Сабақтың тақырыбы. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: а Білімділігі



бет5/6
Дата26.06.2018
өлшемі0,66 Mb.
#44862
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

YII. Сабақты қорытындылау.

ҮІІI. Үйге тапсырма: «Қаһар», «Жанталас», «Алмас қылыш» романын толық нұсқасын оқу және кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыра отырып талдау. (Реферат, слайдтар жасау)

ІX.Бағалау.



IV-тоқсан №17 Айы, күні__________________________________

Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаевтың шығармашылық жолы, қазақ поэзиясына қосқан үлесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Мақатаевтың өмірінен мәлімет бере отырып, ақынның қазақ поэзиясына қосқан үлесіне талдау жасау, өлеңнің тақырыбы мен идеясын және ерекшелігін түсіндіру. Ақынның патриоттық, реалистік, романтикалық тақырыптағы өлеңдерінің өжеттілігін, өмірдегі көрген қасіреті және әділетсіздіктерді бетке айтқан ақын екендігін ұғындыру.

Дамытушылық мақсаты: ақын поэзиясындағы өр рухты оқушы бойына қалыптастыру, шығармашылық ізденіске бағыттау және сөйлеу мәнерін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: компьютерлік технология арқылы өткізілген кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.

Пайдаланылатын көрнекіліктер: Мұқағалидің өміріне қатысты суреттер, ақын-жазушылардың Мұқағали шығармашылық жұмыстарына берген анықтамалары, Мұқағалидің сөзінде жазылғын таспадағы өлеңдері, Мұқағали күнделігі және хаттары.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері.

І.Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Жаңа сабақ. Электронды оқулықпен жұмыс.

І бөлім. Мұқағали өмірінен мәліметтер.

  1. Ақын өмірі туралы қысқаша мәліметті оқып, түсінгендерін айтады.

2) Берілген суреттер жайында мағлұматтармен танысады.

Жаңа сабақты Мұқағалидің мына өлеңімен бастаймын.

Көрер едiң,

Шаламын ба, отпын ба,

Бiлер едiң,

Ақынмын ба, жоқпын ба?..

Кектендiрген хан Жәңгiр де жоқ мұнда,

Кектенетiн Махамбет те жоқ мұнда.

Түсiнер ең,

Езбiн бе, әлде ермiн бе.

Байқар едiң,

Артықпын ба, кеммiн бе?..

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенiң өзiң Цезарь болып көрдiң бе?!

Сырым да – осы,

Жырым да- осы,

Алдыңда.

Байқашы бiр,

Бықсыдым ба, жандым ба?

...Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты –

Мұқағали Мақатаев бар мұнда!

1.Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 — 49 жылы ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі “Текес”) ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.

Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.



2. Мұқағалидің сөзінде жазылғын көптеген өлеңдері бар. Ақынның поэзиясындағы өлеңдер халық жадында мәңгі сақталады.

Қорытынды. Мұқағали – ақиық ақын. (Суреттер топтамсын көре отырып, мынадай қорытынды түйін жасалады.)

  • Мұқағали – халқын, Отанын сүйген сүйген патриот ақын. Оның өлеңі – елін тереңнен сүюдің айқын белгісі.

  • * Мұқағали поэзиясы – өзіне тән бедері, айшығы, өр рухы бар поэзия.

  • Мұқағали өлеңдерінің бүгінгі ұрпаққа да, келер ұрпаққа да берер тағылымы мол үлгісі.

Үйге тапсырма. (деңгейлік)

Міндетті деңгей

Мұқағалидің өлеңдерін қарап шығыңыз. Онда өмір шындығы мен әділетсіздік қалай беріледі?



Мүмкіндік деңгей

1. “Мұқағали – ақиық ақын” дегенді қалай түсіндің?

2. Қалаған өлеңдеріңізді жаттап алыңыз.

Шығармашылық деңгей

Алған білімдеріңізді қорытындылап, “Мұқағали – поэзияның падишасы” тақырыбына эссе жаз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет