Сабақтың тақырыбы: Грузин ертегісі «Еңбекпен тапқан тиын»



Дата26.08.2017
өлшемі173,29 Kb.
#28972
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Грузин ертегісі «Еңбекпен тапқан тиын»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға мәтіннің мазмұнын

ұғындыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ойын



жинақтап сөйлеуге үйрету. 

Дамытушылық: Оқушылардың тіл



байлығын, сөздік қорын,

шығармашылық қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 



Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегиялары»

Сабақтың көрнекілігі: Ақпараттық- коммуникациялық технология, дидактикалық үлестірмелі материалдар.

Болжамдап отырған нәтиже: оқушылар мәтіннің мазмұнын түсінеді, жақсы мен жаман әдеттерді ажыратады, еңбекқрлыққа үйренеді.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.1. Сабаққа дайындық

1.2. Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

2.1. Мультфильм құрастыру

2.2. Тест тапсырмалары

2.3. Еңбек туралы мақалдар айту

2.4. Топқа бөлу / Күрек, тырма, кетпен, шалғы, орақ//

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

3.1. Озық тапсырма Грузия Мемлекеті туралы ақпарат –призентация

3.2. Озық тапсырма Ертегі туралы не білеміз? - призентация

3.3. Мұғалімнің түсіндірмесі

3.4. Оқулықпен жұмыс. ст. «Броундық қозғалыс»

Сергіту сәті.

3.5. Дәптермен жұмыс

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

4.1. Топтық жұмыс «Еңбекпен тапқан тиын»

1 топ- ст. «Алты қалпақ»

2 топ- ст. «Fila кестесі»

3 топ- ст. «Кейіпкерге хат»

4 топ- ст. «РАФТ»

5 топ- ст. «5 олды өлең»

Ү. Жаңа сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау:

5.1 ст. «Жас тілші»

5.2 Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

1 топ- Тақырыпты оқу; тақырыпқа сурет салу.

2 топ- Тақырыпты оқу; ст. «Ашық сұрақтар»

3 топ- Тақырыпты оқу « Еңбек ер атандырады» шығарма жазу.

4 топ- Тақырыпты оқу ст. «Мәтінді жалғастырып көр».

5 топ- Тақырыпты оқу ст. «5 жолды өлең»


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.1. Сабаққа даярлық

1.2. Психологиялық дайындық.

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

2.1. Мәтіннің мазмұны бойынша мультфильм құрастыру

Көз алдымда экран

Көз алмастан отырам.

Қандай қызық мультфильм

Шеберлікпен құрастырам

2.2.Тест тапсырмалары

1. «Бұл  адам  емес»  деген  сөйлем  қай  мәтінде   кездеседі?

 а)  Шал  мен  бала   ә) Мейірім   б)  Нағыз  адам
 2. «Оның  домбырасынан  теңіз   толқынындай  арындаған  асау   күй  төгіледі» деген  жолдарда  кім  туралы  айтылған?

а)  Құрманғазы  ә)  Шәмші    б)  Әміре


3. «Таза  бұлақ»  мәтінінің   авторы

а)  Б.Соқпақбаев   ә)  Ы.Алтынсарин. б) Ж.Кәрменов.


4.Ән  құдіреті  туралы  қай  мәтінде  айтылған?

а)  Әке  тәлімі.  ә)  Аққұс  туралы  аңыз.   б) Рәсім


5. Әміре  Қашаубаев  кім?

а) күйші    ә)  әнші   б)  жазушы


2.3. Қорытындылау.

Еңбек туралы қандай мақалдарды білесіңдер?

Ендеше бүгін біздің сабағымыз еңбекпен байланысты. «Еңбекпен тапқан тиын» деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

3.1. Ізденім жұмысы . «Грузия Мемлекеті» туралы ақпарат

3.2.Ізденім жұмысы. «Ертегі туралы не білеміз?»

3.3.Мұғалімнің түсіндірмесі

3.4. Оқулықпен жұмыс. « Броундық қозғалыс»

Мәтіннен үзіндіні өзі оқу арқылы келесі топқа түсіндіреді



Сергіту сәті

Осы біздер қандаймыз?


- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
- Қалай оқимыз?
- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз?
- Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты –
Қазақ елінің болашағымыз!
3.5. Дәптермен жұмыс

Ер еңбекте сыналады



ІҮ . Жаңа сабақты бекіту:

4.1. Топтық жұмыс « Еңбекпен тапқан тиын»

1 топ- ст. «Алты қалпақ»

1.Ақ қалпақ

Ақ түс қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

2. Қызыл қалпақ.

Қызыл түс эмоцияналды, сезімге берілгіш адамдарды нұсқайды.
3. Сары қалпақ.

Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, олартықшылықтарды іздейді.

4.Қара қалпақ.

Қара қалпақтағы адам қауіптілік танытады.

5. Жасыл қалпақ.

Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Мұндай жағдайларда не істеуге болады?-деп ойланады.

6.Көк қалпақ.

Көк қалпақ-аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты.


2 топ- ст. «Fila кестесі»


Факт




Идея




Сұрақтар




Іс-әрекет




3 топ- ст. «Кейіпкерге хат»


4 топ- ст. «РАФТ»

Рөл

Аудитория

Формат

Тақырып












5 топ ?


Ү. Жаңа сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау:

5.1. ст. «Жас тілші»

- Бүгінгі «Еңбекпен тапқан тиын» ертегісі қай халықтың ертегісі ?

- Осы ертегідегі қай кейіпкер саған ұнады?

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың ?

- Жетістікке жету үшін не істеу керек деп ойлайсың?

- Анасының жасаған әрекеті дұрыс деп ойлайсың ба?

- Еңбек туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

5.2 Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

1 топ- Тақырыпты оқу; тақырыпқа сурет салу.

2 топ- Тақырыпты оқу; ст. «Ашық сұрақтар»

3 топ- Тақырыпты оқу «Еңбек бәрін де жеңбек» шығарма жазу



4 топ- Тақырыпты оқу, ст «Бес жолды өлең»

5 топ- Тақырыпты оқу, «Сөзжұмбақ» құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет