Сабақтың тақырыбы І. Есенберлин шығармашылығы, «Қаһар» романы. Жалпы мақсаты



бет4/4
Дата11.01.2022
өлшемі60,5 Kb.
#111311
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Саба?ты? та?ырыбы І. Есенберлин шы?армашылы?ы, «?а?ар» романы. Ж
Саба?ты? та?ырыбы І. Есенберлин шы?армашылы?ы, «?а?ар» романы. Ж, 9ea43252db9cb01bd0aadd89390ae7e45f8662c2578c3 (1), 20.11, рапсписание, Текст к СОЧ-2, 8 каз.кл.
Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақтың кіріспе бөлімінде сыныптың білім деңгейін анықтау мақсатында оқушыларға жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар қою арқылы алдыңғы сабақты сыныптағы 24 оқушының 20 меңгергенін білдім, 4 оқушы сабаққа дайындалмаған. Оқушыларға «Қаһар» романының мазмұнын оқып келу күн ілгері тапсырған едім. Оқушылар Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады.(39-б.Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық) романның мазмұны бойынша өз түсінгендерін топта әңгімелеп айтты. Кейін үш топқа үш түрлі тапсырма бердім. Топтық жұмысты қорғауда Есен Нұржауған мен Тоққожина Нұржаннаттың көшбасшылығын айқын көрінді. А деңгейіндегі тапсырмаларды А+ , -А, А , В деңгейіндегі тапсырмаларды В***,В**, В, С деңгейіндегі тапсырмаларды С*, С**, С ерекшелеп бөлек дайындап әкелдім. Бұл тапсырманы барлық оқушы орындады. Әр тапсырма оқушының когнитивті даму деңгейіне сәйкестендіріп құрылса да орындай алмаған тұстары болды. А деңгейіндегі 3 тапсырманың екеуін орындаған, біреуі ашық қалғаны. Тапсырманың біреуін орындап, екеуін орындай алмаған оқушылар болды. А деңгейіндегі 3 тапсырманы толық орындаған оқушы болған жоқ. В деңгейіндегі тапсырмаларда 5 тапсырманың үшеуін орындап екеуін орындай алмаған, не төртеуін орындап біреуін орындай алмаған оқушылар болды. Жалпы А деңгейіндегі 7 тапсырманың 4 толық орындалды. В,С деңгейіндегі тапсырмалардың барлығын оқушылар орындады. С деңгейлі тапсырмаларды орындауда Есен Нұржауған мен Ғабдолкәрім Асылайдың зияткерлік қабілеттіліктерін көрдім. Қорытынды бөлімде тақырыпқа сәйкес тест тапсырмасын орындаттым. Тестті сынып түгел дұрыс орындады. Кейін жұмыстарын бір-бірімен алмасып, тексерді. Бұл сабақ барысында постер жасау, оқушының білім деңгейіне сәйкестендірілген А,В,С деңгейлі тапсырмаларды орындау, жұппен бір-бірінің жұмысын тексеру жұмыс түрлерін бірінші рет қолдандым.

Сабақты бағалау

Сабақ барысында оқушылардың белсенділік деңгейі жақсы болды. Оқушылар топпен жұмыстанды. Осы жұмыс түрлерін орындату арқылы оқушылардың шығарма мазмұнын толық меңгергенін білдім. Есен Нұржауған мен Ғабдолкәрім Асылайдың көшбасшылық қабілетін топтық жұмысты орындауында байқасам, зияткерлік қабілеттіліктерін С деңгейлі тапсырмаларды толық орындауынан көрдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет