Сабақтың тақырыбы: Құқық бұзушылыққа жол жоқ!



Дата27.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#170295
түріСабақ
Байланысты:
Тәрбие сағаты -Құқық бұзушылыққа жол жоқ!- 9 -б- сынып


№5 мектеп-лицей


Құқық бұзушылыққа жол жоқ!
Сынып: 9 «Б»
Мұғалімі: Г.Қ. Қадырбек

2017-2018 оқу жылы
Күні: 7.12.17ж
Сабақтың тақырыбы: Құқық бұзушылыққа жол жоқ!
Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптасуы
Міндеттері:
1. Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
2. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау. 3. Жасөспірімнің оқу мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін отбастарына көмек көрсету.
4. Оқушылармен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету. 
Оқушылар шеңбер құрып бүгінгі көңіл күйімізді сұрап және «Құқық бұзушылыққа не себеп болады?» жауап айтады. Оқушылар өз ойларын білдіреді және бүгінгі қозғалатын тақырыпты ашады. (Тақырыпты ашып болған соң оқушылар орнына отырады). Топқа бөлінеді бірінші топ мектеп, екінші топ қоршаған орта, үшінші топ отбасы.
Оқушыларға бейне баян көрсетіледі. Сол бейне баянды топ ішінен талқылайды және пікірталас жүргізеді. Содан кейін топпен бірге кітапхана әдісі бойынша жұмыс жасайды. Топтар құқық бұзушылықтың алдын алу деген тақырыпта кім кінәлі отбасы ма, қоршаған орта ма, мектеп па осыған кітап жасайды. Кітапқы қарама қарсы топтар пікір береді. Одан кейін топ кітаптарын қорғайды.
Жағдаят
Нұрлан мектепте оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.
Сұрақтары:
Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
Класс жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?
Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?
Ойлан тап. (тренинг)

  1. Құқық ---------------------------- А – Еліміздің негізгі заңы.

  2. Конституция -------------------- Б – Мемлекет басшысы

  3. Мемлекет --------------- В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

  4. Азамат --------------------------------------- Г – Тәуелсіздік

  5. Құқық бұзушылық ---------------------- Д – Заңдар жүйесі

  6. Президент ------------------------- Е – Заң шығарушы орган

  7. Парламент ------------------------------ Ж – Заң жүйесін бұзу

  8. Егемендік ------------------------ З – Құқығы бар ел тұрғыны

Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г 

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
Топ ассация жасайды

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:



  • Отбасындағы ақау тәрбие;

  • Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

  • Жұмыссыздық;

  • Баланың бос уақытының шамадан тыс көп болуы;

  • Ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

  • Мінез-құлқының ауытқушылығы;

  • Рухани құлазуы

Міне, тәртіп бұзу содан пайда болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізі – сабаққа үлгере алмаушылық. Кейбір оқушы құрбыларынан сабақта артта қалып қойып, тәртіп бұзуын өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді.


Заң сөздікшесі:
Декларация: тараптар мақұлдаған жалпы принцитер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт
Міндет: адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап
Конституция: конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлектеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси- құқықтық акт.
Мораль: адамның іс-әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т.б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі
Құқық: қоғамдағы адамдардың өзара қарым- қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Кері байланыс
«Бес саусақ»
Қағаз бетіне қолыңызды қойып, саусақтарыңызды айналдыра сызыңыз. Әр саусақтың өзінің мәні бар, солар бойынша өз ойыңызды білдіріңіз:

  • 1. Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызықты болды ......

  • 2. Сұқ саусақ – мен бүгін .......... түсіндім.

  • 3. Ортаңғы саусақ – мен үшін ....... қиын болды.

  • 4. Төртінші саусақ – менің бағам ....... , өйткені...

  • 5. Шынашақ – Мен ............ білгім келеді.

Қорытынды сөз: Шалқар аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция тобының аға участкалық полиция инспекторы, полиция капитаны Н.Сүлейменов сөз сөйледі. Оқушыларды құқық бұзушылықтың алу туралы айтып өтті. Одан кейін мектеп инспекторы Н.Т. Мұхамбетияров қорытынды сөз сөйледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет