Сабақтың тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті, жазу және дін Мақсаты



Дата21.07.2017
өлшемі58,55 Kb.
#21357
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Шыңғырлау ауданы

Жаңатұрмыс негізгі мектебінің

Ісанатты тарих пәні мұғалімі



Күні:

Қазақстан тарихы

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы:

Халық ауыз әдебиеті, жазу және дін

Мақсаты:

Оқушыларға көне түрік әдебиеті мен жазудың шығу тарихымен таныстыру, халық ауыз әдебиетінің алатын орны, діннің пайда болуы туралы түсіндіру.Қазақ тарихында Күлтегін мен Тоныкөк ескерткішінің тарихта алатын орнын анықтау. Топтардың өз идеяларын еркін жеткізуге, сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал жасау.

Сілтеме

1.Қазақстан тарихы .7-сынып

2.Ғаламтор деректері


Қолданылатын материалдар

Интерактив тақта,бейнебаян,стикерлер,маркер,слайд.

Оқыту әдістері

АКТ мүмкіндіктері, Диалогтік оқыту. Формативті бағалау әдістері (өзара бағалау,бірін-бірі бағалау)

Тапсырмалар

-Топтық жұмыс

-Жеке жұмыс

-Постер құру

-Тірек сызбалар









Дуйсембаева Галия Садыковна




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әдіс-тәсілдер

Білу.

2-минут


Ұйымдастыру. Оқушыларға психологиялық ахуал тудыру.

«Шаттық шеңбері»



Оқушылар шеңбер жасап,өздерінің аттарының бас әрпінен басталатын сын есіммен тіркестіріп айтады.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2-минут

Топқа бөлу

Жыл мезгілдеріне,берілген суреттеріне сәйкес топқа бөлу.




Оқушылар сурет қиындыларын біріктіріп,топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды.




7-минут

Өткенді еске түсіру

«Ортадағы қаламсап» әдісі.

Мұғалім әр топ мүшелеріне қаламсаптарын ортаға қоюды сұрайды. Мұғалім кез-келген оқушыға сұрақтар қояды,оқушы оған жауап береді.Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесу қерек.
1.Сәулет өнері дегеніміз не?

2.Өнер деген сөздің мағынасын ашып бер?

3.Қазақстанның қандай қалаларында сәулет өнері пайда болды?

4.Ақыртас қандай құрылыс?

5.Білеулі ғимараты қай жерде кездеседі?

6.Мүсін өнеріне нелер жатады?

7.Қолданбалы өнер жайында не білесіңдер?

8.Қандай қалалардан будда дінінің орындары табылды?

9.Дың ескерткіші қалай пайда болды?

10.Дың ескерткіштер қандай қағанаттардың тұсында пайда болды?




Оқушылар қаламдарын ортаға қояды.


Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Түсіну

2-минут


3-минут

10-минут


Жаңа тақырып.

Электронды оқулық

Тақырыбы: «Халық ауыз әдебиеті,жазу және дін».
Оқушылар Джигсо әдісі арқылы әр топқа берілген тақырыпшалармен топ болып жұмыстанады, яғни тақырыппен танысып, жеке, жұппен, топпен талқылап, баяндамашы басқа топқа барып, түсіндіреді.

Оқушылар бір-бірін бағалайды, яғни алдыңғы топ келесі топтың жұмысына ауызша баға берді


Постер құру

1 топқа: «Халық ауыз әдебиеті»

2 топқа «Жазу»

3 топқа «Дін»



Топтар электронды оқулық бойынша бүгінгі тақырыппен танысады.
Топтар мәтінді оқып,талқылайды.


Оқыту мен оқудағы АКТ-ны пайдалану.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.



Қолдану

3-минут


1.топ.»Жоғары дәрежелі» сұрақтар.
2- топ. «Төмен дәрежелі» сұрақтар.
3-топ. «Сұхбат

Топтар кестені өзара талқылап толтырады.

Топтар постер қорғайды.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

Талдау

6-минут



1.Қазақстанда көне түрік жазулары қашан пайда болды?

2.Жазудың пайда болуы нені көрсетеді?

3.Жазба әдебиеттің пайда болғанын қайдан білеміз.?

4.Қандай әдеби ескеркіштерді білесіңдер?

5.Түріктердің наным-сенімдері қандай болды?

6.Түрікте дін қалай дамыды?

7.Күлтегін мен Тоныкөк ескерткіштері қай жерде?

8.Қанша көне түрік тіліндегі жәдігерлер бар?


Орындаған тапсырмаларын бас бармақ арқылы бағалауды ұсынамын.



Топтар тапсырманы орындайды.

.

Топтар тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.



АКТ-ны пайдалану

АКТ-ны пайдалану.



Жинақтау
2-минут

ТВ-шоу» бағдарламасы. Мұнда тележүргізуші әрбір топ оқушыларына 3 сұрақтан қояды,шапшаң жауап берген 3 оқушы телебағдарламаға қатысып,көне түріктердің әдебиеті мен жазуы, діні туралы өз ойларын ортаға салып, зерттеуші әңгіме жүргізеді







Бағалау

3-минут


Мұғалім топ басшысын тақтада көрсетілген бағалау көрсеткіші арқылы қорытынды жасауды сұрайды.

Топ басшысы критерийлерге қарап,топтарды бағалайды.

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.

Үйге тапсырма

2-минут


Мұғалім сабақты қорытындылап, үйге тапсырма береді.

Топтар үйге тапсырма алады.




Рефлексия

3-минут


«Екі жұлдыз,бір тілек»

Топтар стикерге бүгінгі сабақ жайында өз пікірлерін жазады

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет