Қазақтар киік деп атайтын, ақбөкен деп жазатын түз тағысы – шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Ауа – райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын кейде ауыстырып отырады.
Олар көктемнің кеш туатынын, қыстың қарлы боранды, суық болатынын алдын-ала болжап біледі, соған сәйкес тіршілік етеді. Киіктер жұп тұяқтылардың ең өсімталы, жылына бір рет лақтап, өсіп – өнеді. Лақтарын – құралай деп атайды. Жыл сайын мамыр айының 19-21 жұлдызы аралығында «Құралайдың салқыны» деп аталатын ауа райының құбылмалы кезеңі өтіп тұрады. Бұл күндері жаңбыр, кейде қар аралас жаңбыр жауып, температура суытады, салқын жел соғады. С.Сейфуллин –Қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері.Ол қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Туған халқының әдебиетін зерттеп,халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинаған. Халқына қалтықсыз қызмет еткен. Ол жалған жаламен ұсталып,дүниеден ерте кетті.
Бүгін біз С.Сефуллиннің «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз.Өлеңмен таныстыру.
Балалар, өлеңнің бастапқы жолдарында айтылатын Арқа, Бетпақдала туралы мәлімет бере кетейін.
Арқа, яғни, Сарыарқа Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына қарай 1200 км өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан. батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер. Бетпақдалада ағын су жоқтың қасы. Бұл күндері аң - құстар мен жануар - жәндіктердің көптеген түрлеріне жайлы мекен. Бетпақтың даласында ширек гектар жер, аң - құс қорығы ретінде қорылады.. Онда елді мекен, өзен, көл де болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім,
Көздері мөлдіреген ақ бөкенді
Адамның баласынан кем көрмедім .
Сұрақ жауаптармен толықтыру.
«Бетпақ» қай жердің даласы?
Бетпақ даланы неге шөл деп атайды?
Киіктер қай жерде мекендейді?
Киікті тағы қалай атайды?
Ақын киіктің сұлулығы туралы не дейді? Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.
Суретпен жұмыс:
Суретке назар саламыз.
Суретте не бейнеленген?
Суреттегі киіктің халі туралы не айтасыңдар?
Сурет сендерде қандай көңіл күй туғызды?
Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіңдер?
Өлеңнен киіктің сұлулығын бейнелейтін жолдарын тауып, дәптерлеріңе жазыңдар. Киіктер неге азайып бара жатыр?
Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етіледі? Оқушыларды мадақтау 185 беттегі С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып,қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинасырып келіңдер.
Күні : 15.04.2016 ж. Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Б.Емельянов.Бүркіт
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу. Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,Б.Емельянов портреті,бүркіттің суреттері.
Кезең
Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс Дәптермен жұмыс Бекіту Қорытынды
Бағалау
Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық! Болашаққа сенеміз,
Бәрін көріп келеміз.
Жақсы оқумен,еңбекпен,
Біздер жауап береміз. 185 беттегі С.Сефуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып,қазақ халқының табиғатты қорғау туралы тыйым сөздерін жинасырып келу тапсырылған. Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз. Аспанда еркін самғайды,
Б.Емельянов орыс жазушысы,композитор.1941 жылы сәуірдің 20-шы жұлдызында Хабарск өлкесінде көпбалалы отбасында дүниеге келеді.Оның әкесі теміржолда паровоз жүргізушісі болып жұмыс істейді.Оның балалық шағы Қазақстанның Көкшетау өңірінде өтеді.Ол бала күнінен музыкаға әуес болып өседі.Қазіргі күнде Москва қаласында жасайды, зейнеткер.
Бүгін орыс жазушысы Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесімен танысамыз.Балалар Бүркіттің білесіңдер ма? Ол қандай құс.
Бүркіт – сұңқар
тәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді.
Бүркіт -Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі , бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.
Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тастарға ұя салады. Бүркіт төрт жасынан бастап ұя сала бастайды.
Әңгімемен таныстыру. Мазмұнын баяндап беру.
Сұрақ жауаптармен пысықтау.
Жолаушылар қайда келді,олар кімдер еді?
Гайдар нені көрді,неге таңырқады?
Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қайдан білді?
Жолаушыларды қарт қайда шақырды?
Оларды қалай күтті?
Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды?
Оларға қандай әңгіме айтты?
Қиын кезде қыран бүркіттің қандай көмегі тиген екен?
Жауыз адамдар бүркітке не істеді?
Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
Мәтінді бөлікке бөліп оқушыларға оқыту.
Мәтіннің әр бөлігіне ат қою. Бүркітті сипаттап жазамыз.Суретін саламыз.
Әңгімеде оқиға қай кезеңде болғпн деп ойлайсыңдар?
Ол кезде қандай қиыншылықтар кездескен еді?
Бүркіттің әрекетімен,жауыз адамдардың әрекеті туралы не айтасыңдар?
Гайдардың «жақсылықты ұмытпауды үйрен» дегенін қалай түсінесіңдер?
Әңгімеден не ұқтыңдар? Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап,мадақтау. 186-188 беттегі мәтінді түсініп оқып,мазмұндау.
Күні : 18.04.2016 ж. Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:И.Байзаков.Алтай аясында
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өлеңнің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Өлеңді түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу. Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,Иса Байзақов суреті, қажетті суреттер.
Кезең
Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру Сергіту сәті
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс Бекіту
Қорытынды
Бағалау Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Көңіл күйлерің қалай? Жақсы дем алып келдіңдер ма?
Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Біз бейбіт ел ұланы,
Өнер –білім –қраны.
Алдымыздан жақсы арман
Күлім қағып тұрады. 186-188 беттегі Б.Емельяновтың «Бүркіт» әңгімесін түсініп оқып, мазмұнын айту. Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ. Алтай тау жүйесі—Азияқұрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр.Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені -Ертіс.Алтай өлкесі аңға бай. Ормандабұғы-маралөсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдарданаю,жабайы шошқа, бұғы,таутеке, қар барысы тіршілік етеді.Бұлғын, қаракүзен,ақкіссияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды.Құстарданмеңіреу құр,шіл,кекілік,тоқылдақ.
Иса Байзақов 1900 жылы 3- қазанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Исаның әкесі Байзақ та, анасы Ғазиза да әнші,сауықшыл,өнерге жақын адамдар болған. 9 жасында шешесі қайтыс болып, әжесі Жанбаланың бауырында өседі. нағашы ағасы рахмет оған домбыра тартып,ән салуды үйретеді. Ол кішкентайынан "Домбырашы бала", "Әнші Иса " атанады. 1924 жылы алғашқы өлеңдері жарияланған. Жазушылар Одағында қызмет етті. Иса әйгілі "Құралай сұлу" дастанын жазған. Балалар Қазақстанда қандай таулар бар?
Бүгін біз И.Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңімен танысамыз.
Өлеңмен таныстыру.
Көргенде көз,көңілдің Алтай емі,
Алтайдың кен аңқиды алған демі.
Жерінен алтын,күміс жентектеліп,
Алтайдың кен құсады талай жері- деген жолдардан не аңғардыңдар?
Ақын Алтай тауының әдемілігі туралы не дейді?
Ол қай шумағында айтылған?
Алтайдың биіктігі туралы не делінген?
Алтай аясында қандай аңдар мен хайуанаттар мекендейді?
Өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.
Өлеңге сүйеніп Алтай тауынан өндірелетін кендерді атаймыз. Өлеңдегі ақын сөздерін пайдаланып,Алтай тауын сипаттап жазыңдар. Өлеңде Алтай тауының биіктігі қалай жырланған?
Таудың табиғатын қалай жырлаған? Өлеңді кім жазған?
Өлеңде қандай тау туралы жырланған? Оқушыларды бағалау 190 беттегі өлеңді түсініп мәнерлеп оқу.
Күні : 21.04.2016 ж Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Көжек. (Ертегі)
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ертегімен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Түсініп мәнерелеп оқу дағдыларын арттыру. Сөз байлығын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,қажетті суреттер.
Кезең
Өту барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Үй жұмысын тексеру
Жаңа сабақты ашу
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Дәптермен жұмыс
Бекіту
Қорытынды
Бағалау Үйге тапсрыма
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сабағымызды мына өлең жолдармен бастайық!
Тату-тәтті достармыз біз,
Ынталы да талапты.
Көп білуге құштармыз біз,
Жақсы оқимыз сабақты. 190 беттегі Иса Байзақовтың «Алтай аясында» өлеңін түсініп мәнерлеп оқып келу.
Сұрақ жауаптармен пысықтап өту.
Балалар сендер ертегінің қандай түрлерін білесіңдер?
Ертегілердің үш түрі бар. Олар:
1. Хайуанаттар туралы ертегілер
2. Қиял – ғажайып ертегілер
3. Шыншыл ертегілер
Балалар туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім-өлең төсегім.
Елінен безген ер оңбас.
Туған жердің жері де көрікті,
Елі де сүйікті.
Балалар сендер ертегіні жақсы өресіңдер ма?
Қандай ертегілерді жақсы көресіңдер?
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына
жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, елесінде ғасырлар бойы
сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің
дәуірімізге жеткен. Әр кезеңдеертегі айтушылар өз
жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып,
жетілдіріліп отырған.
Бүгін біз «Көжек» ертегісімен танысамыз.
Көжек қоянның баласы екенін барлығымыз жақсы білеміз.
Ертегіні тыңдаймыз.
Сұрақ жауаптармен толықтырамыз.
Шаруа қоянның көжегін қайдан тауып алды?
Адам көжекті қайда әкелді?
Үйге әкелген көжекті балалар қалай қызықтайды?
Мазасы кеткен көжек қайда тығылады?
Қайда кетіп қалады?
Мәтіннің соңындағы көжектің сөзін тауып оқып,оның мәнін түсіндіреміз.
Ертегіні тізбектеп оқушыларға оқытып шығу. Тақырыпқа байланысты сурет салыңдар. Көжек жып-жылы үйден неге қашып кетті?
Шаруа оны екінші рет қайдан тауып әкелді? Шаруа көжекті тауып алып не деді?
Көжек шаруаға не деп жауап берді?
Көжектің жауабынан не түйіндеуге болады? Оқушыларды бағалау
191 беттегі ертегіні оқып,мазмұнын айтып беру.
Күні : 22.04.2016 ж Сынып: 3
Пән: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:Б.Соқпақбаев.Қамқорлық.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру.
Дамытушылық: Әңгімені түсініп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға,сүйе білуге тәрбиелеу. Типі: аралас сабақ
Түрі: дәстүрлі
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, мадақтау
Көрнекілігі: кітап, дәптер,Б.Соқпақбаев суреті,суреттер.
Үлгі аламыз жақсыдан. Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
Иiлiп оңға бiр,
Иiлiп солға бiр.
Денемiздi дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап. 191 беттегі ертегіні оқып,мазмұнын айтып беру.
«Көжек» ертегінің қандай түріне жатады?
«Қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіздер(оқушылардың ойы) Толықтыру. Біз бүгінгі сабағымызды халқымыздың дана ұлдарының бірі,балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» атты әнгімесімен танысамыз. Б.Соқпақбаевтың қандай шығармасы сендерге таныс?
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15-қазанда Алматы облысы,Нарынқол ауданы,Қостөбе ауылында туған.Балаларға арналған 20-дан астам әңгіме,роман кітаптарын ұсынды. « Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Шынықсын денеміз»атты еңбектері бар. «Менің атым Қожа»фильмі 1967 жылы Францияда өткен халықаралық балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болды. Ол 1991 жылы дүниеден өтті.
Әңгімемен таныстыру.
Әңгіменің кейіпкерлері кімдер?
Торғай неден шошып кетті?
Балапан қалай аман қалды,
Оған кім себепші болды.
Қожаның әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Мәтінді бөлікке бөліп оқимыз. Әр бөлікке ат қоямыз. Торғай байғұстың жанталасқан халін суреттеп дәптерге жазамыз. Жазушы Жантастың жағымсыз іс-әрекеттерін қалай суреттеген?
Қожаны қандай кейіпкердің қатарына жатқызасыңдар? Әңгіме неліктен «Қамқорлық» деп аталған?
Мәтінге сендер қандай ат қояр едіңдер?
Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
Балапан торғай жазылды ма екен? Сендер қалай ойлайсыңдар? Сабаққа белсенді қатынасқан оқушыларды мадақтау