу, жоқ оқушыны анықтау, оқушыларды 2 топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1- топ компьютерде тест орындайды.

2 - топ тақтадағы сұраққа жауап береді.

1. PowerPoint бағдарламасын іске қосу.

2. Меню жолы қандай элементтерден тұрады?

3. Презентация ұғымының толық мағынасы.

4. Презентация жасау алдында не істеу керек?

5. Презентация не үшін керек?

6. Слайд дегеніміз не? Оның құрамына нелер кіреді?


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Кез келген PowerPoint құжаты слайд деп аталатын өзара байланысқан жекеленген кадрлар жиыны болып табылады.

Слайдтарда әр түрлі типті объектілер бар, әрбір слайдтарда кем дегенде бір объект – кадр фоны болады. Яғни бос слайд болуы мүмкін емес, тек қана фон типті объектісі болса, ол бос слайд деп есептеледі.


Презентация жасаудың 3 түрлі әдісі бар.

Мастер автосодержания көмегімен.

Ұсынылған қалыптар негізінде

Бос презентацияны пайдаланып, яғни құжатты басынан бастап жазу


Графикалық файлдарды еңгізу.

Ағымдағы слайдқа бейнесі бар файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Слайдтың жұмыс аумағында тышқанның оң жақ батырмасын басыңыз.

Фон менюі пунктін таңдаңыз. Способы заливки таңдау.



Дыбыспен жұмыс.

Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлдар ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.



Вставка – фильмы и звук- звук из файла менюі пунктін таңдау.






Слайдтарды демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет.

Показ слайдов – настройка анимации командасын орындау.

Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с анықтау керек.


Анимацияны қосу.

Ауысу эффектілері слайдтар арасында, ал анимация эффектілері слайд ішінде қолданылады. Әрбір тақырыпты, маркерленген пунктті немесе басқа обьектіні слайдқа жекелей қосуға болады.

Бірге қойылатын анимациялар тобынан дайын эффектілерді сортировщик слайдов режимінде қолдануға болады. Слайдты (слайдтарды) белгілеп, Готовые эффекты тізімінен анимация түрін таңдайды. Таңдалған эффект слайдтың барлық текстіне (тақырыптан басқа) қолданылады.

Егер негізгі текстке анимация қойылса, қарап шығу кезінде слайдқа ауысқанда тақырып тексті, фондық обьектілер және графиктер көрінеді. Қалған обьектілерді шығару үшін маусты шертіп отыру керек.

Анимация тобының тағы бір тобы контекстік меню арқылы қойылады. Сортировщик слайдов режимінде слайдта маустың оң жағын шертіп, дыбыс қосылған текстік анимацияларды қоюға болады.

Анимацияны баптау.

Анимацияны баптау құралдары дыбысты және слайдтың жекелеген графикалық элементтерін безендіру үшін қолданылады. Эффекты анимации құралдар тақтасын ашу үшін слайдтар режиміне көшіп, форматтау панеліндегі Эффекты анимации батырмасын шертеді.



Слайдтарды жасырып қою.

Көптеген презентацияларда тек қажеттін қарай көрсетілетін, басқа уақытта жасырулы тұратын слайдттар болады. Слайдты алдымен құрып, содан соң жасырып қоюдың артықшылығы қажет болмаса көрсетпей кетуге болатындығы.



Сортировщик слайдов режимінде жасыру қажет слайдты белгілеп, құралдар тақтасындағы Скрыть слайд батырмасын шертеді. Слайд номерінде ноль символы пайда болады. Слайдты қайта шығару үшін осы батырманы қайта шертеді.

Презентация кезінде кез келген слайдта маустың оң жағы шертіп, контекстік менюдің Переход-По заглавию командасын орындайды. Бұл көшу тәсілі презентация кезінде ыңғайсыз болғандықтан, көшу үшін Сілтемелерді қолданған жөн.



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Электронды оқулықта тапсырма орындау.



Ү. Компьютерде практикалық жұмыс.

Шығармашылық жұмыс.

4 слайдтан тұратын «Ел ордасы - Астана» тақырыбына презентация жасау.

Слайдқа Астананың фотоларын және ҚР-ның Әнұранын кірістіру қажет.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпты оқып, түсінгенін айту.



«Менің жанұям» тақырыбына келесі сабаққа практикалық жұмысқа презентация жасауға жоспар құрып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет