Сабақтың тақырыбы Графикалық редактордың құрал жабдықтары



Дата07.04.2020
өлшемі0,51 Mb.
#61785
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары

Бекітемін:


Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім:

3.2В: Компьютерлік суреттер

Мектеп: №278 IT-мектеп-лицей


Мұғалімнің аты-жөні: Елеуова Айгерім

Күні: 27.11.2019ж

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 3 Ә

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Графикалық редактордың құрал жабдықтары

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану;

3.1.2.2компьютерлікпрограммалардафайлдардыашу мен сақтаукомандаларынпайдалану.

3.1.2.4 компьютерлік программада меню командаларын қолдану

3.1.3.1цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау



Сабақтың мақсаттары

  • мәзір командаларымен жұмыс жасау, графикалық редактордағы файлдарды ашу және сақтау дағдыларын қалыптастыру;

  • сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін еске түсіру;

  • графикалық редактордың құрал жабдықтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  • оқушылар компьютерлік программалар қолданушының тапсырмаларын орындау үшін екенің түсіндіріп бере аладады;

  • қарапайым графикалық редактордың құрал жабдықтарын қолдана алады;

  • графикалық редактордың мәзір командаларын қолдана алады;

  • компьютерлік программалардың файлды ашу, сақтау командаларын қолданады;

  • компьютермен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар...

  • компьютерлік кескіндерді жасау программалардың мақсаты ;

  • кескін жасау әрекеттерінің кезектілігін сипаттайды;

  • әртүрлі мамандықтардың өкілдері компьютерлік кескін жасау программасын қолдануы туралы талқылайды.

Пәндік лексика және терминалогия:

Графикалық редактор, құю, болдырмау, жылжыту, фигура, бояу палитрасы,өшіргіш, құрал жабдықтар.



Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Суретті компьютер арқылы салған дұрыс, себебі …

  • Суреттер … тұрады.

  • Соңғы іс әрекетті болдырмау үшін ...

  • Сурет толығымен боялып кетті, себебі ...

  • Суреттерге жазуды ... орнату керек

  • Қылқаламның стилін өзгерту үшін….

Құндылықтар

Топтық және жұптық жұмыс арқылы өзіне және басқаларға құрмет пен ынтымақтастыққа үйрету, өзіндік жұмыс арқылы- академиялық адалдық, оқушылар сабақтын мақсатымен қойылатын талаптарын болжап атайды–ашықтық.

Пәнаралық байланыс

Математика. Геометриялық фигуралар

2В Бөлім: Аудан. Мәндер.

Сурет, дүние тану. Пән аралық байланыс сабақ үстінде жаңа тақырыпты оқып үйренгенгеде, түсіндіргенде қарастырылады



Осыған дейін меңгерілген білім

Компьютер және дыбыстар. Дыбыстарды жазу және өңдеу. Дыбыстық әсерлер

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2мин


5 мин

2 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Веер әдісі арқылы.

Сандыққа салынған сұрақтар жасырылған веерлерді кезекпен алып сұрақтарға жауап жазады. Жұптасып Бір бірінің жауабын тексереді.



Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау.

  1. Оқушыларды топқа бөлу. «Кім тапқыр» әдісі арқылы. Мұғалім алдын ала оқушылардың орындықтарының астына жазуы бар стикерлерді қояды. Сол стикерлер бойынша «Сурет» және «Құрал» деп екі топқа бөлініп отырады. Топ ережесін қайталау




Сұрақтар жасырылған веерлер

Сурет


Құрал

деп жазылған стикерлер



Сабақтың ортасы

5 мин

  1. Мәселе тудыру

Интерактивті тақтадан «Пазл әдісі» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы жасырылған суретті ашу.

  1. Мақсатты тұжырымдау

  • Қалай ойлайсыздар, бүгінгі сабақтын тақырыбы қандай?

  • Сабақтын мақсаты қандай?

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.

Графикалық редактордың құрал жабдықтары

Графикалық редактор – графикалық бейнелерді салуға және өңдеуге арналған бағдарлама. Компьютерлік графика түрлері –растрлық, векторлық және фрактальды болып бөлінеді. Растрлық бейне нүктелерден тұрады. Бейненің ең кіші элементі пиксель деп аталады.



https://learningapps.org/ интерактивті модулі
https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/5-synyp/lesson/eng-qarapajym-grafikalyq-redaktor бейне жазба


6 мин

10 мин

2 мин

5 мин

  1. Қалыптастырушы бағалау. №1. Топтық жұмыс, постер қорғау.

Екі топқада сурет бояу(раскраска) постерлер беріледі. Осы постерлерді бояу үшін алдымен математикалық есетерді шешеді, сол бойынша бояйды.
Дескриптор: Оқушылар есептерді шешу арқылы суретті қандай түспен боялатынын анықтайды. Математика сабағымен байланыс.

Бағалау: Бас бармақ арқылы бағалау


7. Қалыптастырушы бағалау. №2. Практикалық жұмыс

Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге графикалық редакторда жұмыс істеудің негізгі әдістерін еске алады. Постердегі суретті енді компьютерде Paint графикалық редакторында саламыз.



Сурет салу үшін қалам және үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш фигураларды қолданыңыз.

1-тапсырма

2-тапсырма Paint графикалық редакторында сурет салу үшін жаңа аймақ жасаңыз. Сурет салу үшін үшбұрыш, шеңбер, төртбұрыш фигураларды қолданыңыз.


Бағалау: Бас бармақ арқылы бағалау
Сергіту сәті. Буратина: Мен сендерге төмендегідей жаттығу жасауды ұсынамын: Көз қиығымен айтылған бағытқа қарау арқылы, көзге жаттығу жасайық.

Көкке – жерге

Жерге - көкке

Оңға – солға

Солға – оңға

Қайда - қайда



Мұрныңның ұшына



  1. Қалыптастырушы бағалау. №3. Жеке жұмыс

Paint графикалық редакторында құрал саймандарын атауымен сәйкестендір.



Дескриптор: Ұяшықтарға қажетті құралдарды тартып әкелу арқылы сәйкестендіреді

Paint графикалық редактордың терезесінің батырмаларын атауларымен сәйкестендір.


Дескриптор: Ұяшықтарға қажетті сөздерді тартып әкелу арқылы сәйкестендіреді.
Бағалау. Бағдаршам арқылы бағалау.



А3 форматында салынған постерлер

Дербес компьютерлер,

Paint графикалық редакторы, тапсырмалар

Слайд


Электронды оқулық-23 слайд

Сабақтың соңы

1 мин
2 мин

Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасын беру. Үйде орындайық 54-бет

Рефлексия «Кеме» әдісін қолданып оқушылар көңіл күйіне байланысты стикерлерді осы кемеге жабыстырады.

Жасыл түс-түсіндім

Сары түс-жартылай түсіндім

Қызыл түс-түсінбедім




Оқулық


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Топта жұмыс істегенде, әрбір оқушы өзінің білім деңгейінде жұмыс істейді.

Мұғалім саралау ретінде шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектесетін тапсырманы орындауды ұсынады.



Материалды меңгеру деңгейін бағалау мұғалімнің түсініктемесі арқылы, материалдарды бекіту кезінде жүзеге асырылады. Постерді көрсете отырып, оқушылар алынған ақпаратты талқылап, өнімділікті өзара бағалау арқылы бағалау мүмкіндігіне ие.

Оқушылармен жаттығулар өткізіңіз. Сандық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет