Сабақтың тақырыбы: Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өнеркәсіп салаларының дамуы



Дата17.04.2017
өлшемі60,33 Kb.
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы, Теңдік ауылы

«Теңдік орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі



Жапенова Гульмира Жикеновна

Сабақтың тақырыбы: Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өнеркәсіп салаларының дамуы


Сабақтың мақсаты:  Азамат соғысы жалдарында енгізілген «әскери коммунизм» 
саясатының мәнін және ЖЭС-ке көшу қажеттігін оның табыстары мен қиыншылықтарын түсіну.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекітілігі: Карта, кесте сызбалар, қима тапсырмалар, интерактивті тақта.


Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару. Бағалау парағы:«Құрдасыңды бағалау»
Үй тапсырмасын сұрау. «Сен білесің бе?»

  1. Арнайы тапсырма: Әр оқушыға бір тапсырмадан

Арнайы сұрақтар оқылып, бірнеше 10-20 сөйлеммен жеткізу.

  • 1921 - 1922 жылдардағы ашаршылық

  • Жер-су реформасы

  • Өнеркәсіп саласында орын алған алқашқы қиыншылықтар

  • Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары

  • Қазақстан өнеркәсібі дамуының жаңа кезеңі

Бағалау парағы: «Құрдасыңды бағалау»

  1. Ашық тест: Әр оқушыға алты сұрақтан


1-оқушы:

  1. Әскери коммунизм саясаттың негізгі белгілері: Азық-түлік салғырты, жеке саудаға тыйым салу, ірі, орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекетт меншігіне көшіру, еңбек мінлеткерлігі, басқарды орталықтандыру, жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосу

  2. Қай жылы жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды? 1921 жылы наурызда Х съезі

  3. Азық-түлік салғырты енгізілді: 1919 жылы қаңтарда

  4. Қай жылы өзін «Қазақ елінің үкіметі» деп атаған Алашорданы тарату туралы шешім қабылданды? 1920 жылы 9 наурызда

  5. Қай жылы «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы» декрет шықты? 1920 жылы 20 тамыз

  6. 1924 жылы 1 қаңтарда қандай салық енгізілді? Ақшалай салық

2-оқушы:

1. Ауыл шаруашылық несие қоғамы несиені қанша жылға берді? 3-5 жылға

2. Қазақтар ет салығынан бостылды: 1921 жылы 14 маусым

3. Жаңа экономикалық саясаттың белгілері: Ауыл шаруашылығына несие беру, сауда еркіндігі, жерді жалға беру, азық-түлік салығы



4.Қай жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР (Қаз АКСР) жарияланды? 1920 жылы 4 қазан

5.Қаз АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы – С. Меңдешев

6.Қаз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы - В.А. Радус-Зенькович

3-оқушы:

1.Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру және Қырғыз АКСР-ін Қазақ АКСР-і болып аталуы: 1925 жылы

2.1922 жылы көктемде қазақ даласына «Қызыл керуен» кешенді экспедициясы жіберілді, оны кім басқарды? Ә. Жангелдин

3.Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның тұңғыш астанасы: Орынбор 1920-1924 ж.ж.

4.1921 жылы Түркістан комсомолы Орталық Комитеті Қырғыз (Қазақ) бюросының тұңғыш төрағасы: Ғани Мұратбаев

5. 1921 жылғы қарашада неше адам саны ашықты? 1 млн 508 мың адам

6.КСРО-ның құрылуы: 1922 жылы

4-оқушы:


  1. 1922 жылғы наурызда неше адам саны ашықты? 2 млн 303200 адам

  2. Қай өңірлерде астық мол болып, азық-түлік отрядтары ауылшаруашылық өнімінің 80%-ын әкетті: Семей, Ақмола губернияларынан

  3. Жер-су реформасы қазақтарға патша тартып алған жерлер қайтарылды: 1921-1922 ж.ж.

  4. «Қосшы одағы» құрылған жыл: 1921 жылы

  5. «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылды: 1924 жылы қаңтар

  6. Жаңа экономикалық саясаттың мәні: 1921 жылы наурыз-сәуірде салғыртты салықпен ауыстыру

5-оқушы:

  1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның 1924-1929 ж.ж. астанасы: Ақмешіт (Қызылорда)

  2. 1922 жылы маусымда Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар неше пайызға жетті? 82%

  3. Қазақ АКСР-нің әкімшілік бөлінісін қайта құру қай жылдың басына қарай аяқталды? 1925 жылы

  4. 1926 жылғы санақ бойынша қазақ ұлтының пайызы: 61,3%

  5. 1926 жылғы санақ бойынша халық саны: 5 млн 230 мың

  6. Орта Азия республикаларының ұлттық-мемлекетттік шеккарасын белгілеу. Қазақ жерлерінің тұтастай Қазақ АКСР құрамына енуі: 1924 жылы
    Бағалау парағы: «Құрдасыңды бағалау»

Жаңа сабақ

Электрондық оқулық көру және талдау

Топтық тапсырма: «Кім көп біледі?» Постер жасау, қорғау

1-топ. Халық шаруашылығын қалпына келтіру

2-топ. Өнеркәсіп салаларының дамуы

Бағалау парағы: «Құрдасыңды бағалау»
Жеке тапсырма: «Өзіңді тексер!» Картамен жұмыс. Өнеркәсіптерді көрсету.

Бағалау парағы: «Құрдасыңды бағалау»
Сабақты бекіту: «Дода» Арнайы сұрақтар
Тұлғалар


  1. «Кіші Қазан» төңкерісін өткізу идеясын насихатттаған, 1925-1933 жылдары билік басында болған: Ф.И. Голощекин

  2. «Голощекиннің ұсынысы «бірден-бір дұрыс саясат» деп жауап қайтарған – И.В. Сталин

  3. «Қазақстан отар болып келді және осылай болып қалады» - деп күйінішпен жазды: С.Сәдуақасов

  4. Қазақ жерін біріктіруде Қазақстан мүддесін жақтаған тұлға: В.И. Ленин

  5. Қазақстанның тұңғыш Стахановшысы Қарағандыдан шахтер: Түсіп Күзембаев

Жылдар

  1. Қазақстан ОАК «Іс қағаздарын Қырғыз (Қазақ) тілінде жүргізу туралы» декрет қабылдады: 1923 ж. қараша

  2. Қай жылдары Алматыдан Семейге дейінгі Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы болды? 1927-1930 ж.ж.

  3. Бірінші бесжылдық: 1928-1932 ж.ж.

  4. Қай жылы «социалистік индустрияландыру бағытын» БК (б) П-ның XIV съезі жарияланды? 1925 ж. желтоқсан

  5. КСРО Ғылым Академиясы көрнекті ғалымдардың қатысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде қай жылдарда жүргізді: 1920 жылдардың соңы-1930 жылдардың басында

Сандар

  1. 1935 ж. жұмысшылар табының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы: 43 %

  2. Қазақстан соғысқа дейінгі жылдары КСРО бойынша қорғасын өңдеуден: 1 орын

  3. Қазақстан соғысқа дейінгі жылдары КСРО бойынша түсті металдарды өңдеуден: 2 орын

  4. Республикамыздың темір жол торабы 50% жуық артты, яғни неше шақырымға жетті?

6581 км

  1. Қазақстан соғысқа дейінгі жылдары КСРО бойынша көмір мен мұнай шығарудан: 3 орын

Бағалау парағы: «Құрдасыңды бағалау»

Кері байланыс/мадақтау «Білім ағашы»

Үй тапсырмасы:



  • Арнайы сұрақтарға жауап беру/126 бет

  • Өз пікірлеріңді жазу «ЖЭС-тың оңды нәтиже бере алмауының себебі не еді?»

Каталог: 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Сабақтардың барлық түрін өткізуде жоғары әдістемелік деңгейін қамтамасыз ету
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет