Күні : 25.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Қ.Сегізбай. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қһтабиғатты қорғауға,ондағы аң-құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу .
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптерҚ.Сегізбай портреті,жұмбақ,суреттер.
Кезең
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
192 беттегі Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесін түсініп оқып,мазмұнын айту.
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйiрдi сығамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бiр айналып шығамыз.
Бiр,екi, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Арқар – Азия құрлығында мекен ететін жануардың бірі. Әсіресе, Тянь-Шань, Памир, Алтай тауларында кездеседі. Негізгі қонысы біздің қазақ даласы екен. Кең байтақ даламыздың көптеген бөліктерінде бар. Елімізде оның үш түрі кездеседі. Алғашқысы – Қаратау арқары. Олардың саны өте аз. Жойылуға жақын десек те болады. Тек Қаратауда ғана таралған. Таудың жазықтау жоталарында көзге ұшырасады. Жалпы саны - 100 басқа жуық. Арнайы қорғайтын орындар жоқ. Одан кейінгісі Тянь-Шань тауының қазақстандық бөлігінде жүреді. Үшіншісі Солтүстік Қазақстан өңірін мекен еткен. Арқарлар өздері тіршілік ететін аймақтарға байланысты бөлінеді. Алтай тауының біздің еліміздегі бөліктерінде де арқарлар көзге ұшырасады. Ал елімізде қанша арқар бар дегенге дөп басып айта алмаймыз. Алайда әрі кеткенде 10 мыңнан аса қоймайды
.
Кәдірбек Сегізбай
Жұмбақ жасырамын.
Жақпар тастың өркешiне,
Секiредi құламай.
Қия құздың өр төсiне,
Орғып шығар ол оңай. (Арқар)
Біз бүгін К.Сегізбайдың «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?»
әңгімесімен танысамыз.Әңгімемен таныстыру.
Сұрақ жауаптармен толықтыру.
Атасы немересін қайда апарғысы келді,неге?
Немересі атасына қандай сұрақтар қойды?
Атасы немересіне қандай тапсырма берді?
Қошан жауапты қалай,қайдан іздеді?
Арқардың мүйізі жөнінде әкесі қандай әңгіме айтты?
Қошан арұарды қалай бақылады,нені байқады?
Арқар қайдан,қалай,неге секірді?
Мәтінді оқушыларға оқыту.Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қоямыз.
Арқардың суретін саламыз
Жаңылтпаш жаттайық
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар
«Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» деген сұраққа сандай жауап тапты?
Атасы үлкен мүйіздің арқарға не үшін керек екенін қалай әңгімелеп толықтырды?
Оқушыларды бағалау
194-19. беттегі әңгімені түсініп оқып,мазмұнын айту.
|
Күні : 26.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:А.Сейдімбек.Бетпақдала
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптерАқселеу Сейдімбек портреті,суреттер.
Кезең
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
194-19. беттегі К.Сегізбайұлының «Арқарға үлкен мүйіз неге керек» әңгімесін түсініп оқып,мазмұнын айту.
Балалар, өткен сабағымызда «Бетпақдала» туралы мағлұмат алған болатынбыз.Қане,еске түсірейік.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу аулында 1942 жылы 12 желтосанда дүниеге келген.
Ақселеу Сейдімбектің әңгімелері мен повестері "Ақиық" (1972), "Қыр хикаялары" (1977), "Тауға біткен жалбыз" (1979), "Аққыз" (1981) деген атпен, очерктері "Кеніш" (1979), "Серпер" (1982) дегенатпен жеке кітап болып жарық көреді. "Кеніш" кітабы үшін Қазақстан Журналистер одағының лауреаты болып, бірінші сыйлықпен марапатталады.Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры болып еңбек етті.
Біз бүгін А.Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесімен танысамыз. Әңгімемен таныстыру.
Уақиға қай кезеңде,қай заманда болған екен?
Салқындауға келген хан қандай жағдайға душар болды?
Аулына хан қандай жарлық берді?
Ақылгөй қарт ханға нендей тоқтау айтты, оны хан елемегендіктен неге ұшырады?
Ханның екінші жарлығы не болды,одан кейін табиғат құбылысы қандай өзгеріске ұшырады?
Тышқандар неліктен қаптап кетті?
Бөрілердің көбеюі неден?
Мәтінді мына жоспар бойынша бөлікке бөліп оқимыз.
1.Құнарлы өлке
2.Асқан-тасқан хан.
3.Салқындауға келген хан.
4.Ақылгөй қарт
5.Күтпеген сұмдық
6.Ханның екінші жарлығы
7.Табиғат құбылысы.
8.Нәубет
9.Өрген бөрілер
Мәтіндегі мақал-мәтелдерді тауып дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Жері шүйгін,ғажайып жер ақыры қандай жерге айналды?
Неге ол жер «Бетпақдала» деп аталған?
Табиғаттағы тіршіліктер бір-бірімен қалай байланысты
екен?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау
198-200 бет түсініп оқып,мазмұндау.
|
Күні : 28.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Абай. Жаз.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,А.Құнанбаевтің суреті,жұмбақ,суреттер
Кезең
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәтін
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
198-200 беттегі А.Сейдімбектің «Бетпақдала» әңгімесін түсініп оқып,мазмұндау.
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
Өрік,алма, Астық пісіп,
Шие,алша, Орақ түсіп,
Жидек,жүзім піседі. Қырман дәнге толады.
Қауын,қарбыз, Бөбектерім,
Қияр,сәбіз Айтыңдаршы,
Дүкендерге түседі. Бұл қай кезде болады?
Балалар Абай Құнанбаев кім?
Біз А.Құнанбаевтің табиғат лирикасына байланысты қандай өлеңдерін жаттадық?
Бүгін тағы бір өлеңімен танысамыз.
Өлеңді мәнерлеп жатқа айту.
«Шілде» деген сөзі қалай түсінесіңдер?
Ақын жазғы табиғат туралы не дейді?
Жазда табиғат қандай болады?
Жаз мезгілінде жан-жануарлар,құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады?
Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Дәптерлеріңді ашып «Жаз» мезгілі сендерге несімен ұнайды соны жазыңдар.Жазда сендер не істегілерің келеді?Қайда барғыларың келеді?
Өлеңді ақын қандай сезіммен жазған?
Неліктен?
Өлеңде «Шұрқырап жатқан жылқының,Шалғыннан жон қылтылдап» деген жолдарынан нені аңғаруға болады?
Жаз айларын атаңдар?
Оқушыларды бағалау
203 беттегі «Жаз» өлеңін жаттап келу.
|
Күні: 29.04.2016 ж.
Сыныбы: 3
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатов «Шілде»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды Міржақып Дулатовтың шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтіп,Шілде деген әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
2.Ойлау қабілеттерін,ой-өрістерін, тіл мәдениетін әртүрлі жұмыс формалар арқылы дамыту.
3.Оқушыларды табиғатты аялауға,ластамауға,салт-дәстүрлерді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Типі: Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру.әңгімелеу,сұрақ-жауап,хабарлау,көрнекілік.
Көрнекіліктер: Міржақып Дулатовтың суреті, жаз мезгілін бейнелейтін сурет,кластер.
Кезеңдері
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру
Кіріспе бөлім
Жаңа сабақ
Сергіту сәті
Мәтінмен жұмыс
Сөздік жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсырма
|
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
Балалар,сендерге үйге қандай тапсырма берілген?
(Жаз өлеңін жаттау )
-Қане кім айтқызғысы келеді?
-Балалар,сендер жаттап келген өлеңдерін қандай жыл мезгілі туралы?
-Жаздың неше айы бар,олар қагдай-қандай?
-Иә,дұрыс айтасыңдар! Бізде жаздың 3 айы бар:солардың бірі шілде.Балалар,шілде айындағы ауа райы қандай
-Ендіше,балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбына көшейік. Бүгін біз сабақта Міржақып Дулатовтың «Шілде» деген шығармасымен танысамыз.
-Міржақып Дулатов біз үшін таныс па?
-Ол туралы не білетінімізді есімізге түсірейік.
-Ол үшін барлығымыз дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күнді жазамыз.
-Кластер құруды білемізғой,ендіше ортасына Міржақып Дулатов деп жазамыз.
-Ол туралы не білетінімізді жазамыз.
-Ал,балалар кім оқиды?
-Жарайсыңдар!
-Балалар.біздің білімдерімізді кеңейту үшін мен сендерге оның өмірбаянының қосымша мәліметтерді айтып берейін,ал сендер мұқият тындап,дәптерлеріне жазып аласыңдар.
Міржақып Дулатов
Дулатов Міржақып 1885 жылы,қазіргі Қостанай облысы,Жангелдин ауданында туған. Торғайдың 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген. (1902. 1902-)
1911 жылдары Торғайда ,Қызылжарда мұғалім болды. 1911-1918 жылдары «Қазақ» газетінде қызметкер,1917-1918 жылдары «Алаш» партиясының үкіметі болды.
Дулатов Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып,дамуына зор үлес қосты. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы.(1910).
А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың. И.А.Крыловтың шығармаларын кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған.
-Қане,Міржақып Дулатов туралы не білдік?
-Бәріміз шаршап калған шығармыз
-Ендіше сәл демалып алайық.
-Бәріміз орнымыздан тұрып,менен кейін қайталаймыз.
Шаршадым «Ух» дедім
Өкіндім «Туф» дедім
Ренжідім «Ах» дедім
Қуанып «Во!» дедім.
-Ал,енді балалар,барлығымыз оқулықтың 203 бетін ашып, Шілде деген мәтінді оқимыз.
-Қане балалар,1 қатардан бастап,ретімен оқимыз. Қалғандарымыз мұқият тыңдап,түсініксіз сөздерді белгілеп қоямыз.
-Балалар,мәнтінде түсініксіз сөздер кездесті ма?
Түсініксіз сөздердің мәнін ашу
-Балалар,қазір біз мәтіннің әр бөлігіне ат қоямыз.
-Мәтіннің 3 бөлігі бар:
Басы-Шілде айы
Ортасы –Шілде айының оқиғалары
Аяғы- Күзге дайындық
-Жарайсыңдар,енді осы бөліктер бойынша мәтіннің мазмұнын айтамыз.
-Кім маған айтады,1 бөлікте не туралы айтылған?
-Шілде айында қандай оқиғалар болады?
-Ал мәтіннің 3 бөлігінде не туралы айталған?
-Жарайсыңдар,балалар! Сонымен мәтінді толық айтып шықтық.
-Балалар,шілде айын барлығымз жақсы көреміз.
-Шілде айында жазғы демалыстың қызықты оқиғалары болады.Ендіше,бәріміз дәптерлерімізді ашып,шағын ғана шығарма жазайық.Бірнеше сөйлемнен тұратын «Шілде айында немесе жалпы жазда болған оқиға» деген шығарма,
-Балалар,уақытымыз аяқталды.Қане,кім өз оқиғасымен бөліскісі келеді?
-Өте жақсы! Оқиғаларын шынымен де өте қызықты екен.
-Бүгін сабақта қандай мәтінді оқыдық?
-Ол не туралы?
-Оның авторы кім?
-Міржақып Дулатов туралы не білдік?
-Жарайсыңдар! Ал,енді мен сендердің бағаларынды айтайын.
-Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға 5.
-Балалар,үйге 203 беттегі «Шілде» деген мәтінді оқу,мазмұның айту және мәтіннің мамұны бойынша сурет салу.
-Осымен,біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
-Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін рахмет!
-Сау болыңыздар!
|
Күні : 14.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: С.Мұханов. Шыбынсыз жаз.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,С.Мұхановтың суреті,тақырыпқы байланысты суреттер,жұмбақ.
Кезең
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса,
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
-Балалар,үйге 203 беттегі М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесін оқу,мазмұның айту және мәтіннің мамұны бойынша сурет салу.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын
Ой қозғау
– Ал, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын тыңдаймыз:
Шидім - шидім шидім құс
Ши басына қонған құс
Қарқырауық қара құс
Хан басына қонған құс (Ол не? Шыбын)
Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938).
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Сәбит Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрыңғы аты «Жұмбақ жалау»), «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) шығармалары.
Біз бүгінгі сабағымызда Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесімен танысамыз. Тақырыптың аты ұнап жатыр ма? Ол қандай жаз екен,назар салып тыңдаймыз!
Тақырыптың мазмұнымен таныстыру.
Әңгіме ұнады ма?
Ақын жаз табиғатының суретін неге теңейді?
Өткен сабақта М.Дулатовтың «Шілде» әңгімесімен танысқан болатынбыз. Екі шығармада да жылдың қай мезгілі суреттелген? Оны неден аңғаруға болады?
Екі шығарманың қайсысы бұрынырақ жазылған деп ойлайсыңдар?
Мәтінді оқушыларға оқытып шығу.
Дәптерлеріңе «Жаз» мезгіліне байланысты өлең немесе шағын әңгіме жазыңдар.
Масасыз,шыбынсыз салқын жайлаудың малға қандай пайдасы бар?
Біздің жерімізде сондай «Шыбынсыз жаз» бола ма?
Неге?
Шығарманың авторы кім?
Әңгіме неліктен «Шыбынсыз жаз» деп аталған ?
Сендер өздерің «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды бағалау
204 беттегі мәтінді оқып келу.
|
Күні : 19.04.2016 ж
Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: М.Иманжанов. Таңның атуы.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Мәтінді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,М.Иманжанов суреті,сабақа қажетті суреттер.
Кезең
|
Өту барысы
|
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады.
204 беттегі С.Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» әңгімесін оқып келуге берілген. Сабаққа дайынсыңдар ма?
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
17. Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
Таң атып келе жатқанда нені байқауға болады?
Күн қай жақтан шығады?
Көкжиектің не тұсы бар?
Шығысты кім көрсетеді?
М. Иманжанов. Мұқан Иманжанов Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1916 жылы 20 желтоқсанда туған. Есеп санақ техникумын бітірген. Одан кейін Қазақстан Жазушылар одағы жанында ашылған алты айлық курсты аяқтаған. Кейіннен радио хабарларын тарату жөніндегі редактор
,«Егемен Қазақстан») газетінде қызметкер, бөлім меңгерушісі, қызметтерін атқарды.М.Иманжановтың публицистикалық мақалалары, очерктері мен әңгімелері әрдайым газет-журналдарда жарияланып тұрды. Шығармалары: «Адам туралы аңыз» әңгімелері, «Көк белес» романы, әңгімелер, повесть, пьесалары бар.
Бүгін бізМ.Иманжановтың «Таңның атуы» атты әңгімесімен танысамыз. Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.
Таң атарда шығыс жақ қандай болып көрінеді екен?
Суретке назар саламыз.
Суретте не бейнеленген?
Мәтінге сүйеніп,атып келе жатқан таңды суреттеп өз ойымызды айтамыз.
Мәтінді оқушыларға оқытып шығу.
Шолпан жұлдызы туралы берілген сөйлемді тауып жазыңдар
Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?
Таң атарда жұлжызжар қайтеді?
- Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?
-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?
-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?
-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?
-Қандай пьессалары бар?
-Әңгімелері қай тілде аударылған?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау
205 бет мәтінді түсініп оқып, тақырыпқа байланысты сурет салып келіңдер.
|
Достарыңызбен бөлісу: |