Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
|
Оқушылар сабаққа дайындығын шыңдап, мұғалімнің көрсетпесімен тақырыпты ашуға тырысады
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
https://twig-bilim.kz/kz/film/the-noble-gases
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
ІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы және оқу мақсаты хабарланады. Сабақтың басында оқушылар 4 топқа бөлінеді.
|
Әрбір топқа ноутбук, тапсырмалар парағы және постер қорғау үшін арнайы плакаттар ұсынылады. Сабақ 2 бөлімнен тұрады.
І БӨЛІМ
1 топ – СІЛТІЛІК МЕТАЛДАР
2 топ – АУЫСПАЛЫ МЕТАЛДАР
3 топ – ГАЛОГЕНДЕР
4 топ – АСЫЛ ГАЗДАР
Топтарға тақырыптарына сай ноутбук арқылы видео ұсынылады. Видеоны көріп талқылап болған соң тапсырмалар парағын орындауға кіріседі.
1 бөлім соңы оқушылардың бір топта орналасқан табиғи ұяластар болып табылатынын және олардың қасиетері ортақ болатынын түсінулері қажет.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
|