Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
|
Ұйымдастыру бөлімі (1мин)
(М) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
Ширату жаттығуы (3мин) «Серпілген сауал» әдісін қолданып мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:
(М) -құбыр суынан қандай иіс шығады?
(О) – хлормен тазаланғандықтан хлор иісі шығады
(М) -ағартқыш сұйықтықты қолданғанда ненің иісі шығады?
(О) – Өзіне тән иісі бар, хлордың иісі шығады
(М) -Тағамның дәмін келтіру үшін нені қолданамыз?
(О) – Ас тұзын қолданамыз
(М) – Адамның асқазанында ас қорытуға не нәрсе көмектеседі?
(О) – Тұз қышқылы
(М) - Сонымен, бүгінгі сабақ не туралы болмақ?
(О) - хлор;
Бүгінгі сабақта қол жеткізуіміз керек мақсатымыз - хлордың химиялық қасиеттерін сипаттау; металдармен, сутекпен, галогенидтермен әрекеттесу реакцияларын білу, яғни, сабақтың соңына дейін осы мақсатта жұмыстанамыз. Баршаңызға сәттілік тілеймін!
(С)Оқушыларды мозайка әдісі арқылы үш топқа біріктіремін. Сәйкес суретке байланысты топтар өз атауларын табады.
(Т) 1-тапсырма (10 мин) Мәтінмен танысып, 1-топ «Денотатты граф» әдісі, 2-топ «РАФТ» әдісі, 3-топ «Тергеу» әдісін қолданып постер құрастырыңыз.
1-топ. Хлордың металдармен әрекеттесуі
2-топ. Хлордың сутегімен әрекеттесуі
3-топ. Хлордың галогенидтермен әрекеттесуі
Бағалау критериі:
1. Реакция теңдеулерін жазады;
2. Реакцияның жүру жағдайларын сипаттайды;
3. Бірнеше мысал келтіреді;
4. Постерді суреттер мен схемалар көмегімен безендіреді.
(Б) Топтар тапсырмаларын қорғап болғаннан кейін бір-біріне «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы кері байланыс жасап, бағалайды.
(М) Оқушылардың жұмыстарын және бағалауларын ескере отырып, кері байланыс жасайды.
(Ж) 2-тапсырма (7 мин) Оқушыларға «Үзілген тізбек» әдісімен жеке тапсырма беріледі.
Тапсырма 1: Хлордың химиялық қасиеттері мен алынуына байланысты берілген реакция теңдеулерін толықтырыңыз және жүру-жүрмеу себебін түсіндіріңіз:
1 ) NaCl (электролиз) → +
2 ) KClO3 + → Cl2 + KCl +
3 ) Fe + Cl2 →
4 ) Cl2 + KBr → +
5) Cl2 + NaF →
6) Cl2 + Н2 →
Дескриптор:
1. Бірінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
2. Екінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
3. Үшінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
4. Төртінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
5. Бесінші реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
6. Алтыншы реакция теңдеуін толықтырып, себебін түсіндіреді;
(Б) Дәптерін көршісімен ауыстырады, интерактивті тақтаға шығарылған дұрыс жауаптармен салыстырып тексереді, «Фигуралар сөйлейді» әдісі арқылы бағалайды. Дескриптордың 1-2 ғана дұрыс болса – үш бұрыш, 3-4 дұрыс болса – төрт бұрыш, 5-6 дұрыс болса жұлдызшаның суретін салып, бағалайды. Содан соң мұғалім ауызша кері байланыс береді.
(ЖЖ) 3-тапсырма (10мин) Хлордың химиялық қасиеттеріне байланысты есептерді шығарыңыз.
1-есеп. Хлордың алыну реакциясының теңдеуін «электрондық баланс» әдісімен теңестіріп, осы реакциядағы хлордың рөлін тотығу-тотықсыздану тұрғысынан түсіндіріңіз:
KMnO4 + HCI = KCI + MnCI2 + CI2 + H2O
Дескриптор:
1.Реакция теңдеуін жазады;
2.Элементтердің тотығу дәрежелерін қояды;
3.Тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді тауып жазады;
4. Қосып алған немесе беріп жіберген электрондарды жазады;
5. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтап жазады;
6. Реакция теңдеуін «электрондық баланс» әдісімен теңестіреді.
2-есеп. Баллонда 30кг сұйық хлор бар. Қалыпты жағдайда хлордың осы массасы қандай көлем алады? [9 сынып оқулығы]
Дескриптор:
1. Есептің берілгенін жазады;
2. Есеп шығаруға қажетті формуланы тауып жазады;
3. Хлордың зат мөлшерін есептейді;
4. Хлордың көлемін есептейді.
5. Есептің жауабын жазады.
(Б) Оқушылар реакция теңдеулері жазылған қағаздар арқылы жұптарға бөлінеді де, жұптағы оқушыларға екі түрлі есеп беріледі. Барлығы есептерін шығарып болған соң, интерактивті тақтада есептердің дұрыс шығарылу жолы көрсетіліп, берілген дескрипторға сай оқушылар өз-өздерін тексереді де, «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерін бағалайды, яғни дескрипторға сай барлық бөлімдер орындалса, оқушы бағдаршам сигналының жасыл түсін, ал алғашқы үшеуін орындаса – сары түсін, ешқайсысын орындай алмаса қызыл түсін көтереді, қате болса есебін өзгертеді де, жұбына түсіндіреді.
(М) Оқушылардың көтерген сигналдық карталарына байланысты ауызша қалыптастырушы бағалау жасайды.
4-тапсырма (5мин) Пликерс парақшаларын қолданып тест тапсырмасын орындаңыз
1) Хлор молекуласындағы байланыс түрі
А) Коваленті полюссіз
В) Иондық
С) Ковалентті полюсті
Д) Металдық
2) Хлорға газына сипаттама
А) Түссіз, жағымды иісі бар, улы емес газ
В) Сары-жасыл түсті, өткір иісті, улы газ
С)Қара түсті, иіссіз, улы емес газ
Д)Түссіз, иіссіз, улы емес газ
3)Өндірісте хлорды бертолле тұзына концентрлі тұз қышқылымен әсер ету арқылы алады деген тұжырым дұрыс па?
А) дұрыс
В) дұрыс емес
4)Мына қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін анықта: Сl2, HCl, KClO3
А) 0, +1, +5
В) 0, -1, +5
С) +1, +3, +5
Д) 0, +3, +5
5) Cl- ионының сыртқы қабатында қанша элестрон бар?
А) 5
В) 7
С) 8
Д) 6
(Б) Мұғалім пликерс бағдарламасы арқылы тапсырманы сол мезетте тексереді де, жіберілген қателерді жетілдіру бағытында «мадақтау» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізеді.
|
Топқа бірігу
Химия оқулығы 9 сынып. Мектеп баспасы. Авторлары: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова
Химия оқулығы 9 сынып. Мектеп баспасы. Авторлары: М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова
Реакция теңдеулері жазылған қағз қиындылары
АКТ
Бағдаршамның жасыл, сары, қызыл түсті сигналдық карталары
Мұғалімнің ұялы телефоны
АКТ
Пликерс парақтары
|