IV. Сабақты бекіту.
Диалог тарқылы талдау
Оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды:
Хлорды алғаш рет алған кім? (1774ж. Швед химигі К.Шееле)
Физиологиялық ерітінді дегеніміз не? (0.9 %-ті NaCl ерітіндісі)
Хлор қандай заттармен әрекеттеседі?
Хлорид-ионға сапалық реакция қандай?
Тұз қышқылының тұздары қайда қолданылады?
Хлордың қандай уландырғыш қосылыстарын білесің?
Жат жазу
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар.
Хлор ....... периодта, ...... топтың ....... топшасында орналасқан бейметалл. Хлор - .............. түсті, ........ иісті газ. Күн жарығында хлор сутекпен әрекеттесіп, ............... түзеді, оның судағы ерітіндісі ........... .....
деп аталады. Хлордың тұрақты ........ изотопы бар. AgCl тұнбасының түзілуі ...... ионға сапалық реакция болып табылады. Тұз қышқылының тұздары ......... дап аталады. Тамақ өнеркәсібінде ............... қолданылады.
есептер шығару (жеке оқушыларға тапсырма)
Массасы 4,15 г калий хлориді мен натрий хлоридінің қоспасына күкірт қышқылымен әсер еткенде 4,9 г натрий және калий сульфаттары түзілген. Бастапқы алынған және түзілген қоспалардың құрамы қандай?
. Құрамында 89,6 л (қ.ж.) хлор және 5 г сутек бар қоспаны қопарғанда түзілген хлорсутектің көлемі қанша?
Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 3,2 грамға артты. Осы кезде анодқа бөлінген газдың көлемі (қ.ж.) және құрамы қандай?
Натрий бромиді ерітіндісі арқылы 3,36 л хлор(қ.ж.) жібергенде түзіген бромның массасын анықта.
2 моль хлорсутегі және 3 моль марганец(ІV) оксиді әрекеттескенде бөлініп шығатын хлордың көлемі қандай?
. 2 моль хлорсутегі және 3 моль марганец(ІV) оксиді әрекеттескенде бөлініп шығатын хлордың көлемі қанша?
Әскери уландырғыш зат фосгенді COCl2 мына реакция арқылы алады: CO + Cl2 = COCl2. 224 мл хлормен көмір (ІІ) оксиді әрекеттескенде 200 мл фосген алынды (қ.ж). Оның шығымы қанша?
V. Сабақты қорытындылау
Хлор, хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер – әр салада қолданылатын химия өнеркәсібінің маңызды қосылыстары.
VІ. Оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: §8.20; 278 беттегі тапсырмаларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |