Сабақтың ортасы
15 мин.
|
Оқытушы: Ерітіндінің маңызды сипаттамасы – ертіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе концентрация. Ол еріткіштегі еріген заттың салыстырмалы құрамын көрсетеді.
Еріген заттың массалық үлесі - ерітінді массасына еріген зат массасының қатынасы. Массалық үлесі % өлшенеді :
|
W = [m (еріген зат)/m(ерітінді)] x100%, мұндағы
W – еріген заттың массалық үлесі
m (еріген зат) – еріген зат массасы (г, кг)
m (ерітінді) – ерітінді массасы (г, кг)
Ерітінді массасын төмендегі формуламен есептейді:
m(ерітінді)=Vp
m(ерітінді)=m(еріген зат) +m(су)
V – ерітінді көлемі (мл, л, м3)
p – ерітінді тығыздығы(г/мл, г/л, кг/м3 )
|