Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық тілдік ерекшеліктері



бет1/7
Дата20.12.2023
өлшемі23,57 Kb.
#197880
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Хабарлама, анықтама


Сынып: 10Б

Пәні: Қазақ тілі




Сабақтың тақырыбы: Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.


Сабақтың міндеттері: 1. Топтық жұмыстарға дағдыландыру;
2. Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жүргізу;
3. Сыни ойлауға үйрете отырып, өз пікірін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: “Топтастыру стратегиясы”, “Ойтолғау”, “Сатылай кешенді талдау”
Күтілетін нәтиже: 1. Топтық жұмыстарға бейімделеді;
2. Іскерлік қабілеттері дамыған , сауатты тұлға дайындалады;
3. Бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа ақпараттармен салыстыруға үйренеді.
Ресурстар: Интерактивті тақтадағы слайдтар, тапсырмалар, ватман, маркер.

Ұйымдастыру кезеңі: Мақсаты: тұлғааралық байланысты орнату; Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында “Шаттық шеңберін” өткізу, топқа бөлу


Тұсаукесер кезеңі:Мақсаты: Қызығушылық пен назарға қол жеткізу, үй тапсырмасын тексеру. Қолданылатын стратегиялар: “Ыстық орындық”, “Қорапшадағы сұрақтар”


Негізгі бөлім: Мақсаты: назар аудару және түсіндіру; оқушыларды бақылау жүргізу мен қорытынды шығаруға жетелеу; қиындықты, түсінбеушілікті анықтап, жеке оқушыларға көмек көрсетуге қатысу.


Қолданылатын стратегиялар: “Миға шабуыл”, “Мағынаны тану”, : “Топтастыру ”, “Сатылай кешенді талдау сергіту сәті т.б.

Қорытынды кезең: Мақсаты: сабақтың басты сәттерін анықтау; сабақ қорытындысы мен түсіну дәрежесін, меңгеруін бағалау; қосымша проблемалар туралы әңгімелесу.


Қолданылатын стратегиялар: “Екі жұлдыз, бір тілек”, “Сұрақтары бар қорап”, “Басбармақ” т.б.


Жаңа сабақ: Хабарландыру — белгілі бір шараның болатындығын хабарлау, уақыты, орны, болатын шара, ұйымдастырушысы көрсетіледі. Хабарландыру түрлері мен ерекшеліктері :


1.Мәжіліс, жиналыстарға хабарландыруда — күн тәртібі толық.


2.Мәдени шараларға хабарландыруда — бағдарламасы ұсынылады.


3.Тендерге хабарландыруда – шарттары ұсынылады.


4.Вакансияға хабарландыруда – жұмыс орнына тиісті талаптар.




Жарнама. Жарнама сөзі латынның “рекламо — айқайлау” деген мағынаны білдіреді. Жарнама – ақпарат беру құралы.

Жарнама – тұтынушыларға, тауарға, фирма қызметіне деген қызығушылығын артыру мақсатындағы оларға арналған үндеу.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет