V. Қосымша ақпарат.
Балалар, Құрманғазы атамыз «Өнерімді алып қалатын ұл болмады- ау» деп налыған кезінде қызда болса жас Дина көңілінен шығып, күйшінің жолын қуып, бүгінгі ұрпаққа қазақ даласының сырын, шерін, тарихын күй өнерімен жеткізді. Сол өлмейтін бай қазақ өнері бүгінде жалғасын тапты, оның дәлелі ретінде ауылымыздан шыққан күй өнерінің майталмандарымен таныс болайық. Сыныбымыздағы Бактыгалиев Абдрахимның атасы Айтжанов Бақтығали аталарыңыз 1973 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық ұлт аспаптар оркестрінің дирижері болды. Өзі шығарған «Қуаныш» атты күйі бар. /күйшінің суреті мен өмірбаянын таныстыру/.
Осы біздің аулымызда дүниеге келіп, сендер отырған партада отырып оқыған, өнер жолын қуған тағы күйші ағаларың бар.
Олар: Кенжеғалиев Асқар, Нұрланов Досым, Қалиев Азамат (слайд арқылы көрсету.)
VІ. Бағалау. Мадақтау.
VІІ. Үйге тапсырмасы: Мәтінді түсініп оқып, түсінігін айту.
«Күйшілерге арнау» жазу.
Сабақты аяқтау.
Достарыңызбен бөлісу: |