Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
№2 Ә.Бөекйханов атындағы жалпы орта мектеп
Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі
Аширова Зиягүл Наурызбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Қылмыс неден туындайды?»
Сабақтың мақсаты: білімділік, жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру бойларын жаман әдеттерден аулақ болуға баулу.
Тәрбиелік, адамгершілікке, мейірімге имандылыққа, сонымен қатар қылмыс неден туындайтындығын түсіндіріп, оның алдын-алу шараларын қарастырып, әрбір қылмыстық әрекетке жауапқа тартылатындығын және қылмыстық жауапкершілік деген ұғымды түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға қылмыстың неден туындайтынын және зиянды әсерін айта отырып олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтылық жауапкершіліктерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Плакатқа жазылған нақыл сөздер, сабаққа қатысты қосымша кітаптар, интерактивті тақта, ҚР заңдары
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:
Оқушылар, бүгінгі сабағымыз мектебімізде өтіп жатқан құқық апталығына арналады. Бүгінгі сабағымызды жас ерекшелігінде айырмашылығы бар 9-сынып және 11-сынып оқушыларымен өткізбекпіз. Бүгінгі тақырып аясында, өздеріңе берілген сұрақтарға емін-еркін жауап беріп отырсаңдар.
Сонымен балалар сендерге алғашқы сұрақ, сендердің түсініктерінде тәртіп бұзу дегеніміз не?
Аманкелді Мирас:
- Менің ойымша тәртіп бұзу дегеніміз – сабақта тыныш отырмай, өзгелерге кедергі келтіру, мұғалімге дөрекі сөз қайтару, сабақтан қашу, тағы басқалар, бұл мектепте қатысты тәртіп бұзушылықтар. Ал мектептен тыс жағдайда біреуге өрескел қылық көрсету, біреудің үйінің терезесін сындыру т.б. басқалар мектептен тыс тәртіп бұзушылықтар.
Бегайдарова Гүлнара:
- Мен Мирастың айтқан сөзіне толық қосыламын, сонымен қатар өзімнің мынадай пікірімді білдіргім келеді: тәртіп бұзуға мектеп жасындағы балалар үшін темекі шегу, насыбай ату, бұзақылыққа еліктеушілік, бұларда да тәртіп бұзудың көріністері.
- Балалар, мен ойлаймын сендер осы пікірді қоштайтын шығар деп, ал енді темекінің, арақтың зиянды жақтарына тоқталайықшы. Қане кім айтады?
Дабаралы Үміт:
- Темекі тарту денсаулыққа зиян, никотинге бағыныштылық туғызады. Темекі тарту көптеген ауру және қатерлі аурулардың, оның ішінде өкпенің қатерлі ісігі,эмфизема жән жүрек ауруларына себепші болып табылады. Егер сіз темекі тартсаңыз ауруға шалдығу ықтималдылығы өте жоғары. Темекі тарту Сіздің денсаулығыңызға тікелей әсер етеді. Темекі тартуды тастаған жағдайда, ауруға шалдығу қауіпті айтарлықтай кемиді.
Орынбасар Ажар:
- Темекі құрамында 4000-ға жуық химиялық зат бар, соның бірде-біреуі адам ағзасына пайдалы емес, зиянды. Оның ең зардаптылары – никотин, шайыр, көміртегітотығы, кадий, формальдегиттер, ацетон, бензол және канцерогендік заттар.
Темекі тартқанның қасында отырғандар темекіден едәуір зиян көреді. Отбасында темекі тартқан ата-ана балаларын да уландырады. Әлемде жылына үш миллиондай адам (бір минутқа бес адам) темекіден туындайтын аурулардан көз жұмады.
Әлемдегі бір жыл бойы тартылған темекі тұқымының салмағы 2,52 млн. тоннаға жетеді.
Төребек Әбілқайыр:
Мен ішімдіктің зиянды әсерлеріне тоқталғым келеді:
Арақ ішкен адам ақыл-есінен айырылып, жындыға айналады, елге күлкі болады.
Маскүнемдік ағайын туыс, жақын адамдардың арасына араздық салады.
Арақ адамды арсыздыққа, опасыздыққа, зинақорлыққа жетелеп, абыройынан айырады.
Арақ барша жамандыққа жол ашып, қылмысқа итермелейді.
Кепешбай Нұрсұлтан:
Егер Әбілқайыр ішімдіктің жеке басына қатысты зиянды жақтарын айтса, мен ішкілікке салынған адамның отбасына және қоғамға кері әсерін тигізетінін айтқым келеді. Ондай адамдар қоғам үшін қауіпті.
Мұғалім:
- әңгіме өте қызықты өрбуде, біз тақырыбымызды ашу үшін, қылмыс дегеніміз не? Оның анықтамасына тоқталайық.
Қарымсақ Гүлжанар:
- Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылықтың өрескел көрінісі. Ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын өрескел қылықтар. Қылмыс істеген кезінде 16 жасқа толған адам жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартылады. Кейбір жағдайда өте ауыр қылмыс істеген 14 жастағы қылмыскер де жауапқа тартылады;
- Кісі өлтіргені үшін;
- Қасақана денеге жара салғаны, денсаулығына келтіргені үшін;
- Әйелді зорлағаны үшін;
- Қарақшылық щабуыл жасағаны үшін;
- Тонағаны үшін т.б.
Мұғалім:
Қылмыстық жауапкершілікке адам 14 жастан бастап тартылады екен. Әр бір баланың үйіндегі ата-анасы, мектептегі мұғалімдер менің білуімше адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелейді. Бірақ, қоғамымызда жасөспірімдердің қылмыс жасауы дегенмен тиылып жатқан жоқ. Сонда балалар, жасөспірімдерді қылмысқа қандай жайттар итермелейді.
Үсенбекова Әсел:
Менің пікірімше қылмысқа итермелейтін жәйттер: еліктеушілік, қызғаныш, кері қайтару, қастандық, жетіспеушілік т.б.
Сатыбалды Диана:
Ал менің ойымша сабақтан қашу, нашар оқу, мектептегі жұмыстарға белсенді қатыспау, сонымен қатар қылмыстық іс-әрекетке әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларынан шығады деп ойлаймын. Себебі, қазіргі кезде көп жоғарғы оқу орындары арқылы, ал ол бала өзінің отбасының жағдайын көріп тұр, жоғарғы оқу орнына түспек түгілі күндерін зорға өткізіп отырса, оның оқуына қалай төлейді? Міне, осындай себептер баланы артқа тартады, оның бойында алға ұмтылуға жігер болмайды.
Азилханова Азиза:
Мен бұл пікірге түбірімен қарсымын, себебі қазіргі таңда 11-сыныпты бітіргенде, ұлттық бірыңғай тесті жақсы тапсырса кез-келген жоғарғы оқу орнына есік ашық. Мамандық иесі болып отбасына көмектесуіне болады.
Мұғалім:
Балалар, сендер өз ойларыңды жақсы білдірдіңдер. Енді келесі көріністі тамашалайық көрініс «Кім кінәлі?» деп аталады.
Сүлейменова Айгерім (жүргізуші): Бұл сыныпта 28 оқушы оқиды. Біздің басты кейіпкеріміз Айнұр бұл сыныпта 1-сыныптан бері оқиды, сабақ үлгерімі, белсенділігі жақсы еді. 1-сыныптан бері оқиды, сабақ үлгерімі, белсенділігі жақсы еді. Оның анасының өмірден қайтқанына 2 жыл болды, ал әкесі Мырзабай кейінгі кездері қатты ішкілікке салынып жүр. Айнұрдың сабағы да, мінез-құлқы да күрт өзгерген.
Сабаққа кірген мұғалім:
Қане кім сабақ айтады? Ең соңында қол көтермей отырған қыз сен айта қойшы.
Айнұр: - кеше мектептен кеш қайтып едім, біздің үйде жарық жоқ, кешіріңіз келесі сабаққа дайындалып келейінші.
- О-о-ой, осы сен қыз-ақ бажырайып мына қызыл жемпіріңді тастамайсың аппақ кофтачка киіп жадырап келсең болады ғой, е жарқыратып бір дұрыстап сабақ та айтпайсың. Сендерге негізгі сыныптарың жақсы, тек мына «Кімдер» сияқты болмаса, кім еді аты?
- Ім-мм, Айнұр.
Қоңырау болып балалар сыртқа шықты. Айжан:
- О-о-о, қыздар бүгін балмұздақ жеуге кафеге барайық, кімде қанша ақша бар?
Мұстафа: - Менде 500 теңге бар.
Саттыбек: - Менде 350 теңге бар.
Мәдина: - Мен де 250 теңге бар.
Ұялып, қалтасына қолын қинала салған Айнұр: «Менде 20 теңге бар» деді. Айжан және басқалары оны қоштап, Айнұрды мазақ етіп күліп «20 теңгемен қазір кім қайда барады?» - деп келеке етті.
Мұңайып өкпелеп кетіп бара жатқан Айнұрдың артына бармақшы болған Нұрсұлтанға Айжан:
Үндемеші, кетсе-кете берсінші, киімін қарасай, қасында жүруге де намыстанасың.
Мектептен қапа болып келген Айнұр өзінің сыныптағы ең жақсы досы болған, осыдан 3 жыл бұрын көшіп кеткен Ақерке жан дос қызына хат жазады. («Сәби бақыты»-деген өлеңді қосымша қоюға болады).
Айнұрдың хаты: «Саламатсың ба, Ақерке. Қалай денсаулығың? Сабағың жақсы ма? Жақсы болуына тілектеспін.
Ал енді өзіме келетін болсам жағдайым орташа. Ал ауа-райы болса күн бұлтты, қара тұман басып, күннің қабағы бір ашылмай-ақ қойды. Ал менің көңіл-күйім осы табиғатпен үндес. Сен ауылдан көшіп кеткелі бері менің жан дүниемді түсінетін жан жоқ. Сондықтан да ешкіммен дос болғым да келмейді, сыныптастарды көргімде келмейді. Міне, сабаққа бармағаныма 10 күн болды. Бірде бір сыныптасым іздеп келуге жарамайды, ал сынып жетекшіміз Гулвира апай 2-рет келді, бір-ақ мен терезеден қарап, апайды көргеннен кейін тығылып қалып есікті ашпай отыра бердім. Ал папама менің өмірде барым, жоғым бәрібір сылқиа араққа тойып алып кейде көшеде ұйықтап қалады.
Мен үшін өмір ешқандай мағынасыз, өмірге келгеніме өкінемін, әттеген-ай менің Анашым тірі болса, мен сабақтан қалмай баратын едім, өзгелер сияқты әдемі киінер едім, әкем де ішкілікке салынбас еді ғой.
Кейінгі күндері ұйықтар алдында, өзіммен-өзім сөйлесіп, Анашым, маматайым мені неге ерте тастап кеттің одан да өзіңмен бірге ала кетші,- деп тілеп жатып ұйықтап кетемін. Ал кейде өмірден түңіліп өз-өзіме қол жұмсағым келеді. Өзің барда сенімен сырласып Анашыма деген сағынышымды да әкемнің ішкілікке салынып жүргенінде айтып мұңымды сыртқа шығарып алатын едім. Ал қазір ше? ... Менің жазығым не?!»:
Өзіңнен маған сүйеніш болар хат күтемін.»
Мұғалім:
Ал, енді балалар осы көріністе өздерің байқаған Айнұрдың осынша ма көңіл-күйінің жабырқауына, өмірден түңілуіне не себеп болып тұр. Бұл жағдайды алдын-алуға болатын ба еді?
Орынбасар Ажар:
Менің ше бұл жерде кінәлі сынып жетекшісі. Сынп жетекшісі Айнұрдың көңіл-күйін осындай жағдайға жеткізбеу шараларын жасау керек еді. Яғни сыныптағы болардың оған қарым-қатынасының дұрыс болуын қадағалауы тиіс еді. Қыздар, балалар оған мейіріммен қараулары керек еді.
Мүсілім Ахмет:
Менің пікірімше Айнұрдың анасынан айырылуы – ол тағдыр. Ал мұндай күйде жүруіне бір ғана кінәлі адам – әкесі, оның ішкілікке салынуы, егер әкесі ішкілікке салынбағанда, бәрі де дұрыс болар еді.
Азилханова Азиза:
Бұл жерде әңгіме өмірден жасыған қыз туралы болып тұр, ал оның орында ер бала болса, ол мұндай тығырықтан шығуы ұрлыққа баруы, немесе біреуден, өзінен кіші адамнан ақша тартып алуы мүмкін еді. Бұлардан да басқа оқушылар осы тақырып аясында өздерінің сан-қилы ойларын білдіреді.
Мұғалім:
Сонымен оқушылар, бүгінгі тақырып аясында өте жақсы, тиянақты
өз ойларыңда жақсы білдірдіңдер. Темекінің, арақтың зиянды жақтарын ұғынықты біліп алдыңдар, сонымен қатар мектеп қабырғасында тәртіпсіз болып жүргендер көз-қараста жақсы емес болатынын білдірдіңдер.
Ал қылмыстық іс-әрекет үшін 14 жастан бастап жауап беретіндігімен таныстыңдар. Ендеше, балалар біз қандай өмірді таңдаймыз?
Барлық оқушылар:
Салауатты өмір салтын таңдаймыз!
Мұғалім:
Өте жақсы, алған беттеріңнен қайтпаңдар. Сонымен оқушылар бүгінгі берілетін және қайта қайталанбайтын өмір деп аталатын үлкен жолды жүріп өтіп, артымызға қайырылып қарағанда өкінбейтіндей болайықшы, оның баға жетпес құндылығын, мәнділігін бала жастан біліп өсейікші.
Кенелбаева Дидар:
Жаңа біздің сыныптың оқушылары жғарғы сынып оқушыларының атына сындар айтып жатты. Сол сындарға біздің алдыңғы толқын ағаларымызбен әпкелеріміз ренжімесін деп, ендігі жылы оларды күтіп тұрған біріңғай ұлттық тесті сәттілікпен тапсырып, үлкен үміттері – жоғары оқу орнына түссін және еліміздің жігерлі азаматтары болсын деп Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген өлеңін оқып берейін.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
Көздеріңде от ойнар,
Сөздеріңде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін.
Жас қырандар балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін.
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құранды.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін.
Мен сенемін жастарға,
Алаш отын аспанға.
Шығарар олар бір таңда,
Мен сенемін жастарға!
Достарыңызбен бөлісу: |