Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин



Дата26.12.2016
өлшемі315,38 Kb.
#5325
түріСабақ

Қостанай облысы

Рудный қаласының №7 орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Жаңабай Анар Ғалымқызы

Күні: 11.02.15 пәні: Әдебиеттік оқу. Сыныбы: 2 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин «Салақтық»
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып,мәтіндегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру

Дамытушылық: Өз ойларын,пікірлерін еркін

айтуға,өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру

Тәрбиелік: Салақтық,ұқыпсыздық сияқты жаман қасиеттерден аулақ болуға үйрету

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ- жауап,әңгімелеу

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті,сөзжұмбақ,тазалық туралы суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

— Оқушылармен амандасу,түгендеу,назарларын сабаққа аудару.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

М.Мақатаев. «Қарттарды сүйем». «Менің атам және әжем» (әңгіме жазу)

-М.Мақатаев кім? Қандай өлеңдерімен таныстық?

-Кім өзінің атасы мен әжесі туралы жазған әңгімесін оқиды?



ІІІ.Сөзжұмбақ шешу

1.Сейфуллиннің аты

2. Қарт

3. Алты ондық



4. Ұлттық ойын

5. Өлеңді кім жазады?

6. … – оттан да ыстық

7. Тышқанның жауы

8. Құс


IV.Жаңа сабақ

-Ерекше белгідегі жолдан қандай сөз шықты?

-Салақтық.

-Ендеше,бүгін біз Ыбырай Алтынсариннің «Салақтық» деген шығармасымен танысамыз.



Алтынсарин Ыбырай( 1841-1889)

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі – Ыбырай болған.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітірді-Ы.Алтынсарин бізді қалай оқуға шақырған?

Хормен: Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

-Ы.Алтынсариннің қандай шығармаларымен таныстық?



V.Топтастыру.Дәптермен жұмыс

— Балалар,мақалдарды белгілі бір тақырып төңірегіне топтастырайық.

1.Туған жер,Отан туралы

2.Еңбек туралы

3.Жақсы,жаман істер туралы

4.Ерлік,батырлық туралы



VI.Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып,мазмұнын түсіндіру,оқушыларға іштей,тізбектей оқытып,түсінгендерін сұрау.



VII.Тапсырма

— Берілген мақал-мәтелдерден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді кім табады?

— «Тазалық – денсаулық кепілі»

VIІІ.Мәтінді талдау.Топ бойынша көріністер көрсету

1.Керімнің улануы

2.Керімнің тазалық сақтамауы

3.Керімнің ауырып қалуы



ІХ.Топпен жұмыс

1 топ.Денсаулық туралы мақалдар жазу

2 топ. «Тазалықты сақтайық!» (әңгіме жазу)

3 топ. 4 жол өлең шығару



Х.Сабақты бекіту

— Жақсы қасиеттерге нелер жатады?

— Жаман қасиеттерге ше?

ХІ.Сабақты қорыту

— Ы.Алтынсарин кім?

— Қандай шығармаларын білесіңдер?

— Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

— «Салақтық» ұғымына қарама-қарсы мәндес сөз,ол қандай сөз?

— Ұқыптылық



ХІІ.Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу. «Ұқыптылық» туралы әңгіме жазу.

ХІІІ. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтап,бағалау.

Ақпаратпен бөлісу:


Каталог: uploads -> doc -> 06c6
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06c6 -> Қош келдіңіздер!
06c6 -> Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысының 2015-2016 оқу жылына арналған жеке жұмыс жоспар ы «Кетебай елді мекені»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет