Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Өзен Мақсаты: Білімділік



бет1/3
Дата17.04.2017
өлшемі0,65 Mb.
#14126
түріСабақ
  1   2   3

Сынып: 3
Пән: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Өзен
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,Ы.Алтынсарин суреті,өзен.суреттері,физ.карта


Кезең

Өту барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық


Үй жұмысын тексеру

Сергіту сәтін өткізу

Жаңа сабақты ашу


Жаңа сабақ


Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс

Бекіту

Қорытынды

Бағалау
Үйге тапсрыма



Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?

Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!

Біз бейбіт ел ұланы,

Өнер –білім –қраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.
Қайталау.

Өткен бөліміміз неліктен «Жақсы-ай мен күндей,әлемге бірдей» деп аталған?
Ендi бiз демаламыз,

Айналаны шоламыз.

Қол-аяқты кезекпен,

Оңға-солға созамыз.

Күн шыққанда сүйiнiп,

Бәйшешектей иiлiп,

Бiз тынығып аламыз.

Жиi-жиi жаттығып,

Үлкен кiсi боламыз
Қазақстандағы қандай өзендерді білесіңдер?

Біздің аулымыздағы өзен қалай аталады?

Балалар Ыбырай Алтынсарин кім?

Біз оның қандай өлеңдерін білеміз?
Ыбырай Алтынсарин 1841 — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.

Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген.

1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.  "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды.

Өлеңмен таныстыру. Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

  • Өлең не туралы?

  • Ақын өзенді қалай суреттеген?

  • Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты?

  • Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?

  • Адамдар неліктен суды құрметтейді?


Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Өзеннің суретін салыңдар.
«Тас тастан алтын таста сынамаққа.Сонда да аққан өзен қабында» деген жолдардан не түсіндіңдер?
Судың адам өміріндегі маңызы қандай?

Өзеннің ше?

Өлеңнің мазмұны түсінікті ме?

Мына жұмбақтармен сабақты аяқтаймын.
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау?
176 бет өлеңді жаттау



Күні:05.04.2016 ж.

Сыныбы:3

Пәні:ана тілі

Тақырыбы:Ж.Аймауытов «Торғай»

Мақсаты:

1.Оқушыларға Ж.Аймауытов туралы мәлімет беру. Әңгіменің мазмұнын ұғындыру.

2.Сөздік қорын,ойлауын,елестету қабілеттерін дамыту.

3.Қоршаған ортаны аялай білуге ,адамгершілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгіме.

Түрі:жаңа білімді меңгерту,

Көрнекілік: Ж.Аймауытов суреті,құстардың ағаштардың суреттері.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасы

Сергіту сәті


Жаңа сабаққа

кіріспе


Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Қорытынды
Бағалау

Үйге тапсырма


-Сәлеметсіздерме,балалар!

-Жақсы отырыңдар.

-Ал,енді үйге қандай тапсырма берілді?

Ы.Алтынсаринныің «Өзен» өлеңін жатқа айту.


Жапырақтай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз

Көк аспанда шалықтап,

Құстай ұшып,самғаймыз.

Балалар табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?

Ал,балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ж.Аймауытов «Торғай» әңгімесі.Мен сендерге Ж.Аймауытов жайлы қысқаша түсіндіріп өтемін,сендер мені мұқият тыңдаңдар.

Қазақтың аса көрнекті жазушысы, ғалым,қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы Павлодар облысының Баянауыл өңіріндегі Қызылтау маңында дүниеге келген. Ол 13-14 жасынан қисса, дастан жаттап,өлең шығара бастаған. Әншілік өнері, композиторлық қабілеті де болған. Оның әйгілі

« Ақбілек» деген романы бар. Ж.Аймауытов балаларға арнап ертегілер,әңгімелерге жазған.

Балалар сендер торғайды блесіңдер ма?

Олардың қандай пайдасы бар?



Торғайдың оншақты түрі бар.Біздің елімізге жылы жақтан ең бірінші ұшып келетін осы құс.Оны білмейтіндер кемде-кем.Мектеп оқулықтарында суреті жиі ұшырасады.Біздегі сары тұмсық қара құстың әні де қызық.Кейбір әндердің әуені,иттің үрігені,қарғаның қарқылы,адамның күлкісі-бәрін-бәрін айнытпай салатын да осы торғайлар. Өзі адамға да үйір.

Сүйкімді.Жем беріп,қолға үйретіп алуға да болады.Талай ақындардың жырына,сал-серілердің әніне де арқау болған осы қараторғай,бозторғайлар.


-Мұнда бізге Ж.А-тың «Торғай әңгімесі берілген.

Назар салып тыңдаймыз.Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.

Сұрақ жауаптармен толықтыру.


  • Ж.Аймауытов кім болған?

  • Оның қандай дарыны болды?

  • Торғай неге шырылдады?

  • Ол қандай қалыпта тұр?

  • Торғай Ақбілектің алдында неліктен ағып түсті?

  • Ол неге безек қағып ,жанталасты?

  • Бозторғайға шұқшиған жыланнаң түрі қандай?

  • Бозторғай ажалдан қалай құтылды



Ал,енді оқулығымызды ашамыз.

Мәтінді неше бөлікке бөлуге болады?

Мәтінді бөлікке бөліп оқып, әр бөлікке ат қоямыз.
Балалар,енді дәптерімізді ашамыз бүгінгі ай-күнді жазып қоямыз.

Дәптерге мәтіндеге өздеріңе ұнаған сөз тіркестерін жазып алыңдар.


Ж.Аймауытовтың тағы басқа қандай шығармалары бар?

Ол қайда қаза болды?

Әңгіме неге «Торғай» дер аталған?

Мәтінге тағы қандай ат қояр едіңдер?

Ақбілектің ойына бала кезіндегі қандай әңгіме түсті?

Ақбілек неге қуанды?


Балаларды бағалау.
178 беттегі әңгімені түсініп оқып,мазмұндау.

-Сабақ аяқталды,сау болыңдар!




Күні: 07.04.2016 ж.

Сынып: 3

Пәні: Ана тілі

Тақырыбы: М.Сүндетов.Қайырымдылық

Мақсаты:

1. Оқушыларға әңгіменің мазмұны туралы түсінік беру.

2. Оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында ой-өрісін, түрлі тапсырмалар

арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру.

3. Оқушыларды қайырымдылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақ түрі: дәстүрлі



Әдісі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу,сұрақ–жауап,көрнекілік.

Көрнекілігі: М.Сүндетов суреті, суреттер, сызбалар,үлестірмелі қағаздар.


кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру

кезеңі


Психологиялық дайындық

Үй жұмысын тексеру

Жағдаяттар шешу

Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс

Сергіту сәті


Бекіту

Дәптермен жұмыс
Шығармашылық жұмыс
Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма


Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Бүгінгі сабақты бастамас бұрын мына өлең жолдарын айт

ып шығайық. Мен айтамын сендер менін соңымнан қайталаңдар.
Бізге ашық күн керек

Аспан керек мөп-мөлдір

Қуанышқа тұр бөлеп

Бақытты өмір төккен нұр.

Жеңдіріп біз ашуды

Ақылға әркез келеміз.

Азамат боп ер жетіп,

Ағаларға ереміз.

  • Жарайсыңдар балалар. Орындарымызға отырамыз.

Үйге қандай тапсырма берілді?карточкамен жұмыс:

  1. Торғай әңгімесі кімнің әңгімесі?(Ж.Аймаутов)

  2. Ж.Аймаутов кім болған?

  3. Торғай әңгімесі не туралы?

  4. Торғай не себепті қорқып бір орында тапжылмай тұрды?

  5. Бозторғайға кім көмек берді?

  6. Бозторғай неліктен ащы дауыспен шырылдады?

  7. Ақбілек торғайды аман алып қалу үшін не істеді?

  8. Ақбілек торғайды аман алып қала алды ма?

(Суреттері лініп тұрады.)

1.Мына суретте нені көріп отырмыз?(қызы мен анасы)

2.Ал екінші суретте ше?(2 дос)

3.үшінші суретте ше?(мұғалім мен оқушы)

(балалар ат қояды,талдайды.Әңгімелеп береді)

Автобусқа бала және бір қария кісі кіріп келді. Бала бос тұрған орынға тездетіп отыра қойды. Ал қария кісі орын болмаған соң тұрып тұрды. Бала улкен кісіге орын бермеді?

  • Баланың ісі дұрыс деп ойлайсыңдар ма?

  • Бала қайырымды іс істеді ме?

  • Оқушылар жағдаяттарды талдап әңгімелейді.

  • Қайырымдылық дегеніміз не?

  • Сендер қандай қайырымды істер жасадыңдар?

  • Кімдерге істедіңдер?

  • Сендерге достарың немесе ата-аналарың қайырымды іс істеді ме?

  • Қайырымды адам дегеніміз кім?

  • Демек олардың барлығы қандай адамдар екен?

(қайырымды)

Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қайырымдылық». Кітабымыздың 251-бетін ашамыз.Мәтінге назар аударамыз

  1. Бір оқушыға оқыту.

  • Бұл мәтін кім туралы?

  • Мұхтар қандай бала?

  • Күнде сабаққа барар алдында Мұхтарға анасы не деуші еді?

  • Ол күні Мұхтар неге үйіне кір-қожалақ болып барды?

  • Мұхтардың істегі дұрыс теп ойлайсыңдар ма?

  • Неліктен?

  • Ал қарқ-қарқ күліп ойнап жатқан балалардың ісі ше?

  • Мұхтар кір-қожалақ болып келгенде анасы не деді?

Кішкене сергіп алайық.

Орнымыздан тұрамыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Енді осы мәтіннің астындағы сұрақтарға назар аударай-

ық.

1.Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?

2.Мәтіндегі оқиғаға сүйеніп, «Қайырымдылық деген не?» сұрағына жауап бер. Қайырымдыққа тағы не жатады?
Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Наурыздың3-і.

Мұхтар қандай?(әдепті, қайырымды,қамқор, батыл,ақылды

Таза,ұқыпты тб)

Дәптерімізге өзіміздің істеген қайырымды ісіміз жайлы өзіміздің ойымыздан шағын ғана эссе жазамыз.


  • Бүгін біз сабақта не істедік?

  • Қандай мәтінмен таныстық?

  • Бұл мәтін кім туралы?

  • Мұхтар қандай бала екен?

  • Сендер Мұхтардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  • Қайырымдылық дегеніміз не екен?

  • Сендер қандай қайырымды іс ісдіңдер?

  • Сендерге кімдер қайырымды іс істеді?

Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі сабаққа белсене қатыстыңдаң,барлығыңа жақсы деп бағалаймын.
Үйге 179-180 беттегі М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінін оқып, мазмұндауға дайындалып келеміз.



Күні : 08.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Ә.Қоңыратбаев.Киіктің айласы
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,Ә.Қоңыртаевтің суреті,киіктің суреттері,жұмбақтар.

Кезең

Өту барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық


Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті

Жаңа сабақты ашу

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс


Бекіту


Қорытынды


Бағалау

Үйге тапсрыма


Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?

Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!

Біз бейбіт ел ұланы,

Өнер –білім –ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады.
Үйге 179-180 беттегі М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» мәтінін оқып, мазмұндауға берілген.
Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,

Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
Тақтада сандар берілген. Осы сандарды ретімен қойсаңдар, бүгінгі күнгі жаңа тақырыптың аты шығады.
10 - к
30 - і 20 - и 70 - ң, 80 - а 130 - ы
40 - к 50 - т 60 - і 90 - й 100 - л 110 - а 120 - с
К и і к т і ң а й л а с ы

Әуелбек Қоңырбаев

1905 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген
Әдебиет зерттеуші, сыншы, ғылым докторы,
Педагогикалық оқу орнында қызмет атқарған.
«Сұр көжек», «Ғ. Мұратбаев туралы естелік, «Қозы Көрпеш»жырын. «Қорқыт ата кітабын» қазақ тіліне аударған.
Бүгін Ә.Қоңырбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесімен танысамыз.

Біз дүниетану сабағынан аңдар мен жануарлар туралы олардың қорғаныу тәсілдерімен таныспыз. Әрбір жабайы аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралы немесе айла-тәсілі болады.

Әңгімемен таныстыру.Мазмұнын түсіндіру.

Сұрақтармен пысықтап өту.

  • Киіктер неге жосып жөнелді?

  • Киіктің бір текесі он шақты қасқырды қалайша алдап кетті?

Оқушыларға мәтінді оқыту.

Мәтінге сүйене отырып аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын,айла-тәсілін айтыңдар.

Топтасыру. Киік туралы не білесіңдер,соны жазыңдар.

Баласын құралай дейді
Көзі әдемі, аяқтары жіңішке
Танауы үлкен
Таза су ішеді
Шөппен қоректенеді
Мүйізінен дәрі жасайды
Жауы көп
«Мақал - мәтелдер жалғасын тап» ойыны.
1. Балығы болмаған ---- көл құрысын,
Киігі болмаған ----- шөл құрысын.
2. Тауда жүрген ---- киіктің
Көзінен өзге ----- айыбы жоқ.
3. Қасқырдың ойлағаны ---- арамдық,
Қойдың ойлағаны --------- амандық.
4. Қасқыр тойғанына емес, ------ қырғанына мәз.


Мәтіннің авторы кім

Қасқырлардың қаруы не?
Мәтінде қай мезгіл суреттелген?
Ақбөкеннің сүйенері не?
Ақбөкен қандай үй жануарына ұқсайды?
10. Теке өзінің үйірін қасқырлардан несі арқылы құтқарды?



Оқушыларды мадақтау
181-182 беттегі әңгімені оқып келу.


Күні : 11.04.2016 ж.
Сынып: 3
Пән: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:С.Мұханов.Көкшенің көрнісі
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ашып түсіндіру..
Дамытушылық: Мәтінді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу.
Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,С.Мұқанов суреті,суреттер.


Кезең

Өту барысы

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық


Сергіту сәті

Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу


Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды


Бағалау
Үйге тапсрыма


Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?

Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!

Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі,

Біз бақытты балдырған

Ата-ананың өркені.
Ал, балалар, тұрайық.

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иiлiп

Солға қарай иiлiп

Бiр отырып, бiр тұрып,

Бойымызды созайық

Белiмiздi жазайық.

Оңға-оңға түзу тұр

Солға-солға түзу тұр

Жоғары-төмен қарайық

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Бiр шынығып алайық.
181-1801беттегі Ә.Қоңыратбаевтің «Киіктің айласы» әңгімесін оқып,мазмұнын айту.
Көсілген Көкшетаудың даласынан,

Көк майса сансыз өлке саласынан

Шолақпен тете шыққан Қажымұқан

Оралған көк Есілдің жағасынан.
Сәбит Мұқанов-қазақтың аса көрнекті жазушысы.

Біз бүгін С.Мұқановтың «Көкшенің көрнісі» атты әңгімесімен танысамыз.

Балалар біз Көкше туралы тағы кімнің шығармаларымен таныспыз. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңімен,

Көптеген ақындар,жазушылар Көкшенің кербез сұлу табиғатын барынша ән-жырға қосып жырлаған.

Әңгіменің мазмұнымен таныстыру.

Күмбез кеудесі аспанмен астасып:

-Кел! –

-Күмбезіме шық!-

-Көкке төбеңді тигізейін! –

-Күнге бетіңнен сүйгізейін!- дегендей болды Көкше.
Сұрақ жауаптармен пысықтау.

Жазушы Көкшенің көркін қалай суреттеген?

Неліктен Көкшенің гауһар тастан жасалған күмбезге,аспанға теңейді?
Мәтінді і оқушыларға мәнерлеп оқытып шығу.
Мәтіннен жазушының Көкшеге деген сүйіспеншілігін тауып жазамыз.
Көкшетауда қандай тарихи орындар бар?
Әңгіменің авторы кім?

Әңгіме қалай аталады?

Көкшенің көркін өте көркем етіп тұрған не?
Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау.
183-184 бет әңгімені түсініп оқып,мазмұнын айту.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет