Байланысты: 5 сабақ. Халықтық пішім негізіндегі киім үлгісінің бұйымын дайындау. Модельдеу
ВИДЕОСАБАҚ ЖОСПАРЫ
Мұғалімнің аты-жөні:
Солтан Гүлмира
Пән/Сынып:
Көркем еңбек, 8 сынып
Қай аптаның нешінші сабағы
5 апта, 1 сабақ
Тарау немесе бөлім атауы:
Дизайн және технология
Сабақтың тақырыбы:
Халықтық пішім негізіндегі киім үлгісінің бұйымын дайындау. Модельдеу
Оқу мақсаты:
8.2.3.1-Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану
8.2.3.2-Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау
Бағалау критерийі:
модельдеу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;
тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;
қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Күтілетін нәтиже
иықты бұйымды модельдеу ережелерімен танысады;
таңдаған материалдарын, тәжірибелік жұмыста қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
халықтық пішім негізіндегі киім үлгісінің бұйымын модельдейді
Құндылықтарды дарыту
оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
еңбекті құремттеуге тәрбиелеу;
ұқыптылыққа, азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
топта жұмыс жасау арқылы бауырмалдылықа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыстар
Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер. Сызу пәні – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сызықтар мен фигуралар